24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстан тарихына қатысты жаңа деректер жарыққа шықты

Орталық мемлекеттік архивінің конференц-залында архив қызметкерлері Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірігіп жарыққа шығарған «Национально-освободительное движение казахского народа в конце XVIII – в начале XX веков» атты архив құжаттары мен материалдары жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Жаңа жинақтың ерекшелігі – қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты бұған дейін жарияланбаған, ғылыми айналымда болмаған деректерді қамтуы.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өзара келісімшарты негізінде Орталық мемлекеттік архив қызметкерлері ғалымдармен бірлесе отырып, Ресей архивтерінен қазақ тарихына қатысты құжаттардың көшірмелерін әкелген болатын.

Аталған басылымда қазақ халқының XVIІІ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық көтерілісінің тарихын бейнелейтін архивтік құжаттар көрініс тапқан. Жинақ үш бөлімнен тұрады: Батыс Қазақстандағы 1785-1871 жж. азаттық күресінің барысы, 1837-1847 жж. Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс және 1916 жыл оқиғалары.

Жиналған материалдардың деректері Қазақстан және Ресей Федерациясының архивтерінен алынған. Жинақтағы деректердің басым көпшілігі қазақстандық зеттеушілердің бұған дейін жарияланған еңбектерінде кездеспейді. Мәселен, Орынбор архивінің құжаттарына сәйкес, Кенесарының Бопайдан басқа Балсара деген қарындасы болған.

Тарихшы Рашид Оразовтың айтуынша, 1916 жылы Жетісуда болған көтерілістің зардаптарын жою үшін Ресей Мемлекеттік думасы 11 млн 150 мың рубль бөлген. «Архивте сол ақшаның тағдыры туралы құжаттарға тап болдық. Ол қаржының 6 миллионы орыс елді мекендеріне, 5 миллионы қазақ елді мекендеріне бөлінген. Осы қаражатты бөлу кезінде құрбандықтар да болған» деді Р.Оразов.

Жинақты құрастырушылар қазақ халқы үшін ауыр кезең болған XVIІІ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы тарихты дұрыс әрі біртұтас зерттеу қажет деп санайды. Жинақта барлығы 270 құжат қамтылған. Жинақты құрастырушылар – М.Жылысбаева, Р.Оразов, М.Сатенова және Н.Жетпісбай.

Орталық мемлекеттік архив директоры А.Қарымсақов архив қызметкерлерінің тарихшы ғалымдармен бірлесіп кітап шығаруының жөні бөлек екенін айтты. Бұл шығармашылық байланыс алдағы уақытта жалғасатын болады.

Сондай-ақ, архив директоры 2019 жылы архивке 30 мың құжат қосылғанын және 10 мың құжаттың көшірмесі сатып алынғанын жеткізді. Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербор, Омбы архивтерінен әкелінген құжаттардың көшірмелері арнайы көрмеге қойылған. Сондай-ақ, Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттарды сақтап отырған архивтен еш жерде кездеспейтін түпнұсқа деректерді табуға болады.

Автор: Дина Имамбаева







Просмотров материала: 3 210

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 082 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 905 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 876 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 815 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 796 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 481 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 236 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 263 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 720 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 849 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 989 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 311 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 482 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 392 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 307 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 516 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 461 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 147 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 666 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 190 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930