30 сентября 2020 г.

Мы в соц сетях:



Орденімен озғандар: 330 мың жәрдемақы алатын кавалер министр кім?

13 декабрь 2019, 17:03
Орденімен озғандар: 330 мың жәрдемақы алатын кавалер министр кім?
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – елімізде марапат «жауып», әртүрлі санаттағы адамдардың кеудесіне жаңа бір төсбелгі тағылатын даталардың бірі. Әрине, ұлттық мереке болған соң, өз саласында қажымай еңбек еткен адамға жаңа марапат - жаңа мотивация, жаңа атақ, кейде тіпті, жалақысына тәп-тәуір үстемақы болады. Azattyq Rýhy министрлер кабинетіндегі шенеуніктердің кеудесінде неше медаль, қандай мәртебесі барын жазып, материал ұсынады.

«Маминнің медальдары»

Атақтың да атағы бар демекші, Қазақстандағы марапаттардың арасында жоғары дәрежелі үшін 130 АЕК-тен бастап (қазіргі есеп бойынша – 331 мың 500 теңге), 6 (13 мың 500 теңге) АЕК-ке дейін қосымша үстемақы төленетін ордендер бар. Және Үкіметте осы үстемақылардың бірін алып отырған жалғыз министр жүр. Оның кім екенін материалдың соңына қарай жазамыз. Онымен қоса, бір де бір мемлекеттік марапаты жоқ екі министрдің кім екенін айтамыз.

Премьер-министр Асқар Маминнің осы уақытқа дейін алған атақтарына ақша төленбесе де, ірілі-ұсақты 14 марапаты бар. Олардың сегізі – Қазақстандағы медальдар болса, алтауы – шетелдік. Асқар Мамин «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, «Құрмет» орден мен екінші дәрежелі «Барыс» ордендерінің кавалері. Бұл мемлекеттік дәрежедегі төсбелгілерінен басқа, елорданың 10, 20 жылдарына орай берілетін медальдармен, шетелдік елшіліктердің Достық медалдарымен, және мамандығына орай, «Құрметті теміржолшы», «Құрметті құрлысшы» сияқты төсбелгілері бар.

Орден таққан орынбасарлар

Премьер-министрдің орынбасарлары арасында марапаты көп, жасы да үлкені Бердібек Сапарбаев. Саяси салмағы да ауыры Сапарбаевтың 11 атағы, оның ішінде 5 орден мен, 6 медалі бар. Өмірін мемлекеттік және саяси қызметке арнап келе жатқан ол «Отан», «Парасат», «Құрмет», бірінші дәрежелі «Барыс», «Достық» ордендерімен марапатталған.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смаиловтың алты марапаты бар. Бірақ, ол орденсіз. Тағы бір орынбасар Роман Склярдың 4 төсбелгісі бар.

«Оң кеудемде – он медаль, сол кеудемде – он медаль...»

Министрлердің арасында атақ-дәрежесі ең көп адам – Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев. Оның бас-аяғы 15 орден-медалі бар. 1963 жылы туған Нұрлан Ермбекбаев 2018 жылдан бері қорғаныс министрі лауазымында отыр.

Жиырма медалдың арасында бетке ұстары – «Құрмет» және «Парасат» ордендері. Қалғаны, көбіне әскерилерге берілетін төсбелгілер. Мәселен, «Әскери барлаудың 100 жылдығы», «Ангола. Шиеленіске қатысушы» медалі, жалпы, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің дамуына қосқан үлес үшін берілетін әртүрлі медальдар.

Орденімен озғандар: 330 мың жәрдемақы алатын кавалер министр кім?


Әріптестері Нұрлан Ермбекбаевты медаль жағынан оза алмай отырса да, министрлер кабинетінде тер төгіп жүрген өзге шенеуніктер де медальдан құр алақанбыз дей алмайды. Мәселен,

Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың – 3 ордені, 3 медалі;

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың – 2 ордені, 5 медалі бар;

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың – 2 ордені, 5 медалі;

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың – 1 орден, 6 медалі;

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің – 1 орден, 4 медалі;

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың -1 орден, 1 медалі;

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің – 1 орден, 3 медалі;

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың – 1 ордені;

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің – 6 медалі;

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің – 2 медалі, 2 ордені бар.

Айтпақшы, Үкіметте бір де бір мемлекеттік атағы мен медалі жоқ әлгі екі министр кім десеңіз, бірі – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, екіншісі – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Мемлекеттен жәрдемақы алатын министр

Министрлер кабинетінде әртүрлі қызмет жылдарында саусақпен санарлық қана марапат алған шенеуніктер бар. Ол – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Әділет министрі Марат Бекетаев пен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. Дәурен Абаев пен Марат Бекетаевтың алып отырған медалдары бірдей: «Құрмет», «Парасат» ордендерінің кавалерлері, «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалінің иелері.

Ал, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың медальдар саны аз болса да, сапасы әлдеқайда жоғары. Ол І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің тұтас кавалері, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, І дәрежелі «Қайсар» белгілерімен марапатталған.

ҚР Заңына сәйкес, үш дәрежелі Даңқ орденінің кавалерлеріне, «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» құрмет атағын 130 АЕК арнайы жәрдемақы төленетінін ескерсек, Ерлан Тұрғымбаев министрдің жалақысына қазір қосымша 330 мың теңге жәрдемақы алып жүр.

«Даңқ» иегері «Батыр анадан» 20 есе көп жәрдемақы алады

Жалпы, Қазақстанда жоғары дәрежелі ерекшелік белгілеріне, «Отан» ордені немесе «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденіне лайықты азаматтарды марапаттау туралы ҚР Үкіметімен құрылған ҚР Даңқ кітабында жазу жазылады. Ал, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Отбасы мүшелерімен бірге тұрғын үй шығындарын төлеу үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға жергілікті бюджет есебінен жеңілдіктер белгіленуі мүмкін.

Бұдан өзге, министр Тұрғымбаевта бар үш дәрежелі Даңқ орденінің кавалерлеріне, «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» құрмет атағын 130 АЕК;

үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне - 9 АЕК;

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға - 6 АЕК жәрдемақы төленеді.
Просмотров материала: 1 648

Поделиться материалом


15:33 Учеников школы эвакуировали из-за сообщения о взрывном... 10 Просмотров

15:15 Мужчина отдал мошеннику более 1 млн тенге за... 35 Просмотров

15:12 Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары 12 жылға бас... 36 Просмотров

15:04 Более 200 млн тенге долга по зарплате взыскали с компании в... 44 Просмотров

15:00 Волонтерлік қызмет осы жылмен тоқтамайды – Тоқаев... 50 Просмотров

14:54 Атырауда мектептен 170-ге жуық адам шұғыл эвакуацияланды... 52 Просмотров

14:52 Шесть человек пострадали в ДТП в Актау... 46 Просмотров

14:41 Ақтөбедегі жас ғашықтар: бала шынайы махаббат үшін соттала... 113 Просмотров

14:39 Убийство бизнесмена в Павлодаре: Виновника приговорили к 18... 53 Просмотров

14:30 Министр үкіметте қазақстандықтардың қорқынышы туралы айтты... 52 Просмотров

14:20 Алматинское метро вернулось к докарантинному графику работы... 48 Просмотров

14:13 Қайырымдылық қорларға қаржы түсуін және оның жұмсалуының... 64 Просмотров

14:05 В акимате Атырауской области​​​​​​​ прокомментировали... 53 Просмотров

13:00 В Нур-Султане и пяти областях недостаточно топлива к... 90 Просмотров

12:47 Еліміздің екі өңірінде блок-бекеттер қойылды... 97 Просмотров

12:42 Взрывное устройство ищут в школе в Атырау... 77 Просмотров

12:42 Взрывное устройство ищут в школе в Атырау... 96 Просмотров

12:37 Әйелдің басын таспен ұрған: Алматы облысында тапа-тал түсте... 93 Просмотров

12:30 Экс-замакима Актюбинской области осудили на 12 лет... 87 Просмотров

12:22 Халықтың кредитін кешіру: депутаттар мәселені шешу жолдарын... 86 Просмотров

12:22 Халықтың кредитін кешіру: депутаттар мәселені шешу жолдарын... 97 Просмотров

12:18 Радиофобия мешает устанавливать базовые станции – Багдат... 97 Просмотров

12:14 Қазақстандағы ондаған мың компания мен жеке кәсіпкерлерге... 100 Просмотров

11:59 Озвучена зарплата акима Костаная... 102 Просмотров

11:56 Жаңа салынған үйлерге интернет тарту міндеті заң жүзінде... 104 Просмотров

11:53 700 кг наркотиков пытались перевести через Туркестанскую... 106 Просмотров

11:49 Мемлекеттік грантпен білім алған түлектер 3 жыл жұмыс... 103 Просмотров

11:43 Ответственность за качество образования лежит на самих... 94 Просмотров

11:42 Қазақстанда көмір тапшылығы жоқ – министр... 91 Просмотров

11:32 Жылдың соңына дейін ауыл халқының 99%-ына кең жолақты... 125 Просмотров

11:32 14 пациентов с коронавирусом находятся в крайне тяжелом... 91 Просмотров

11:21 Студентов могут обязать отрабатывать гранты... 99 Просмотров

11:20 Нұр-Сұлтанда жұмысшы құрылыс алаңында құлап, мерт болды... 112 Просмотров

11:12 Қазақстанның оңтүстігінде жылу беру маусымы 15 қазанда... 106 Просмотров

11:09 Бір клубтағы 65 адамның бәрі әкімшілік жауапкершілікке... 92 Просмотров

11:02 5 человек умерли от коронавируса и пневмонии в Казахстане... 90 Просмотров

10:58 Асқар Мамин әкімдерге: Тұтынушыларды жылумен қамтамасыз... 96 Просмотров

10:53 17 млрд тенге должны казахстанцы за коммунальные услуги... 93 Просмотров

10:45 600 тоев и поминок во время карантина выявили в Казахстане... 101 Просмотров

10:45 Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус белгісі бар... 99 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930