19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Плагиат дауы: Жақыпованың ғылыми атағын қайтарып алуға мүмкіндік болмай тұр – министр Аймағамбетов

05 декабрь 2019, 15:00
Плагиат дауы: Жақыпованың ғылыми атағын қайтарып алуға мүмкіндік болмай тұр – министр Аймағамбетов
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұрынғы вице-министр Фатима Жақыпованың диссертациясына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жалпы, бұл диссертация 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қорғалған. Сол уақыттағы барлық талапқа сай деп санаймыз. Сондықтан бүгінде заңнама шеңберінде ол ғылыми атақты қайтарып алуға мүмкіндігіміз болмай тұр", - деді Аймағамбетов сенаттың пленарлық отырысында.

Министр сенаторлардың депуаттық сауалына ауызша жауап беру үшін отырысқа арнайы келді. Өз сөзінде ол бұрынғы вице-министр Фатима Жақыпованың өз еркімен жұмыстан кеткенін де еске салды.

"Енді, жалпы бұл кісіні өздеріңіз білесіздер, өтінішін жазды. Сол өтініштің шеңберінде қазір министрлікте жұмыс істемейді", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Оның айтуынша, биыл Қазақстан алғаш рет плагиатқа қарсы жаңа жүйеге қосылды. Оны әлем бойынша 15 мың үздік университет пайдаланады.

"Енді, барлық курстық жұмыс, диплом мен диссертация осы жүйеден өтетін болады. Ол – бір. Екіншіден, ғылыми жұмыстар жүйеден өтіп қана қоймай, сол жүйеде сақталады. Сөйтіп, бір рет жазылған жұмысты екінші рет қорғауға мүмкіндік болмайды", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Айта кетейік, бұған дейін сенат депутаты Еділ Мамытбеков плагиат төңірегіндегі даудан кейін білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы қызметінен босату мәселесін қозғаған болатын. Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында Мамытбеков білім саласында қордаланған мәселелерді көтерді. Соның бірі - білім және ғылым министрінің орынбасары Фатима Жақыпованың "жалған ғалым" атануы.

"Сіздер білесіздер, бір айдан астам уақыт бойы отандық БАҚ пен шетелдік ұйымдар қазақстандық вице-министрдің плагиатын талқылап жатыр. Қазір әлемде мойындалған екі антиплагиаттық жүйе басқа біреудің ғылыми жұмысын пайдалану фактісін растап отыр. Мұндай жағдайда ведомстволық ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығын пайдаланып, қазақстандық қоғамды жаңылыстыру - мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексін бұзу болып саналады", - деді депутат.

Сенат депутаты "жалған ғалым" деп айыпталған вице-министрдің әлі де өз қызметінде жүргенін айтты.

"Неге әлі күнге дейін кадрлық шешім қабылданған жоқ?", - деді Мамытбеков.

Ертесінде білім және ғылым министрлі вице-министрдің жұмыстан босатылғанын хабарлады.
Просмотров материала: 1 452

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 673 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 495 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 465 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 400 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 383 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 443 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 205 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 230 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 664 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 798 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 727 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 283 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 443 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 433 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 823 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930