29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мүшел жас

04 декабрь 2019, 12:21
Мүшел жас
Жыл қайыру бойынша он екі жыл айналғанда бір мүшел толады. Көне көз қариялар өткен жылдарды есептегенде немесе адам жасын айырғысы келгенде осы мүшелді қолайлы көреді.

Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті есте ұстаған жөн. Яғни, бала 13 жасқа толғанда – бір мүшел деп қайырады да, кейінгілеріне 12 жылдан қосып отырады. Сонда бір мүшел – 13 жас, екі мүшел – 25, үш мүшел – 37, төрт мүшел – 49, бес мүшел – 61, алты мүшел – 73, жеті мүшел – 85, сегіз мүшел – 97 деп кайырып, адам жасын оңай шығарады.

Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл бұрын өткен атышулы бір соғыстың тәсілін үйренбекші болады. Бірақ ол соғыс қай жылы өткенін білмей, әбден шатасады. Сонда қаған өзінің қауымына былай депті: «Біз тарихымызды анықтауда көп жаңылыстық, ал бізден кейінгілер бұдан да жаман жаңылысады. Біз енді жылдарға ат кояйық. Бұл – біздің кейінгіге қалдырған ескерткішіміз болсын», – Іле өзенінің екінші басына ау құрғызып, жабайы хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық береді. Нөкерлер хайуандарды қаумалап үркіте бастайды. Бәрі бірдей өте алмай, он екісі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен, судан өткен тышқан болыпты. Осыдан жыл басы тышқан аталыпты. Одан кейін судан сиыр, сосын барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз өтіпті. Сөйтіп, әрқайсысы бір-бір жылдың атын алыпты.
Осылай, он екі жыл бір айналып шықса, бір мүшел жас, екі айналып шықса, екі мүшел жас деп есептеліпті.

13 жас

Жоғарыдағы мүшел жылдардың әрқайсысының адам өміріне тигізер әсері, ықпалы болады. Алғашқы мүшелде он үш жастағы баланың ересектік шаққа өту кезеңі айқындалады. Бұл кезеңде ер балалардың даусы өзгеріп, сүйегі іріленіп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды. Халқымыз осындай ес тоқтатып, етек жаба бастаған жасты «Он үште – отау иесі» деп дәріптеген. Балаларын отбасылық өмірге баулуды қолға алған. Осындай жеткіншек шағында Ақтамберді жырау:

Жасым жетіп он беске,
Кірер ме екем кең есікке,
Бұғана қатып, бел бекіп.
Ерегіскен дұшпанмен,
Шығар күн туса күреске! – деп талпынса, Алмажан Азаматқызы:

Он төртіме келгенде,
Салиқалы қыз болдым,
Жібектей шашын талдаған.., - деп, бойын күтіп, бойжеткендік шаққа жеткенін аңғартады.

25 жас

Жиырма бес жас – нағыз жігіттік жас деп есептеледі. Бұл кезде бойдағы күш-қуат кемеліне келеді. Тасыған күш-қайратты қайда жұмсарын білмей, жалындап тұратын кез. Бұл дәуренді Жүсіп Баласағұн:

Ең тәтті кез – жігіттіктің шағы да,
Игіліктің о да берген бағы да, – деп дәріптесе, ұлы Абай:

Жастықтың аты арындап,
Тас қияға өрледің, – дейді.

Шал ақын:
Жиырма бес – енді келмес албырт жассың,
Қайратың қиратқандай таудың тасын, – деп тамсана жырына қосқан.

37 жас

Отыз жеті жас – өмірдің жақсы-жаманын, оң-солын танып, ақыл тоқтатып, қырықтың қырқасына көтерілген кез. Бұл уакытты Ж.Баласағұн:
Жас та келіп қырықпенен астасар.
Сол уақытта жігіттік ме қоштасар, – деп, ал Бұкар жырау:

Қырық деген жасыңыз
Ерттеп қойған құр аттай, – деп бедерлесе, Шал ақын:

Қырық та бір жас екен, қырдан астым,
Көңілді тасып жүрген әрең бастым, – деп сабасына келеді.

49 жас

Қырық тоғыз жас – бойдағы күш қайта бастағанымен, кәрілікті әлі мойындамаған, ақыл-ойы нағыз кемеліне келген ердің жасы.
Бұл кезеңді Бұқар жырау:
Елу деген жасыңыз
О да бір көшкен ел екен, - деп толғанса, Шал ақын бұл кезеңді:

Елу де бір жас екен есептеулі,
Есептеп елдің жөнін білсек дейді,
Кешегі жиырма жас қайтып келіп,
Көңілім бұрынғыдай жүрсек дейді, - деп кейіптейді.

61 жас

Алпыс бір жас – даналығы артып, өткеніне сын көзбен қарайтын, тәубеге келетін кезең.
Бұл мезгілді Бұқар жырау:
Алпыс деген жасыңыз
Қайғылы-мұңлы күн екен, - деп мойындаса, Шал ақын:

Алпыстағы жасыңыз
Қоңыр салқын күн екен, - деп бейнелеп барып:

Алпыс жас – бұл бір өткен өмір сәні,
Алпыста бойда қуат тұрмас бәрі, - деген тоқтамға келеді.

73 жас

Бұл мүшелде адам кәрілікті мойындап, бойы еңкіш тартады, аяғы тұсалып, жүріп- тұруы қиындайды. Бұл кезеңді Ж.Баласағұн:
Бұл дүние көздің жауын, нұрын алар,
Жасарып, жас келіндей ырғалар.
Қуантар да, жалған салар сүргінге,
Теріс қарар мәз қып қойып бір күнге, - деп суреттесе, Шал ақын:

Жетпісте жер таянбай тұра алмайсың,
Мойныңды жан-жағыңа бұра алмайсың, - деп күрсінеді.

85 жас

Сексен бес жас. Бұл жаста адам жүріп-тұрудан, ұйқыдан қалады. Бала сияқты өкпелегіш болып, күйбең тірлікке түседі. Бұқар жырау бұл уақытты:
Сексен деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен, - деп тұқыртса, Шал ақын:

Сексенде тұяғыңды серіппейсің,
Селт етіп еш нәрсеге елікпейсің, - деп сынап, мінейді.

97 жас

Тоқсан жеті жас. Бұл мүшелге жеткен адамдардың кейбірі жас баладай жаутаңдап, кауқарсыз болып қалады. Бұл мезгілді Шал ақын:
Тоқсан, сен таман жастың зоры екенсің,
Сүйегің қартайған соң бор екенсің,
Тоқтының баласына әлін келмей,
Балаңның баласына қор екенсің, - деп толғаса, Мәделі Жүсіпқожаұлы:

Тоқсан бес тоқайласып жүз келеді,
Көктем, жаз, кезегімен күз келеді.
Күзден соң қаһарлы қыс сияқты,
Денеңе қызу емес, мұз келеді, - деп түйіндейді.
Иә, бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар. Дегенмен, Алладан сол жасқа жеткізсін деп тілейік.

Дереккөз: bilim-all.kz
Просмотров материала: 1 477

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 554 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 392 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 380 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 318 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 273 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 621 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 220 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 222 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 430 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031