30 марта 2020 г.

Мы в соц сетях:



Нұр-Сұлтанда соғымның бағасы қанша?

18 ноябрь 2019, 10:47
Нұр-Сұлтанда соғымның бағасы қанша?
Аяз түскеннен кейін астаналықтар соғым мәселесіне кірісіп кетті. Биыл жылқының еті сәл қымбаттаған.

Ет неге қымбаттайды?

Ақмола облысының тумасы Талғат Айтмұхамедұлы жылқының етін Қызылту ауылынан тасып жүр. Сол жақта малды бордақылап, астанаға әкеліп сатады. Аптасына бір-екі рет келіп кетеді. Бір келгенде екі-үш малды әкеледі. Осы жолы тай мен байталды алып келген.

"Базар болғасын әртүрлі мал болады ғой. Сондықтан бағасы да әралуан. Мен өзім жылқының келісін 1 800 теңгеден беріп жатырмын. Бұл – көтерме баға. Салмағын өлшейміз де, тұтастай сатамыз. Мәселен, тайлар 320 000-360 000 теңге болса, байталдар 400 000 теңге, тіпті 420 000 теңгеге дейін шығып жатады. Ұтылмаймын десеңіз, таразымен алған дұрыс қой", - деді Айтмұхамедұлы сұхбатында.

Оның айтуынша, сатушылар малдың сыртына қарап, орташа бағасын да қойып жатады. Ондайда етті алған адам ұтылады. Бірақ етті сатып жатқан адам да қателесуі мүмкін.

"Мына жерде көбісі жай көзбен қарап, бағасын айта салады. Бірақ халық таразыға салып, өлшеп алуға үйреніп жатыр. Бағасы салмағына сәйкес келсін деп өлшетіп алады", - деп атап көрсетті ол.

Ал басқа шаруалар етті астанаға жеткізгенше біраз шығын шығаратынын жеткізді. Содан еттің бағасы өсіп отыр.

"Биыл жем қымбаттады. Тоннасына 60 000 – 80 000 теңге сұрайды. Сондықтан мал байлаған тиімсіз болып кетті. Сосын етті қалаға жеткізгенде, зертхананың анықтамасын алып келеміз ғой, ал сауда орталығының әкімшілігі тағы өз зертханасынан өткізуге міндеттейді. Оған қоса, 5-6 келіге "скидка" жаса дейді. Бұның барлығы қып-қызыл ақша ғой. Осыдан кейін ет қалай қымбаттамайды?", - дейді олар.

Саудагерлер не дейді?

Сауда орталығындағы сатушылар да еттің қымбаттағанын сезіп отыр. Олар даладан жылқының етін бір келісі үшін 1 800-1 900 теңгеге алады да, 2 300-2 500 теңгеден сатады.

"Ойбай, масқара қымбаттап кетті. Былтыр арзандау болды. Жыл сайын қымбаттап жатыр ғой. Мысалы, былтыр біз 2 000 теңгеден саттық. Қазір қарасаңыз, 2 300 теңгеден сатып жатқандар да бар. Еттің сапасына қарай сатамыз ғой. Бүгінде етті жеткізетін шаруалар да көп жеңілдік жасамайды. Ет жақсы болса, бағасын түсірмейді. Ал нашарлау болса, 50-100 теңгеге түсіреді", - дейді сатушылар.

Шаруалар жақсы еттің бағасын түсірмегесін, саудагерлер де жеңілдік жасамайды. Үстінен өз ақшасын қосады да, одан төмен түсірмейді.
Мәселен, былтыр жақсы ет 1 700 – 1 800 теңгеден келсе, биыл екі еліге баратын байталдың еті 2 000 – 2 100 теңгеден жеткізіледі.

30 жылдан астам уақыт бойы ет саудасымен айналысып жүрген Жасәділ Ермекбаев астанаға мамыр айында көшіп келген. Оның айтуынша, Қазақстанның барлық жерінде ет қымбат болып тұр.

"Негізі, бізде – Таразда да осындай баға. Бұдан да қымбат. Шығыс жақты білмеймін. Ақтөбе жақта ғана сәл арзан шығар. Жалпы, былтыр ет сәл арзандау болған. Биыл 1-9 мамыр аралығында күрт қымбаттап кетті ғой. Мен ол кезде Таразда болғанмын. Сол кезде астанада да көтерілді", - дейді Ермекбаев.

Оның сөзіне қарағанда, малды бордақылау оңай емес. Оған біраз уақыт кетеді. Ал етке деген сұраныс төмендемейді. Мамыр айында нарықта ет азайып кетті. Сұраныс жоғары болғасын бағасы көтерілді. Содан бері арзандамай келеді.

"Бұл жаққа келіп жатқан еттің басым бөлігі - "шымкентский". Ол жақта Қарабұлақ деген жер бар. Олар малды көп байлайды. Қазақстанның жартысы сол жерден алады. Өзімізде ет аз, тіпті ресейлік ет те жеткізіледі. Ол жақтан қашаннан бері еттей де, тірідей де әкеледі", - деді саудагер.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан
Просмотров материала: 600

Поделиться материалом


15:43 Тегін қонақүй, автобус, сыйақы – Елорда дәрігерлеріне... 20 Просмотров

15:20 Как получить дешевый льготный «сельский кредит»?... 67 Просмотров

15:18 Ұзынағаш ауылы тұрғынынан коронавирус расталды... 44 Просмотров

14:57 Аулада ойнап жүрген баланың ата-анасына айыппұл салынады –... 52 Просмотров

14:37 #АуылФутбол: Бірнеше минуттың ішінде 10000 теңге ұтып ал... 62 Просмотров

14:34 Коронавирус: Қарағанды облысының медицина қызметкерлеріне... 48 Просмотров

14:18 Қала аумағын ерітіндімен өңдеуге күніне 450 адам қатысады... 63 Просмотров

14:02 Коронавирус: Тағы 1 адам Алматы облысында тiркелді... 152 Просмотров

13:45 Выплаты во время ЧП в Нур-Султане: номера телефонов для... 67 Просмотров

13:25 Казахстан может начать поставки средств медицинской защиты... 113 Просмотров

13:19 Дома зараженных COVID-19 в ЗКО закроют на карантин... 102 Просмотров

12:55 Ақмола облысы бүгін сағат 19:00-ден бастап карантин... 81 Просмотров

12:54 Еще один больной коронавирусом выявлен в Алматинской области... 124 Просмотров

12:43 Қызылорда облысының экс-әкімі үй қамауына алынады... 97 Просмотров

12:27 «Бір келі күл 100 теңге»: Павлодар облысында тұрғындар күл... 388 Просмотров

12:26 Турнир #АуылФутбол: Победитель первой недели - Карим... 193 Просмотров

12:18 Карантин в Акмолинской области: обращение акима Ермека... 206 Просмотров

12:10 Қызылордада көліктер мен қоғамдық орындардың жұмысына... 90 Просмотров

12:05 Коронавирус: в Казахстане 293 зараженных... 91 Просмотров

11:59 Алматинцы жарили шашлыки на пр. Аль-Фараби (ВИДЕО)... 276 Просмотров

11:51 Қазақстан Қытай азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режимді... 94 Просмотров

11:35 Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам тiркелді... 360 Просмотров

11:24 Халыққа Джеки Чанның емес, дәрігердің сөзі керек, Біртанов... 84 Просмотров

11:17 Бухгалтер обворовала школу почти на 8 миллионов тенге в... 83 Просмотров

11:04 Сколько масок производит Казахстан?... 103 Просмотров

11:02 Тоқаев ресми құжаттарды тану тәртібі туралы келісімді... 81 Просмотров

11:02 Арестован экс-аким Кызылординской области - суд... 100 Просмотров

10:59 Коронавирус: Казахи должны перестать есть руками... 211 Просмотров

10:53 Со свадьбы - на карантин: заразившаяся коронавирусом... 178 Просмотров

10:47 Билікте де ұрпақ алмасуы тиіс!... 64 Просмотров

10:46 В Караганде подъезд закрыли на замок снаружи из-за... 102 Просмотров

10:33 До семи лет тюрьмы грозит распространителю данных о... 112 Просмотров

10:30 30 наурыздағы коронавирус бойынша әлемдегі жағдай: 33 984... 80 Просмотров

10:26 Казахстан отменил 72-часовой безвизовый режим для граждан... 62 Просмотров

10:12 Бүгін Қазақстанның 6 қаласы карантинге жабылды... 99 Просмотров

09:55 Атырау облысының әкімі карантинге байланысты үндеу жариялады... 87 Просмотров

09:36 Ақтөбелік әйел Facebook-те туыстарымен қоштасып, өзіне өзі... 852 Просмотров

09:23 Еще шесть казахстанских городов закрыты на карантин... 72 Просмотров

09:15 Адамдарда коронавирусқа қарсы иммунитет жоқ - министр... 132 Просмотров

09:02 Коронавирус: Ақтөбе облысында тағы 1 адам тiркелді... 173 Просмотров





Опрос


«    Март 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031