28 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мәнізоров өзіне «тапсырыс» жасалғанына сенімді

Мәнізоров өзіне «тапсырыс» жасалғанына сенімді
Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров Azattyq Rýhy тілшісіне сұхбат беріп, өзінің үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің мән-жайын айтып берді.

Бірінші қылмыстық іс. Ыбыраев пен Баймаханов есімді кәсіпкерлер Бағдат Мәнізоровқа параны жер телімі ретінде бергендерін айтып арызданған. Ол кезде Мәнізоров Алматыда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын басқарған. Алайда, шенеуніктің өзі мұның қып-қызыл жала екенін айтып отыр.

«Мен бұл адамдарды өмірімде екі-ақ рет көргем. Олар мүлдем бейтаныс адамдар, менің қызымның сыныптастары. Қызым былтыр олардан жер телімін сатып алған. Жердің қайда екенін де білмеймін», - дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары.

Екінші қылмыстық іс те Мәнізоровтың осынау басқармадағы қызметімен байланысты.

«Бұл іс те қолдан әзірленген. Бір тұрғын арыз жазып, оның көршісіне менің заңсыз көмектескенімді айтыпты. Көршісі құрылыс нормаларын бұзған көрінеді, мен ешқандай шара қолданбаппын. Сондықтан ҚР Қылмыстық кодексінің 366, 361 және 370-баптары бойынша үстімнен қылмыстық іс қозғауын сұраған. Тергеуде бұл дәлелін таппады. Өйткені, біз 3 жылдан бері жеке секторды тексермейміз. Ал, оған дейін біздің басқарма сол көршісіне қатысты сотқа шағым түсіріп, оны екі рет айыппұлмен жазалаған. Мұны да көрсеттім. Мен ешкімге «қамқорлық» жасамадым», - деді Б.Мәнізоров.

Үшінші қылмыстық іс бюджет қаржысын жымқырды деген себеппен қозғалған.

«1999 жылы Көксу ауданында мен әкім орынбасары қызметін атқарғам. Сол кезде бюджеттен 30 миллион теңге ұрладың деп айыптады. Міне, тіпті осындай да арыз түсті менің үстімнен. Содан кейін Көксу ауданында мен ГЭС құрылтайшысы болдым, марқұм Жанайдар Егімбаев та құрылтайшы болды. Сол екеуміз 30 миллион теңгені бірге жымқырыппыз. Бұл қолдан жасалған іс. Мұндай қылмысқа менің еш қатысым жоқ», - дейді ол.

Бағдат Мәнізоров бұл қылмыстық істердің артында белгілі адамдардың тұруы мүмкін екенін айтады. Қазір ол адамдардың кім екенін анықтап жатырмын дейді әкімнің орынбасары.

«Әзірге нақты кім тапсырыс бергенін білмеймін. Бірақ, қасақана жасалғаны анық. Қазір олардың кім екенін анықтап жатырмыз», - деді Мәнізоров.

Ол сондай-ақ, «Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орнына әрекет етіп жүр» деген сыбысқа да жауап берді.

«Бұл жай ғана өсек, сыбыс. Басқа айтарым жоқ», - деп қысқа қайырды ол.

Шенеунктің айтуынша, қазір аталған қылмыстық істерге қатысты шаралар әлі аяқталмаған. Аяқталғаннан кейін ол өзіне арыз жазғандарға қарсы арыз түсірмек.

«Іс әлі толық жабылған жоқ, бірақ жабылуға жақын қалды. Содан кейін заңгерлермен кеңесіп, маған жала жапқаны үшін сол арызданушылардың өздеріне қарсы арыз түсірем. Олардың екі-үшеуімен сөйлестім, қателескендерін айтып отыр. Менің ойымша тапсырыс болған. Естепріңізде болса, 1 апта-10 күндей маған қарсы ақпараттық шабуыл жүрді, жалған видеолар тарады, үйінде ақша толы, қыздары «хан сарайында» тұрады екен деп әсіресе, ресейлік сайттар ақпараттар жариялады. Оларды да сотқа бермекпін», - дейді Мәнізоров.

Ол сондай-ақ мемлекеттік қызметке келмес бұрын дәулет жиғанын, жыл сайын декларация тапсырып отыратынын айтты.

«Мен 20 жылдан бері мемлекеттік қызметте жүрмін. Депутат та болдым. Бұл салаға босқа келген жоқпын. 1999 жылға дейін бизнеспен айналысып, жағдайымды жасап алғам. Кейін бизнесімді отбасыма тапсырдым. Кәсібімнің бірде-бірі мемлекеттік органдармен байланыспайды. Жыл сайын декларация тапсырып отырамын», - деп ақталды шенеунік.



Еске салайық, Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпарат биыл қыркүйек айының соңында жарияланған болатын. 27 қыркүйекте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов бұл ақпаратты растады. Ал, қараша айының басында Бас прокуратура аталған қылмыстық істі тоқтатылғанын айтып, Мәнізоров жұмысына қайта оралды.
Просмотров материала: 1 271

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 484 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 323 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 311 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 249 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 204 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 610 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 220 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 267 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 419 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 969 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031