18 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Желтоқсан айында электр қуаты қымбаттайды

02 ноябрь 2019, 12:08
Желтоқсан айында электр қуаты қымбаттайды
Электр қуаты желтоқсаннан бастап 6 пайызға қымбаттайды. Ал оны жүгендеуге Табиғи монополияларды реттеу комитетінің шамасы жетпейді. Себебі, бағаның өсуіне газ, көмір, жанармай сияқты комитеттің құзырына кірмейтін отын түрлері әсер етіп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Монополияға қарсы қызмет электр энергиясының өзіндік құнын белгілейтін Энергетика минитрлігі деп, мәселенің басын сол жаққа бұрады. Ал олар бағаны белгілейтін комитет деп, басын даудан арашалағысы келеді. Екі жақ өзара түсінісе алмай жатқанда қымбат тариф тұтынушының қалтасынан өтелмек.

Тариф тақырыбын Елбасы бір жыл бұрын ғана Қауіпсіздік кеңесінде арнайы қарап, министрлерді сынға алған. Артынша монополистер негізсіз тариф арқылы халықтан алған артық миллиондарын кері қайтара бастаған. Енді бағаны көтеру деген әңгіме қайта қылаң берді.

"Энергетика министрлігі сатып алу бағасын бекітеді. Сол жақта 15,7 пайызға көтерілгендіктен, соңғы жаққа оның әсері болады, соңғы бағаға. Желтоқсаннан бастап 6 пайызға әсер етуі мүмкін. Қазақстан бойынша, орташа. Ал өңірлер деңгейінде ол әр түрлі болады", - дейді ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Ыбырайханов.

Электр бағасы нарығына әсер ететін негізгі үш фактор десек, оның бірі – көмір. Көмір бағасы соңғы екі жылда екі еседен де жоғары қымбаттаған. Ол электр қуатының өзіндік құнының шамамен жартысын құрайды.

Одан бөлек, газ бен жанармай да электр бағасын негізгі қалыптастырушылар. Оларды бақылауға комитеттің құзыры жетпейді. Солардың бағасы көтерілгеннен кейін электрдің көтерме саудада бағасы қымбаттайтыны түсінікті.

Ал Энергетика министрлігі не дейді? Олар электрдің өзіндік құнын бекіткенімен, көмір мен газдың бағасын уысында ұстап отырған жоқ.

"Егер газ стансаларын алсақ, газ қымбаттаған жоқ. Ол станциялардың тарифі қымбаттамайды, ал көмір қымбаттады. Сондықтан ол тарифке әсер етеді. Ал оның бағасын қадағалау комитеттің жұмысы. Олар тарифтің қалыптасуы бойынша барлық сатыларын жекежеке қарайды. Сондықтан олар тарифтің өсуін мейлінше азайта алады немесе тіпті өсірмей қояды", - дейді ҚР Энергетика министрлігінің департамент директоры Қайрат Рахымов.

Әзірге Табиғи монополиялар комитеті мен Энергетика министрлігі баға нарығын кім реттейтінін өзара анықтай алмай жатыр. Білдей екі мекеме мәселені бір-біріне сілтеп әлектеніп жүре берсе, бір айдан кейін электр энергиясы ақыры қымбаттайын деп тұр.

Бағаны арзандататын бір мүмкіндік – жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту, яғни жел мен күн энергиясын пайдалану. Бірақ оның қазіргі бүкіл энергия қорындағы үлесі 2,3 пайыз ғана.

Қалғаны негізінен сәт сайын қымбаттап бара жатқан көмірдің күшімен отыр. Ал көмірдің бағасын елімізде ешқандай мемлекеттік орган реттемейді. Яғни, көмір қымбаттаса, тариф те өседі. Сайып келгенде жарық тарифінің өсуі тағы да тұтынушының қалтасына түсейін деп тұр.
Просмотров материала: 1 939

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 527 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 349 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 319 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 254 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 234 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 436 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 199 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 223 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 656 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 788 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 674 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 292 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 371 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 239 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 440 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 390 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 184 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930