27 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шымкенттіктер 16 жастағы депутатты "Амантай қажы-2" деп атап кетті

31 октябрь 2019, 12:20
Шымкенттіктер 16 жастағы депутатты "Амантай қажы-2" деп атап кетті
Үстінен қазақы шапанын тастамайтын шымкенттік Рахат Әбдіманат небәрі 16 жасында халық қалаулысы атанды. Білімді және білікті жастардың басын біріктіретін ұйымға қалай тап болғанын жас депутат Stan.kz сайтына берген сұхбатында әңгімелеп берді.

Рахат өзінің мүмкіндігін біраз салада сынап көрген жас. Атап айтқанда, спорт, дебат, IT технология, ғылымда жеткен жетістіктері аз емес. Ол тек мұнымен шектеліп қалуды жөн көрмеген. 11 сынып оқушысы жақында құрылған Жастар мәслихатына өз кандидатурасын ұснып, үш кезеңде басым дауысқа ие болған.

- Мен сайлауалды бағдарламамда білім мен спортқа көбірек көңіл бөлу қажеттігіне тоқталдым. Қала мектептеріндегі ұйымдарды біріктіру, рухани танымдық дәрістерді ұйымдастыру туралы ой қозғадым. Ал спортқа тоқталсам, биылдан бастап «Қыран» футбол клубының мүшесімін. Ендігі мақсат – мектеп лигаларын дамыту. Жас депутаттарды сайлау әділ өтті деп ойлаймын. Құжат тапсыру барысында қалалық мәслихатының хатшысы Ғ. Ташқараев мырза бізген ашық және жабық түрде сұхбат ұйымдастырды, - дейді ол.

Шымкенттіктер 16 жастағы депутатты "Амантай қажы-2" деп атап кетті


Рахат депутаттық мандатқа қол жеткізген бойда өзінің өзгелерге үлгі боларлық имиджін жасауға кіріскенін айтады. Сөйтіп, қазақы шапан киюді бастаған.

- Бір айдан асты осылай атамның шапанын киіп жүрмін. Бастапқыда бәрі күліп, біразы мазақтады. Бірақ ағаларым жасы үлкен ұстаздарым осылай жүргенімді қолдайды. Жарайсың деп алғысын айтып жатқандары болды. Біздің жастардың түсінігінде қазақы шапандарды қариялар тек той-жиындарда киеді деген түсінік қалыптасқан. Мен сол стереотипті жою үшін осылай киініп алдым. Мұны өзіміздің ұлттық құндылықтарымыздың бірі деп білемін. «Амантай қажы – 2» деп атағандар болды. Бірақ шапанды оған дейінгі хандар мен билеріміз де киді емес пе? Мен сол тектілерден туған бабаларымыздың ізін жалғап, әділдікті ту етіп жүргім келеді, - дейді халық қалаулысы.

Айта кетейік, жуырда еліміздің үшінші мегаполисінде қалалық мәслихаттың жанынан консультативтік ұйым ретінде жастар мәслихаты құрылған болатын.

Жас депутаттарды қала әкімі Ерлан Айтаханов пен мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев құттықтап, алғашқы отырысын өткізді. Бүгінде 29 депутат әртүрлі салалар бойынша сайланған. Олардың өкілеттілік мерзімі 2 жыл.
Просмотров материала: 1 285

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 181 068 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 180 577 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 180 162 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 180 213 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 180 524 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 532 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 662 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 902 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 087 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 243 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 839 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 092 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 453 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 278 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 106 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 365 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 047 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 165 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 167 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 996 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 831 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 102 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 042 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 549 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 076 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 868 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 135 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 503 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 887 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 834 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 894 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 847 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 081 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 218 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031