20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Қара тізімге" ілінгендерге 2,5 проценттік кредит беріле ме?

26 октябрь 2019, 13:32
"Қара тізімге" ілінгендерге 2,5 проценттік кредит беріле ме?
Пилоттық жоба Жамбыл облысында іске асатын болатын болады. Аймақ халқының табысын арттыру үшін 2,5 проценттік кредит беру қарастырылған. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұқбат берген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Аманов пилоттық жобаның тиімділігі жайында айтып берді.

Кредит қандай кәсіпке беріледі

Пилоттық жобаға республикалық бюджеттен жалпы сомасы 7,2 миллиард теңге бөлінеді. Осы ақшаның есебінен халыққа жеңілдетілген кредит беріледі. Соның арқасында ауыл халқының табысы артады деген жоспар бар.

"Біз пилоттық жоба бойынша он ауданда 10 ауылдық округты бекіттік. Дәл осы округтарда жаңа жоба сынақтан өтетін болады. Бұл дегеніміз, жобаға қатысатын ауыл тұрғындары нақты бес бағыт бойынша 2,5 проценттік кредит алып, өз табысын арттыра алады. Соның ішінде мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, кооперацияны құру, сондай-ақ, жеке кәсіпті ашу мен кеңейтуге арналған жобалар бар", - дейді Аманов.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы саласындағы барлық жобаларға кредиттер 2,5 процентпен берілсе, шаштараз, дүкен және тағы басқа осы сыеды кәсіпті ашу үшін ақшаны 5 процентпен алуға болады.

Шаруа қожалықтары қатыса алмайды

Пилоттық жобаға бөлінетін бюджет қаржысы "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы игерілетін болады. Ол үшін корпорацияның жанынан несие беру ұйымы ашылады.

"Біз үйлерді аралап, әрбір тұрғынға пилоттық жобаның тиімділігін түсіндірдік. Енді, олар мал ала ма, егінмен айналыса ма, сол бойынша өтінім беріп жатыр. Бұл жерде бір нәрсені ескеру керек, пилоттық жобаға қосалқы шаруашалықпен айналысатын ауыл тұрғындары ғана қатыса алады. Шаруа қожалықтары өтінім бере алмайды. Өйткені олар үшін ауыл шаруашылықты қолдау қоры, аграрлық несие корпорациясы сияқты ұйымдар мен бағдарламалар бар", - деп атап көрсетті Аманов.

Бұдан бөлек, пилоттық жобаға кооператив мүшелері де қатыса алады. Бірақ әрбір адам кредитті өз атына рәсімдейді.

"Сауын сиыр – 5 бас, қой 50-ге дейін, жылқы -10, ал бордақылауға байланатын бұқа 15 басқа дейін деп, шектеу қойдық. Бұл – әрбір ауылдың тұрғыны алатын көлем. Әйтпесе, ауылда әрбір үй қораға айналып кетеді", - дейді Аманов.

"Қара тізімде" болса да, кредит алады


Кредитті өтеу мерзімі – 5-7 жыл. Ал кепілдікке үйді және тағы басқа мүлікті қоюға болады.

"Пилоттық жоба аясында бағалау коэффиценті – 0,7. Бұл астана мен Алматының ортасындағы үйлерге ғана берілетін коэффицент қой. Негізі, бүгінде ауылдарда үй құнының 30 процентін ғана береді", - деді Аманов.

Оның айтуынша, қазіргі коэффицентпен пилоттық жобаға қатысатын ауылдарда жақсы үйлердің бағасы 10 миллион теңгеге дейін барады. Ал мал шаруашылығы бойынша бір кредиттің орташа сомасы 5 миллион теңге болады деген жоспар бар.

"Кредит алушы кепілге үйін, я болмаса, елде тіркелген ағайын-туыстың кез келген мүлкін қоя алады. Енді, біздің байқағанымыз, ауылда көбісінің құжаты дұрыс емес. Біреудің жағдайы болмады, енді біреу уақытында жасамады. Сондықтан қазір пилоттық жобаға қатысатын әрбір ауылда арнайы мамандар жүр. Олар қажетті құжаттарды рәсімдеп береді", - деді Аманов.

Пилоттық жобаға қатысу үшін бірнеше құжат қажет. Олар – жеке куәлік, кепілге қойылатын мүліктің құжаты, тұрғылықты жері туралы анықтама және банкте қарыздың бар-жоғын растайтын түбіртек. Қайрат Аманов жобаның тағы бір ерекшелігін атап өтті.

"Кредитін жапса да, төлемді уақытында жасамағаны үшін "қара тізімге" ілініп кеткендерге банктер кредит бермейді ғой. Ал пилоттық жоба аясында кредит алуға болады. Қарызы болмаса болды. Төлем жасау жағынан да жеңілдік бар. Кредит алған адам жарты жылдан кейін процентін төлейді, ал жылдың соңында негізгі төлемді жасайды. Бұл - өте тиімді жүйе", - дейді Аманов.

Әрбір отбасының табысы артады

Пилоттық жобаның арқасында келесі жылы Жамбыл облысында 7 мыңнан астам отбасының табысы 104 000 мың теңгеге дейін өседі деген болжам бар. 2021 жылда – 156 000 теңге, ал 2022 жылы жобаға қатысатын әрбір отбасының табысы 200 000 теңгеге дейін артады.

Айта кетейік, бүгінде Жамбыл облысында 1,1 миллион адам тұрады. Олардың ішінде 680 мың адам – ауыл тұрғындары. Жалпы, аймақта халықтың жартысы – 506 мың адам жұмыс істейді. Бірақ 35 проценті – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар. Солардың ішінде 8,3 мың адам нәтижесіз жұмыспен қамтылып отыр. Бұл – республика бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Пилоттық жоба сәтті іске асса, оны облыс бойынша тарату жоспарланған.
Просмотров материала: 1 469

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 794 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 617 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 586 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 521 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 503 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 450 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 210 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 235 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 671 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 803 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 773 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 467 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 294 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 323 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 447 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 474 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 908 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930