29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Апострофты – акутқа ауыстыру бұл ешқандай да креативтілік емес, амалсыздықтан жүзеге асқан шара, - Н.Садықов

Апострофты – акутқа ауыстыру бұл ешқандай да креативтілік емес, амалсыздықтан жүзеге асқан шара, - Н.Садықов
"Шет елдегі іссапардан ұзақтау ұшып келгендіктен, түнде әлеуметтік желіге кірсем, мына хабарды жіберіп жанашыр азаматтар сүйінші сұрап, мүмкін тағы бір әрекет етіп көрерсіздер деген пікір білдіріпті. Біз, латын графикасына көшудің "BaiLatyn" жұмыс тобының мүшелері негізі бұл мәселеге қатысты егер осы акуттық нұсқа қабылданса, дәл осындай тығырыққа тіреліп, бастапқы нүктеге қайта оралатындығымызды айтып, айтарлықтай айтып, шамамыз келген жерге дейін дабыл қаққан адамдармыз.

Бірақ, бұл мәселеге жауапты адамдардың салғырттығын, енжарлығын, немкеттілігін көріп, оның бер жағында атқарушылық мандат тапсырылған тұлғалардың бюджеттен бөлінетін қаржыға қызыл көрген құзғындай үймелеп, бұл мәселеге тек «освоение бюджета» деген ракурста қарайтындығына көз жеткізіп, қолды бір сілтеп кеткенбіз. Жай кетпей, сәуегейлікпен емес, осы мәселемен «шкурный интерес» үшін емес, альтруизммен айналысқан сау ақылмен ұзамай бұлардың мимырт тірлігінің тығырыққа тірелетінін дәп басып айтып, жазып кеткенбіз. Солай болды да!

Біздің бұлай ашына, қатты айтуымызға – міне осы постер түрткі болып отыр. «Арқа тыныш болса егер, арқар ауып несі бар?» - демекші, егер қабылданған латын графикасы дұрыс болатын болса, Президент Қ.Тоқаев неге бұл мәселені сынға алып отыр? Осы мәселемен айналысуға бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, екі жылдай бұрын арнайы құрылған «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы осы уақыт ішінде қандай ОҢ НӘТИЖЕЛІ іс атқарды? Бірден қайталап айтайын, соңғы қабылданған қисық латынды түзету жолындағы әрекеттер жасалды деген варианттар қабылданбайды. Іргетасы дұрыс қаланбаған үйге қандай евроремонт жасасаң да қирап қалатыны сияқты, мынау латынды да жамап-жасқап жетілдіреміз деген де далбаса тірлік.

Егер, жаңа Президенттің жаңа командасы расында бұл мәселеге қатысты расында ОҢ НӘТИЖЕГЕ қол жеткізгісі келсе, бәрін жаңадан бастау керек. Және бұл мәселеде жаңа концепция, жаңашыл принциптер басшылыққа алынып, бұл мәселені «освоение бюджета» көретін, екі жылда еш нәтиже шығара алмағандар мен өткен этикалық өмірі қаржы жымқыру фактісімен былғанғандар, латын графикасын тұтынатын алдыңғы қатарлы батыс тілдерінің бірін қақпайтын шал-шауқандар емес, жаңаша ойлайтын, қазақ тілінің заңдылықтарын ғана емес, латын графикасын сәтті тұтынған елдердің тілін меңгерген жастарға беру керек. Себебі, біз – аталған мәселенің науқас тұстарын дәп басып айтып, диагнозын қоя аламыз. Төменде, осы акутты әліпбиден келетін проблемалардың бір бөлігін ғана келтірейік. Мұны осы әліпби қабылданған күні-ақ (екі жыл бұрын) жазғанбыз. Өзектілігін жоғалтпады:

1) Бағдарламалау тіліндегі проблемалар. Апострофты – акутқа ауыстыру бұл ешқандай да креативтілік емес, амалсыздықтан жүзеге асқан шара. Себебі, бұл «креативті» жобаны ұсынушы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өткізген жұмыс тобының жиынында акуттың (экуит) Unicode кодтау жүйесіндегі нақты орны туралы анықтап түсіндіріп бере алмады. Ал, білгілеріңіз келсе, айтайық, бұл акуттар Unicode кодтау жүйесінде 0-128 аралығындағы негізгі таңбалар орналасқан бірінші бөлікте емес, қосымша екіншісортты бөлікте тұр. Бұл, ІТ саласында айтарлықтай проблемалар тудырады.

2) Бірінші проблемге іле-шала екінші мәселенің басы қылтияды. Google, Yandex секілді іздеу жүйелерін бір ізге келтіру үшін қыруар шығынға батамыз.

3) Банктік жүйе. Бұл үлкен проблема тудырады. Себебі, ҰБ өзге банктермен жасалатын операциялар кезінде Халықаралық стандарттарға сәйкес, классикалық 26 әріптен тұратын латын әліпбиін басшылыққа алады. Қалған апострофты, диакритикалық, акуттік белгілерден тұратын субъект атауларын қабылдамайды. Сонымен қатар, Бекітілген Халықаралық стандарттарға сәйкес, IBAN жүйесінде Қазақстан KZ таңбасымен таңбаланып кеткен.

Оны QZ-ке өзгерту мүмкін емес. Яғни, қарапайым тілмен түсіндіретін болсақ, Кайман аралдарында немесе Қарағандыда ашылған есепшотында қомақты қаражаты бар Қазақстан азаматы, егер, алда-жалда IBAN жүйесінде Қазақстандық шоттар QZ болып таңбаланатын болып өзгере қалса, ол есепшотын пайдалана алмай, басқа шот ашуына тура келеді деген сөз. Біздің жеке азаматтарды айтпағанда, Ұлттық Қордың қаржылары қайда сақталатынын ескерсек, қауіптің қаншалықты деңгейде терең екенін бағамдай беруге болады.

4) Әріп жетіспеу немесе қойыртпақталу проблемасы. Мына нұсқада да дәл алдыңғыдағыдай, классикалық 26 әріптен тұратын Сс, Хх, Ww әріптері әліпбиде мүлдем жоқ. Бұлай болғанда, Coca-Cola, Cadillac, Camry, Corolla секілді сауда маркаларын қалай таңбалап, дыбыстаймыз?.. Oxford, Lexus секілді бренд атаулары мен жалқы есімдерді жазып, атағанда, охуgen секілді химиялық элементтердің жартысынан көбінде кездесетін Хх әрпін қалай таңбалап, электр қуатының өлшемін білдіретін Watt (W) терминін қалай белгілейміз?..

Сосын кирилше Іі мен Ии әріптерінің жаңа нұсқадағы бас әріптері бірдей І болып таңбаланады. Олай болғанда, Инелік-Inelik, Ілгіш–Ilgish, Ине-Ine, Ит-It, Іскер-Isker, Ілім-Ilim, Ішу-Ish'у, Ін-In, т.б секілді сөздер бас әріппен жазылатын жағдайда қалай оқылады? Бұл – балаларымыз тұрмақ, ересектердің өзін шатастыруға әкелмей ме? Қандай заңдылықтарға негізделіп таңбаланды?

5) Терминология проблемасы. Жоғарыда біз сөз еткен төртінші мәселеден, терминдердің халықаралық стандарттарға сәйкес жазылмау проблемасы туындайды. Енді «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қолданылатын computer, calculator, cyber, classic, сentre, certificate, cell, call, case, cabinet деп келетін 5 мыңнан аса терминдер мен web, web site, wash, Water Polo, What’s App деген секілді халықаралық терминдерді ұрпағымызға қалай оқытамыз? Ал, Хerox, xerogram, секілді терминдер мен атауларды ше? «Балам, біздің тіл де, олар да латынша, бірақ біздікі басқаша, олардыкі өзгеше» деп ақталамыз ба? Ал, кейбордтағы бұл 3 әріпті не істейміз? «Баспаймыз!» деп наклейка жапсырып қоямыз ба? «Цифровой Казахстан» деп шауып жүргенде, оның негізгі терминдерін таңбалайтын әріптердің жаңа графикада қолданылмауы – нонсенс!

6) Латынға көшкендегі негізгі мақсаттың аяқасты болуы. Біз о баста, латын графикасына көшкенде, осы тарихи шешімді қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Дүниенің кез келген түкпірінен айналымда бар классикалық 26 әріпті қолданып жаза беретін, ғылыми техникалық прогрестің барлық талаптарына сай келетін, қаржылық-ақпараттық мәселеде ешқандай проблем тудырмайтын, халықаралық терминдерді еш қиындықсыз оқып түсіне алатын графика жасалсын!» деп нақты тапсырма берген болатын.

Нәтижесі қалай болды? Нәтижесі – 30 (!) әріп пен 2 диграфтан тұратын қойыртпақ, шалажансар әліпбиге келіп тірелді. Егер, бүкіл нұсқаларды саралап, бәрін негізге алып, тығырықтан шығар жол таппаған болса, мақұл дейсің ғой! Көрсе де, көпе көрнеу көрмегенсіп, естісе де естімегенсіп тек менікі ғана болсын деген менмендікпен, осы жағдайға әкеліп отыр.

7) «Двойной стандарт». Иә, біз жоғарыда көрсеткен мәселелер осыған алып келеді. Яғни, бізде банк, қаржы, ІТ, терминологияға арналған классикалық 26 әріпке, орыс тілінің транслитерациялық ережесіне негізделген бір әліпби, және жергілікті «абориген» халықты одан әрі сауатсыздандыруға, туған тілінен бездіруге арналған акутты немесе диакритикалық белгілермен тағы бір әліпби болады. Тек, бұл кімге керек?

Құрметті, Ақтоты Раимқұлова ханым! Сіздерді әзірге кеш болмай тұрғанда, мұндай шешілмейтін проблемаларға түгелдей батпай тұрғанда, аздаған уақыт бөліп, біздің Bailatyn тобының осы мәселелерді еш қиындықсыз, шығынсыз, Президент тапсырмасына сай шешудің нақты жолдарын ұсынатын презентациялық жобамызды өздеріңіз (көмекші немесе қоластыңыздағы өкілдеріңіз емес) тыңдап көрулеріңізді сұраймыз. Өз жобамыз аясында кез-келген сұрақтарыңызға жауап беруге даярмыз!".

Нұраддин Садықов, филолог

Дереккөз: facebook
Автор: Нұраддин Садықов -
Просмотров материала: 2 315

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 519 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 358 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 346 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 284 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 239 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 620 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 277 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 429 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031