16 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тұрмыстық және шаруашылық заттардың түсіндірме сөздігі

17 октябрь 2019, 13:15
Тұрмыстық және шаруашылық заттардың түсіндірме сөздігі
Қазақ халқы киіз үйді «қасиетті, киелі қара шаңырағымыз» деп дәріптейді, өйткені ол – мыңдаған жылғы баспанасы, мәдениеті, мақтанышы, табысы әрі тарихи ескерткіші. Мұнда ата-бабамыздың түсінік-түйсігі, ұғымы, танымы, талғамы, өнер тәжірибесінің тұтас үлгісі, көрінісі жатыр. Бір ғана киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер, мәдениет сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туындыны көре аласыз. Киіз үйге байланысты айтылатын, мәдениетімізді бейнелейтін, қазір ұмыт бола бастаған этнографиялық сөздер қаншама десеңізші! Олардың бәрін қазіргі ұрпақ біле бермейді. Киіз үй құрылысы атауларынан қазақ тілінің бай қазынасын танып-білуге болады. Киіз үй негізінен киіз бен ағаштан тұрады. Ол маңызы мен көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінеді.

1. Киіз үй түрлері мен қолданылу ерекшеліктері

Орда – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтан отыратын үй.мұның да бірнеше түрі бар.

Алтын Орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын ханның мәжіліс ордасы.

Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.

Ақ шаңқан – 18 қанат ақ орда, 12 қанат – ел басылар, бай, билер тұратын киіз үйлер.

Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үй.

Ақ үй – 6 қанатты дәулетті адамдар үйі.

Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты орташалар тұратын қарапайым киіз үй.

Қараша үй – кедей үйі.

Отау – жас жұбайлар үйі.

Жолым үй, абылайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.

Күрке, қос – ауылда ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері.

2. Киіз үйдің құрамды бөліктері

Үй құрамы – үй сүйектері, киіздері және арқан баулары.

Үй сүйектері – үйдің ағаштан тұратын бөлшектері.

Киіздері – киізден тұратын бөлшектері.

Арқан-баулары немесе бау-шулары – құр, арқан, бау, жіптен тұратын бөліктері.

Шаңырақ – үйдің бас бөлігі. Ол бірнеше атаудан тұрады:

тоғын – шаңырақтың дөңгелек шеңбері,

күлдіреуіш – түндікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек,

кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш,

қаламдық – уықтың қаламы (басы) кіріп тұратын шаңырақтағы төрт бұрышты тесік.

Уық – шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш.

Қаламы – уықтың шаңырақ қаламдығына сұғылатын ұшы.

Қары – уықтың иініне дейінгі бойы.

Иіні – уықтың иілген (бүгілген) тұсы.

Алақаны – уықтың кереге басына бекітілетін басы.

Уық бау – уықты керегеге байлайтын жіп.

Кереге – үй іргесі мен шеңберін құрайтын негізгі бөлік.

Қанат
– жиналған кереге.

Желі – керегені құрайтын ағаштар.

Ерісі – ағаштардың кереге құрайтын ұзыны.

Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы.

Ыру – уық пен керегеге салынған оюлы сызықтар.

Көз – керегенің тор көздері (тор көз, жел көз).

Азат көз – керегенің көктелмеген жерлері.

Сықырлауық – киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.

Киіз есік – сықырлауықтың сыртынан жабылатын есік.

Маңдайша – екі босағаны жоғарғы жағынан ұстап тұратын берік ағаш.

Табалдырық – екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын ағаш.

Босаға – маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш.

Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп тұратын айналмалы ағаш тиек.

Туырлық – ордада кереге бойын, шағын үйлерде шаңыраққа дейін жабатын киіз.

Үзік – ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабатын туырлық бөлігі.

Дөдеге (үзікті үй) – үй сыртында кереге басы тұсына киізден оюлап жасалған әшекейлі киіз.

Түндік – шаңырақ үстінен жабылатын төртбұрышты киіз.

Түндік бау – түндікті белдеуге байлайтын бау.

Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымын жасайтын өсімдік.

Ақ ши – кереге сыртынан, кейде туырлық сыртынан орай тартылатын тоқыма ши.

Шым ши – ою-өрнекті, жүн оралған, туырлық ішінен тартылатын ши.

Таңғыш құр – үй тіккенде керегелерді бір-біріне қосып байлайтын терме бау.

Басқұр – кереге басы туырлықты тесіп кетпеу үшін үй айнала жүргізілетін (тартылатын) жалпақ оюлы құр.

Желбау – сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні үй шайқалмас үшін оған салмақ байланады.

Балақбау – көшкенде уықтарды қосып байлайтын баулар.

Аяқбау – уыққа сәндік үшін байлайтын түрлі жіптер шоғы.

Есікбау – киіз есіктің бауы.

Тастама – киіз есігін жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байлайтын бау.

Керегенің басы – керегенің жоғарғы жағы.

Керегенің аяғы – керегенің жерге тірелген жағы.

Кереге қап – сырлы кереге қажалмас үшін, әрі көгіне су тимес үшін қапталған киіз.

Жел арқан – дауылды күндері үйді бастыра тартатын арқан.

Күйеу қазық – үй сыртында жел арқан байланатын қазық.

Бақан – шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын, бір жақ басы аша ұзын ағаш.

Жабық – туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы.

Белдеу – жел тұрғанда туырлық көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан.

Бас арқан – үйдің барлық салмағын ұстап тұратын, кереге басын орай маңдайшаға бекітілетін берік арқан.

3. Үй жасаулары

Үй жиһаздары – үй ішіндегі дүние-мүліктердің жалпы атауы.

Адалбақан – киім ілуге арналған ашалы, ою-өрнекті ағаш.

Асадал – ыдыс-аяқ қоятын жәшік.

Әбдіре –зат, киім, бұйым салып қоятын үлкен сандықтың қарапайым түрі.

Сандық – зат салатын оюлы, сырты темірмен қапталған үй мүлкі.

Сандыққап – көшкенде қажалмас үшін киізден жасалған жұмсақ қаптама.

Жағлан – сыртын былғарымен қаптаған сандық түрі.

Жәшік – қақпақпен жабылатын төрт аяқты мүлік.

Қобдиша – сандықтың кішкене түрі.

Жүкаяқ – сандық астына тұратын оюлы төрт аяқты ағаш.

Кебеже –
өрнектеліп жасалған жәшіктің бір түрі.

Төсекағаш – кереует.

Шабадан – ішіне көрпе, жастық, киім, бұйым салатын қалың матадан, киізден оюлап жасалған мүлік.

Кілем – жүннен тоқылатын бұйым.

Тұскиіз – тоқылған, жүннен басылған немесе матадан кестеленген керегеге ілетін кілемше.

Текемет – түрлі түсті, ою-өрнекті түр салып, киізден басылатын төсеніш.

Алаша – өрмекпен тоқылып, қосылатын кілемше.

Шымылдық – ерлі-зайыптылардың жатарда тұсына ұстайтын, ақ матадан тігілген перде.

Көрпе – ішіне жүн, мақта салып, матадан тігілген жамылғы.

Төсек көрпе – адамдар астына төсейтін көрпе.

Көрпеше – бір адам отыратын шағын көрпе.

Сырмақ – киізден сырып жасалатын тұскиіз немесе төсеніш.

Талдырма – жұмсақ төсеніш киіз.

От киіз
– от басына, ошақ қасына төселетін кесек киіз.

Тулақ – босаға жаққа төселетін мал терісі.

Шыпта – ас тұратын жерді қалқалап қоятын ши.

Мамық – құс жүнінен жасалған жатын төсеніш.

Жастық – басқа жастайтын құс жүнінен жасалған мүлік.

Жастық ағаш – жастық астына қоятын ағаш мүлік.

Бөстек – қозы, тоқты терісінен жасалған төсеніш.

Кірсалғыш – жеңіл бұйымдарды салып, кереге басына ілетін, матадан әшекейлеп жасаған бұйым.

Боқша – кітап немесе зат салатын, киізден немесе қалың матадан жасалған дорба.

Жүк – сандық үстіне жиналған төсек-орын.

Жүкжапқыш – жүк үстіне жабатын кестелі жапқыш.

Шатыр – жауыннан, ыстықта күн көзінен қорғанатын жиналмалы баспана.

Бесік – баланы бөлейтін қастерлі мүлік. Оның жастық, мамық, жаялық, тартпа, түбек, шүмек, бесік жапқыш т.б. бөліктері мен бұйымдары болады.

4. Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар

Құрал-саймандар – шаруашылықта қолданылатын еңбек құралдары.

Айыр – шөп үюге, жинауға арналған 3-4 тісті ағаш сапты темір.

Күрек – темірден жасалған ағаш сапты күреу аспабы.

Тоқпақ – қазық қағатын ағаш құрал.

Керме – ат байлайтын керме арқан.

Кетпен – жер қазатын құрал.

Орақ – егін оратын құрал.

Белорақ – шөп, қамыс шабатын құрал.

Арба – жазда көлікке жегетін 2-4 дөңгелекті тасымал құрал.

Шана – қыста көлікке жегетін тасымал құралы.

Күймелі арба, күймелі шана
– адам отыратын жабық арба немесе шана.

Ат шана – жеңіл және әдемілеп жасалған шана.

Мала – шөп, қамыс таситын шананың бір түрі.

Қорап – шыбықтан тоқылған шанаға салып зат т.б. таситын құрал.

Мосы – шәйнек іліп отқа қоятын үш аяқты мүлік.

Темірошақ – қазан асатын үш аяқты темір мүлік.

Жерошақ – жерден қазылып, қазан асатын орын.

Диірмен – ұн тартатын тас құрал.

Еркек тас
– диірменнің астыңғы беті.

Ұрғашы тас – диірменнің үстіңгі беті.

Шүлдік – еркек тас ортасындағы кіндік темір.

Бақалақ – ұрғашы тастың кіндік кіретін ағаш қалағы.

Иінағаш – иыққа салып су таситын мүлік.

Көсеу – от көсейтін темір.

Шімшуір – шоқ ұстайтын темір құрал.

Тұтқыш – қол күймес үшін қазан құлағын ұстайтын киіз қалта.

Қоржын – жолаушының ат артына бөктеретін керек-жарағын салатын қос қалталы бұйым.

Қанар – жүн салатын үлкен қап.

Сүймен – мұз оятын құрал.

Қалжуыр – үш қармақты темір.

Шот – ағаш шабатын үй құралы.

Шотаяқ – шөп суыратын құрал.

Жады – малға құрақ, сабан, жүгері турап беретін құрал.

Келі – тары түйетін құрал.

Келсап – келі ішіндегі тарыны түйетін құрал.

Сақар – қурайды өртеп алатын тұнба.

Сабын (кір сабын) – сақарға мал майын араластырып, қайнатып жасайтын кір кетіргіш қосынды.

Бұзаушық
– кішкене сабын

Алқынды – сабынның әбден жұқарған қалдығы.

Ау – балық аулайтын құрал.

Қаза – қамыстан тоқып, балық аулайтын құрал.

Сүзекі – қазадағы балықты сүзіп алатын торкөз.

Қармақ – балық аулайтын құрал.

Жұтпа – балықты тірі шаншып, шортан аулайтын қармақ.

Қайық – өзеннен өтуге арналған ағаш құрал.

Қақпан – аң аулайтын темір құрал.

Тұзақ – сымнан немесе қылдан жасайтын аңшы құралы.

Балта, тістеуік – тұрмыс құралдары.

Инелік – ау тоқитын ағаш құрал.

Кісен – ұры алмас үшін ат аяғына салынатын құлыптың бір түрі.

Шошала – құрал-жабдық қоятын үйшік.

Насыбай тостаған – насыбай үгітетін ыдыс.

Үккіш – насыбайды үгітетін шоқпар.

Жайнамаз – намаз оқитын жайма, төсеніш.

Тәспиқ (тәшбиық) – намаздан кейін мінажат ететін моншақтар тізбегі.

Оқтау – қамыр ысатын жұмыр ағаш.

Нантақтай – қамырды илейтін және оны оқтаумен ысатын жалпақ тақтай.

Диірмен тері – диірмен астына төсейтін төсеніш.

Елеуіш – ұн елеуге арналған дөңгелек жиекті, тор көзді ыдыс.

Қайрақ – пышақ, балта қайрайтын тас.

Түбіттарақ – түбіт түтетін темір тісті ағаш құрал.

Қап, қапшық – бұйым салуға арналған жүннен, қалың матадан жасалған бұйым.

Қырғыш – ыдыс түбіндегі қаспақтарды қыратын темір.

Сүйретпе – екі басын ат арқасына салып, зат сүйрететін ағаш құрал.

Орындық – адам отыратын отырғыш.

Орындық – саба, мес астына қоятын төрт аяқты мүлік.

Оттық – от шығаратын күкіртті зат.

Шақпақ тас – бір-біріне шағып от шығаратын тас.

Жаңғырық – ағаш шапқанда астына қоятын дөңбек.

Істік – піскен етті қазаннан түйреп алатын, қатты ағаштан, аршадан, тобылғыдан жасалған сүйрік.

Күрсі – кітап оқығанда астына қоятын орындық.

Сүлгі – жуынғанда сүртінетін түкті орамал.

Орамал – қолды, жуған ыдыстарды сүртетін мата.

Майлық – майлы, кір заттарды сүртетін шүберек.

Алмас – шыны кесетін құрал.

Пышақ – тамақ, зат кесетін аспап.

Лөкет – мал соятын үлкен пышақ.

Бәкі – қалтаға салып жүретін мүлік.

Қын – пышақ салып жүретін мүлік.

Ұстара – сақал-мұрт, шаш алатын өткір құрал.

Сыпырғыш – ірі құс қанатынан немесе шілік, жусаннан буып жасалған үй сыпыратын мүлік.

Дереккөз: bilim-all.kz.
Просмотров материала: 1 575

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 217 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 040 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 008 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 90 946 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 90 924 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 420 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 185 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 209 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 632 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 765 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 562 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 282 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 457 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 368 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 154 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 285 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 143 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 437 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 130 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 077 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 294 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 819 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 976 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 183 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 916 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 001 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930