20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Табысы 12 млн теңгеден асқан: әлеуметтік көмекті заңсыз алғандар жазалана ма?

08 октябрь 2019, 11:29
Табысы 12 млн теңгеден асқан: әлеуметтік көмекті заңсыз алғандар жазалана ма?
Атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алғандар ақшаны мемлекетке өз еркімен қайтармаса, сот арқылы қайтарады. Басқа жазалау шаралары қолданылмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің ақпаратынша, тексеріс барысында 73 мың отбасының шынайы табысын жасырып, атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алғаны анықталды. Тиісті шаралардан кейін 9 мыңға жуық адамның төлемі тоқтатылды. 38 мың адамның атаулы әлеуметтік көмек мөлшері қайта есептелген.

"Атаулы әлеуметтік көмек туралы" заңға сәйкес, көмекті заңсыз алғандар ақшаны өз еркімен қайтаруы тиіс. Егер өз еркімен бергісі келмесе, сот органдары арқылы қайтарылады", - деді Нұрымбетов ОКҚ-де өткен брифингте.

Ол табысын жасырғандар қаражатты қайтарудан бас тартып жатпағанын атап өтті. Біреулер барлық соманы өз еркімен қайтарса, енді бірі біртіндеп қайтарып жатыр.

"Жазалау шаралары болмайды. Әзірге ақшаны қайтармағаны үшін сотқа жүгінген жағдайлар болған жоқ", - деді министр.

Десе де, Нұрымбетовтің сөзінше, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаумен айналысқан адамдар жазалануы мүмкін.

"Бұл жерде тек көмекті заңсыз алғандар ғана емес, оны тағайындағандардың да кінәсі бар екенімен келісемін. Уақыт тапшылығына байланысты қызметкерлер отбасылардың табысын егжей-тегжей тексеріп үлгермеген. Сондықтан тоғыз айдың қорытындысы бойынша өз міндетін дұрыс орындамаған жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің мәселесін қараймыз. Әкімдерге осындай тапсырма берілді. Көмекті тағайындауға жауапты қызметкерлер тиісті жазасын алатын шығар деп ойлаймын", - деді ведомство басшысы.

"Кедей" отбасылар

Еңбек министрі көмекті заңсыз алған бір-екі отбасыны мысалға келтірді. Соның бірі Алматы облысында тұратын бес балалы жанұя.

"Олар өздерінің жеке кәсібін жасырған. Бұл отбасыға әлеуметтік көмек маусым айында тағайындалды. Бірақ тексеріс барысында жанұяның 852 мал басы бар ірі шаруа қожалығы бар екені анықталды", - дейді Нұрымбетов.

Тағы бір отбасы бірінші тоқсанда табысын 220 мың теңге деп көрсеткен. Сөйтсе, отағасы – жеке кәсіпкер, бірінші тоқсанда отбасының табысы 12,5 миллион теңгеден асқан.

"Жан басына шаққанда әрбіріне 700 мың теңгеден келеді. Яғни, тұрмысы төмен отбасы қатарына жату үшін белгіленген өлшемшарттан 34 есе артық болып отыр", - деді ол.

Министрдің айтуынша, кейбірі, тіпті, бірге тұрмайтын адамдарды отбасы мүшелерінің қатарына қосып қойған.

"Былайша айтқанда, бұл адамдар атаулы әлеуметтік көмекке шын мәнісінде мұқтаж жандардың ақшасын алып қойды десек те болады. Себебі біздің заң бойынша атаулы әлеуметтік көмек бюджетте қарастырылған қаражат көлемінде төленеді", - деді Нұрымбетов.

Айта кетсек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі барлық көпбалалы анаға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуді ұсынып отыр. Оның мөлшері бала санына қарай сараланады. Әр балаға орта есеппен 10-11 мың теңге шамасында төлеу көзделген.
Просмотров материала: 1 057

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 790 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 613 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 582 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 517 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 499 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 450 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 210 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 235 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 671 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 803 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 772 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 467 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 294 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 322 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 447 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 473 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 908 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930