24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Путин Тоқаевтың қандай адам екенін айтты

04 октябрь 2019, 15:22
Путин Тоқаевтың қандай адам екенін айтты
Сочиде өтіп жатқан "Валдай" пікірталас клубына қатысуға келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Қазақстан президентін құрметпен қарсы алған Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Валдай" пікірталас клубының жұмысына қатысуына Ресей тарапы үлкен мән беріп отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Казахстан.

"Біздің шақыртуымызды қабыл алып, "Валдай" пікірталас клубының жұмысына қатысуға келгеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Бізді ұзақ жылдар дипломатиялық қызметте істеген Сіз секілді адамның пікірі қатты қызықтырады. Сіз бұл салада кәсіби мамансыз. Бүгінгі халықаралық аренадағы жағдайға, әсіресе, қауіпсіздік саласына байланысты Сіздің пікіріңіз біз үшін өте пайдалы әрі қызық", – деп Ақорданың баспасөз қызметі Ресей президентінің сөзінен үзінді келтірді.

Владимир Путин ЕАЭО аясындағы бірлескен жұмыстардың белсенділігін атап өтті. Ол ұйымды дамыту жөніндегі бірлесіп шешім қабылдауда өзара сенімнің жоғары деңгейге көтерілгенін айтты.

Ресей президентінің айтуынша, екі ел арасындағы диалог та өте жемісті жүріп жатыр.

"Біздің күн тәртібіндегі кез келген екі жақты мәселелерді талқылауға мүмкіндігіміз бар. Барлық сала бойынша табысты даму байқалады. Тауар айналымы да көңілге қонымды. Әртүрлі бағытта бірлескен жобаларымыз іске асуда, оның ішінде, дәстүрлі және жоғары технологиялар бойынша ынтымақтаса әрекет етудеміз. Біз үнемі заман ағымының тамырын дөп басып, әр саладағы әріптестерімізге министрлік деңгейінде қолдау көрсетіп келеміз. Бұл жұмыс жалғаса беред"і, – деді Владимир Путин.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Сочиге шақырғаны үшін алғыс айтты. Оның ойынша, "Валдай пікірталас клубы өте қызықты әрі тартысты форум.

Қазақстан президенті ресейлік әріптесіне Жеңістің 75 жылдық мерейтойына қатысуға шақырғаны үшін ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтой күндері Мәскеуге баруға ниетті екенін жеткізді.

"Мен майдангердің ұлымын. Жақында Иванов облысында Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан 73 қазақстандық майдангердің қабірі табылды. Біз, қазақстандықтар, Ұлы жеңіс жолында жанын қиған жауынгерлердің ерлігін әрдайым есте сақтаймыз", – деді Қазақстан президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестіктің жоғары деңгейі мен дәрежесінің сақталғанын атап өтті.

"Өмір бір орнында тұрмайды, сол себепті біздің өзара іс-қимылдарымызды жаңа мазмұнмен толықтырып, күн тәртібіне шыққан мәселелерді дер кезінде шешіп отыру керек. Мен мұндай жұмысқа дайынмын. Біздің стратегиялық әріптестігіміз бен одақтастығымызды жаңа деңгейге көтереміз деген ойдамын", – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграциялық процестер бойынша жоғары деңгейдегі түсіністік барын атады. Оның айтуынша, Ереванда өткен ЖЕЭК отырысындағыдай туындаған мәселелер бойынша уақытылы шешімдер қабылдануы қажет.
Просмотров материала: 1 647

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 025 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 848 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 819 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 757 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 739 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 479 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 234 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 261 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 718 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 846 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 973 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 309 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 481 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 390 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 306 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 502 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 460 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 652 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 189 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930