26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Есепшінің қатесіне бола көпбалалы отбасыны сотқа беріп жатыр (ВИДЕО)

30 сентябрь 2019, 17:12
Есепшінің қатесіне бола көпбалалы отбасыны сотқа беріп жатыр  (ВИДЕО)
Осы жылдың сәуір айынан бастап көпбалалы отбасы қатарына енген Әлхайдаровтар отбасы мемлекеттік берген әлеуметтік көмегін алып, қуанған еді. Алайда, ұзағынан болмады. Енді төрт ай бойы алған атаулы әлеуметтік көмектері желкесінен шығып жатыр. Әлеуметтік сала мамандары берілген барлық қаражатты қайтарып алу үшін сотқа жүгінген, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Төрт баланың анасы Нұрсұлу Әлхайдарованың кенжесі жақында ғана бір жасқа толған. Енді оған бала күтімі үшін берілген әлеуметтік көмек ақысы да тоқтатылған. Жолдасы Шахан елдімекеніндегі мектептің бірінде пеш жағушы болып жұмыс жасайды. Келісімшартпен берілетін қаражат мөлшері 83 мың болғанымен, қолға 70 000 теңге алады екен.

«Мен сәуір айының 24-нен атаулы әлеуметтік көмекті ала бастадым. Қуандым қатты, бірақ ол ұзаққа созылмады. Тамыздың 12-нен бастап ақшаны беруді тоқтатып тастады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, менің жолдасымның зейнетақы қорына бір айда екі рет ақша түскен. Сондықтан, қосымша жалақыны жасырып отырсыңдар деп айып тағып, бізді сотқа беріп жатыр. Қосымша жолдасым ешқайда жұмыс жасамайды. Ол кірісті мектеп есепшісі бір рет жіберген. Ол бағдарламадан өтпей, қайтарылып келген. Кейін ол екі рет қайта жіберіп қойған. Бұл жерде жаңадан келген есепші бағдарламаны дұрыс меңгермегендіктен кеткен қателік қой» - дейді көпбалалы ана Нұрсұлу Әлхайдарова.

Көпбалалы отбасының отағасына қосымша жұмыс істеп, жалақысын жасырды деген мамандарды сот процессінен кейін сөзге тартып көрдік. Айтуларынша, олар шотқа түскен артық ақшаны көргеннен кейін сотқа талап - арыз беруге міндетті екен.

Алайда осы күнге дейін жалдамалы пәтерде жүрген көпбалалы отбасы балаларға қыстық киімді ала алмай отырғанда, соттан жеңіліп қалсақ, төрт айға берілген 374 000 мың теңгені қалай қайтарамыз деп зар жылап отыр.

«Мен бұл соманы қалай қайтарып беремін? Көмір алатын уақыт та тақалды. Балалардың қысқы киімі ол жоқ. Қуанып едік, аз да болса жыртығымызды жамаймыз, таршылық көрмейміз деп. Енді келіп мынандай істеп жатыр. Ана жерден, мына жерден кіріс түсті деп. Егер менде кіріс жақсы түсіп тұрса, мен неге атаулы әлеуметтік көмекке тапсырам? Онда тапсырмайтын едім де...» - деп жаны қиналған көпбалалы ана көз жасқа ерік берді.

Аталған мәселенің мән-жайын білу үшін Ғафу Әлхайдаров жұмыс жасайтын мектеп есепшісіне де хабарластық. Жұмыс беруші тарап пеш жағушы болып жұмыс жасайтын қызметкерінің тұрақты жалақы алмайтынын айтып, зейнетақы қорына бағдарламаның кесірінен бір айда бірнеше рет аударылымдар енгізіліп кеткенін мойындады.



«Ол - біздің қызметкер. Мәселе былай, бізде 1С деген бағдарлама бар. Бір қателік кеткен. Есепші қаңтар айында жаңадан келген. Біз сотқа бүкіл материалды дайындадық. Есепші бағдарламаға енгізген. Бір рет басқан ол, кетті деп ойлаған. Одан кейін аналар звондаған "түскен жоқ" деп. Есепші тағы да жіберген. Сонда істемей тұрған бағдарлама бірден істеп кетіп, екі рет қабылдап қойған. Енді талап берушілер жалақы екі рет түсті деп сонымен қарап отыр. Есепші барлық керекті дәлелдерді дайындады. Келесі аптада сотқа барады» - дейді Шахан елдімекенінің №12 мектептің директоры Беркен Мұстафин.

Көпбалалы отбасыға «қосымша жалақыны жасырдың» деп тағылған айыптың сот процесі бірінші қазанға қалдырылды. Дәл сол отырысқа мектеп есепшісі келеді деп күтіледі.
Просмотров материала: 2 379

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 370 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 190 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 161 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 105 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 089 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 498 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 254 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 278 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 742 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 875 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 093 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 610 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 758 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930