29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сенат депутаты заңдарды қазақ тілінде жазуды ұсынды

30 сентябрь 2019, 14:46
Сенат депутаты заңдарды қазақ тілінде жазуды ұсынды
Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы заңдар мен нормавтивтік құжаттарды орыс тілінде емес, алдымен, мемлекеттік тілде жазуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шындап келсек, мемлекеттік заңдар, алдымен, сол мемлекеттің өз тілінде дайындалып, содан кейін ғана, қажет болса, орыс тіліне аударылуы тиіс. Бұрынғы Кеңес республикаларының ішінде Қазақстан мен Беларусьтен басқа елдердің барлығы да әлдеқашан осылай істейді", - дейді депутат сенатта заң шығару жұмысын одан әрі жетілдіруге арналған парламенттік тыңдауда.

Айтуынша, өткен сессияда бір топ сенат депутаты заң жобаларын мемлекеттік тілде дайындау сапасына қатысты Қазақстан үкіметіне сауал жолдаған. Оған парламентке түсетін заң жобалары мен халықаралық құжаттардың қазақ тілдегі нұсқаларының сапасыздығы мәселесі негіз болған. Алайда үкіметтің жауабы сенаторларды қанағаттандырмаған.

"Осы уақыт ішінде мемлекеттік органдар мамандарының терминдік қолданыстар мен стильді меңгеретін уақыты болды. Бірақ мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қазақ тіліндегі халықаралық құжаттарды парламентке қатесіз жіберуге шамасы да, ынтасы да жоқ сияқты. Өйткені уақытша лингвистикалық топтың қарауына, алдын ала лингвистикалық сараптамаға келіп түсетін халықаралық құжаттардың сапасы ешқандай сын көтермейді", - деп ашуланды Бақтиярұлы.

Оның айтуынша, министрліктер мен ведомстволардың қызметкерлері топтың жұмысына әбден сеніп алғаны соншалық, пысықталмаған, тексерілмеген материалдарды жібереді.

"Олар өз жұмысына немқұрайлы қарап, лауазымдық міндеттерін тиісінше сапалы атқармайды", - деп атап өтті Бақтиярұлы.

Тіпті, оның сөзінше, кейбір жағдайларда құжат жобаларының қазақ тіліндегі мәтіні мен орыс тіліндегі мәтіні мазмұны жағынан бір-біріне сәйкес келмейді. Қазақ тілінің грамматикалық және стилистикалық нормалары сақталмайды. Сол себептен бір құжатты бірнеше рет қарауға тура келеді.

"Біздіңше, бұл халықаралық құжаттар мен заң жобаларын мемлекетік тілде дайындауға деген атқарушы органның құлықсыздығын, ниетінің жоқтығын байқатып отыр", - деді ол.

Бақтиярұлы бай да көркем қазақ тілі нағыз заң тілін қалыптастырып, норма жасауға және жазуға өте қолайлы тіл екенін атап өтті.

"Мемлекеттің басты нышаны тіл десек, заңдардың мемлекеттік тілде жазылмауы біздің мемлекеттігімізге де, ұлт ретінде ар-намысымызға да үлкен сын деп білемін", - деді сенатор.

Халық қалаулысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілін халықаралық қатынас тілі ретінде қалыптастыруды қолға алғанын еске салды.

"Осы мәселені түпкілікті қолға алып, заңдар мен нормативтік құжаттарды, алдымен, мемлекетік тілде әзірлеуге көшетін уақыт жетті. Мемлекеттік деңгейде маңызды және нақты шараларды қабылдай отырып, орталық атқарушы органдар халықаралық құжаттарды мемлекеттік тілде сапалы дайындаудың жауапкершілігін мойнына алып, заң жобаларын, алдымен, мемлекеттік тілде дайындауды қолға алуы керек", - деді депутат.

Бұл үшін ол сенат қабырғасында заңдарды мемлекетттік тілде дайындауға байланысты мүдделі ұйымдар, заңгерлер, ғалымдар және тіл мамандарымен бірлесіп, дөңгелек үстел ұйымдастыруды ұсынды.
Просмотров материала: 1 378

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 583 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 423 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 411 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 348 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 302 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 628 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 220 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 224 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 284 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 438 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031