26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Біз осы «Қандас» деген қазақы атауымыздан неге қашамыз?

Біз осы «Қандас» деген қазақы атауымыздан неге қашамыз?
"Ұлт рухын көтеру мен тіліміздің кең қанат жаюында қазақ халқы санының көбеюі басты рөл атқарады. Сондықтан, 30 жылға жуық уақытта шетелдерден миллионнан аса қазақ Тәуелсіз Қазақстанға – атамекендеріне келіп, қазақтың қатарын көбейтті. Негізі Көші-қон саясатындағы көптеген тосқауылдар болмағанда, бұдан да көп келетіні айқын еді. Сондықтан шетелдегі этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасына кедергісіз келуі мен азаматтықты жеңілдетілген жолмен алуын заңмен бекітуіміз керек. Балшықтан адам жасай алмай жатқанда шеттегі 6 миллиондай қазағымызды Қазақтың көк туының астына жинау керек!

Парламентте қазір көші-қон саласына байланысты «оралман» атауының атын ауыстыру көтеріліп жатыр. Ол тіпті, әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов ұсынған «Бауырлас» деген атау тура мағына бермейді. Кешегі Кеңес империясы кезіндегі 15 одақтас елді «бауырлас елдер» деген, айдаладағы шетелдегі бір қала мен екінші қаланы «бауырлас қалалар» деген жасанды ұғымдар қазақи емес, «саяси» мәнге ие болып кетті.

Мәжіліс депутаттарының «Бауырлас» сөзіне неге «бауыр басып» қалғанына түсінбеген ақын Ауыт Мұқибек те өз парақшасында орынды мәселе көтеріп, «қандас» атауын қолай көріп тұрғанын меңзейді.

Иә, біз осы «Қандас» деген қазақы атауымыздан неге қашамыз?

Қазір Германияға барып қайта келген, немесе Ресейге барып, қайта келіп жатқан өзге ұлт өеілдері де кездеседі. «Оралман» атауы олардың да оң жамбасына келе кетеді. Ал репатриант атауы тағдыр талқысымен тарыдай шашырап кеткен қазақтарға – мемлекет құраушы ұлт өкілдеріне ғана тиісті атау болуы керек. Сондықтан, бұл жерде «қандас» атауынан артық атау табылуы қиын. Баспасөзде «репатриант» атауы – уақытша атау екенін, сондықтан олар азаматтық алған соң «қандас» болмай қала ма немесе олар қандас болғанда жергілікті қазақтар қандас емес пе?» деген белгілі журналист Сәкен Сыбанбай бауырымыздың орынды сауалы да қойылуда.

Солай болған күнде де біз шетелге барғанда, ондағы көзіңе оттай басылатын қазақ ағайындарымызды көргенде бірден «қандасым» деп қаның ойнап шыға келеді. Ал өз елімізде біз қазақтар, бір-бірімізді «қандасым» деп атамайтынымыз анық. Өйткені ондай қажеттілік тумайды. «Қандас» деп өзге ұлттардың ішіндегі өз ұлтыңды айтасың. Қалың қазақтың Ішінде, өз отанында өз қазағыңды бір-бірінен бөлектеп, «қандас» демейсің ғой… Өйткені бәрінің қаны бір ғой! Иә, мен Қытайдағы белгілі тележурналист Қуандық Асқарды «қандасым» деп, қаным тартып, ондағы миллиардтан асқан қалың қытайдан ерекше бөлек тартып тұрамын. Ал Қазақ Еліндегі қазақтарды, мысалы, тіпті, туысқан інім Сәкен Сыбанбайды шетелдің қазағындай «қандас» демеймін ғой, «бауырым» десем де…

Иә, кейінгі кезде кемістік ретінде елді екіге бөліп тұратын жағымсыз мағынаға айнала бастаған «оралман» деген атаудан гөрі «қандас» деген атау қаныңа тартып, бауырмалдықты оятып тұрады.

Шетелдердегі қазақтарды тарихи атамекеніне жинап алуды қасиетті парызы санайтын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір ұлтты екіге бөлгісі келіп тұратын «шекараға» айналып бара жатқан «оралман» сөзін бар қазақтың бауырлық сезімін оятатын қуаты зор «қандас» деген атаумен атайық деген сәтті ұсынысын қолдауымыз керек!

Енді осы атауды заңдастыру ғана қалып тұр.

Қазыбек Иса, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі
«Қазақ үні»
Автор: Қазыбек Иса -
Просмотров материала: 1 659

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 295 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 115 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 087 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 029 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 013 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 494 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 250 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 274 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 736 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 871 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 068 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 588 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 139 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 143 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 735 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 835 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930