19 октября 2019 г.

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



Ақжарқын Тұрлыбай амнистияға ілігуі мүмкін – бас прокуратура

23 сентябрь 2019, 20:45
Ақжарқын Тұрлыбай амнистияға ілігуі мүмкін – бас прокуратура
Қазақстан мен Қытай арасында сотталған азаматтарды қайтару туралы келісім бар. Соның аясында Ақжарқын Тұрлыбай жазасын өз елінде өтей алады. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген адвокат маман осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірді. Бас прокуратура да түсініктеме берді.

Ақжарқынның жазасын өзгертуге бола ма?

Адвокат Әсел Тоқаеваның ойынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы келісім бойынша сотталған азаматтарды елге қайтару шарасы қарастырылған. Бірақ ондайда соттың шешімі қайта қаралмайды. Ақжарқынның жазасын өтеу мерзімін де бірден өзгертуге мүмкіндік жоқ.

"Бәрі заңнамаға байланысты. Енді Қытайдағы соттың шешімін өзгерте алмаймыз. Дегенмен ол амнистияға ілігуі мүмкін, я болмаса, мерзімінен бұрын шартты босату шарасы қолданылады. Ал өзге елде жасалған қылмысты қайта қарай алмаймыз. Өйткені заңды шешім бар. Сосын келісім аясында жазасын өтеу үшін ғана сотталғандарды қайтару шарасы қарастырылған. Ондайда жаза қайта қаралмайды", - дейді Тоқаева.

Осы орайда сарапшы өз тәжірибесінен бірнеше мысал келтірді. Оның айтуынша, Қазақстанда есірткі үшін бір Грекия азаматы ұсталған. Бірақ оған жазаны өз елінде өтеген тиімді. Себебі ол мемлекеттің заңнамасы бойынша тура сол есірткі көлемі үшін жаза қатаң емес. Ал Қазақстанда ұсталған Өзбекстан азаматтары, керісінше, өз еліне жібермеуді сұраған. Себебі ол жақта жаза қатаң.

Бас прокуратура не дейді?

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов та осы мәселеге қатысты түсініктеме берді. Оның сөзіне қарағанда, Ақжарқын өз елінде амнистияға ілігуі мүмкін.

"Әзірге Қытайдағы соттың шешімі күшіне енген жоқ. Қазір аппеляциялық шағым қаралып жатыр. Біз нақты қандай шешім шығатынын білмейміз. Дегенмен Қазақстан мен Қытай арасында екіжақты шарт бар. Сол құжат бойынша Ақжарқын өтініш беріп, жазасын өз елінде өтей алады. Ондай өтініш болса, Қазақстан сотталған азаматты өзіне қайтара алады", - деді Ахметжанов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, шарт бойынша Қытайда шыққан сот үкімін өзгертуге болмайды. Дегенмен жазасын жеңілдетуге мүмкіндік бар.

"Біздің заңнамаларымызға сәйкес, үкімін өзгерте алмаймыз. Бірақ амнистия болып жатса, біз Қытайға ескерту жіберіп, осындай-осындай халықаралық келісім бойынша ол шараны қолдануға мүмкіндік бар деп хабарлаймыз. Соттың нақты шешімі керек. Оны өзгерте алмасақ та, келісім бойынша жазаның түрін өзгертуге мүмкіндік бар", - деп атап көрсетті Ахметжанов.

Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры

Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді.

Биыл 3 қыркүйекте Қытайдың Гуанчжоу қалалық сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша отырыс өтті. Отырыста қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық іс материалдары қаралды. Үкімнің қашан жарияланатыны белгісіз.

Ал 9 қыркүйекте отандасымыздың анасы Зухра Сейтімова Қазақстан президентіне көмек сұрап хат жазғаны хабарланды. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары кезінде Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді.
Просмотров материала: 523

Поделиться материалом


11:24 Сельхозярмарка Акмолинской области проходит в столице... 43 Просмотров

10:35 Қызылордада көпқабатты үйдің тұрғындары судың түсінен шошып... 88 Просмотров

10:02 Бросая мусор на улице, каждый из нас делает один шаг на... 99 Просмотров

09:43 Таксист жестоко избил и попытался изнасиловать пассажирку... 107 Просмотров

21:20 Прогноз погоды на 19 октября: в трёх областях на юге... 231 Просмотров

20:57 Депутаты Nur Otan не выразили своей позиции ни по одному... 284 Просмотров

20:35 К.Токаев отреагировал на резонансное интервью кокшетауского... 333 Просмотров

20:26 В Бурабае прошел бизнес-форум по развитию кластера мясной... 238 Просмотров

20:21 Комитет государственных услуг создали в Казахстане... 237 Просмотров

19:17 В Атырау подорожал хлеб... 245 Просмотров

18:51 "Мұғалімдер асханадан тамақты қарызға алады": Білім... 8 044 Просмотров

18:21 «Открытый акимат» провели в Акмолинской области... 336 Просмотров

18:13 Назарбаев министр мен депутаттарды жинап алды: отырыста не... 881 Просмотров

18:08 На каких перекрестках появятся новые комплексы "Сергек" в... 241 Просмотров

17:59 Мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған арендалық баспананы... 280 Просмотров

17:49 За тяжелые рюкзаки учащихся предложили штрафовать... 255 Просмотров

17:41 ДТП в Караганде: 20 пострадавших (ВИДЕО)... 269 Просмотров

17:00 Подозреваемый в мошенничестве замакима Манзоров вышел в... 243 Просмотров

16:32 Казахстанцев призывают проверить телефонные номера,... 211 Просмотров

15:29 Пенсионные деньги на покупку жилья и образование: в... 162 Просмотров

15:16 Программы осуществляются формально - Елбасы о развитии... 162 Просмотров

15:07 Депутаты нашей партии не активно используют СМИ -... 147 Просмотров

14:48 Глава упрздрава Атырауской области подала в отставку после... 362 Просмотров

14:32 Непривитых не пустят в детские сады - Бекшин... 125 Просмотров

13:55 Судью Жанаозенского суда приговорили к трем годам лишения... 128 Просмотров

13:21 Вопросы предвыборной программы Nur Otan обсуждают под... 217 Просмотров

12:34 Түркістандағы емхана жұма сайын ғимаратын адыраспанмен... 191 Просмотров

12:00 400 новых камер "Сергек" устанавливают в Алматы... 198 Просмотров

11:36 Отец спасая ребенка бросился под автобус в Кызылорде (ВИДЕО)... 351 Просмотров

11:24 32-ой дублированный на казахский язык фильм «Малефисента:... 175 Просмотров

11:02 "Мало кто из поколения 70-х годов или 80-х так... 256 Просмотров

10:29 Запрет на кредиты малоимущим нужно поддержать - Д.Абаев... 205 Просмотров

10:14 Пойман у ресторана: В действиях акима Жанаозена не нашли... 211 Просмотров

09:47 Мектепке бару үшін таңғы бесте тұрамыз деп ашынды... 256 Просмотров

09:42 Курс валют на 18 октября... 168 Просмотров

09:15 Прогноз погоды на 18 октября: на севере и в центре РК... 160 Просмотров

21:48 Десятки многодетных матерей штурмовали здание акимата... 356 Просмотров

19:30 Монету в 200 тенге введут в оборот в Казахстане... 329 Просмотров

17:59 В Казахстане 16% молодых людей страдают импотенцией, 30%... 365 Просмотров

17:27 Шуметь с 20 часов вечера до 9 часов утра могут запретить в... 245 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031