24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Егер болашаққа дайын болғың келсе, кешегі істегеніңді қайталама!

23 сентябрь 2019, 18:20
10 қыркүйек күні қытайлық «Alibaba» компаниясының негізін қалаушы Джек Ма 55 жасқа толды. Бұл датаны ол зейнетке кетуімен атап өтуді жөн деп шешті: Ма ресми түрде «Alibaba» директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқаруды тоқтатты. Осыған орай бірнеше жыл бұрын Джек Маның Ресейге сапары кезінде мәскеулік студенттерге оқыған дәрістерінің ең қызықты фрагменттерін еске түсіруді жөн көрдік.

Мен өзімді ұлы адам деп санамаймын. Мен кәдімгі қарапайым қытай отбасында дүниеге келдім. Мен сабақты тәуір оқыдым дей алмаймын. Жо-жоқ, мен жақсы оқуға тырыстым, бірақ бұл талпынысым үнемі сәтті бола қоймады.

Шамасы, менің мектебім озық білім орны болмаған сияқты. Сол себепті мектепті бітірген соң ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмадым, үш рет емтиханнан құлап қалдым, сөйтіп университетке түсе алмадым. Бірақ, ешқашан менің салым суға кеткен емес.

Мен бірнеше маңызды нәрсені үйрендім. Біріншіден, берілуге болмайды. Екіншіден, бәлкім, менің мүмкіншілігімнің уақыты әлі келмеген болар деп ойлаған жөн.

Мен жас кезімде Билл Гейтс туралы және Биллдің мен істей алатынды істегенін білдім. Ол менің табысымды менен тартып алды және сол кезде дербес компьютерлерге арналған бағдарламалық қамту саласындағы бүкіл мүмкіндікті пайдалануға тырысты деп қынжылдым.

Сол сәтте: «Мүмкін мен тым биікке қол созған болармын, енді маған төменнен бастаған дұрыс шығар және сөйтіп айналамдағы адамдар үшін бірдеңе істей алармын» деп ойладым.

Біз өз ісіміздің барлығын он жыл алдын ала бағалауымыз қажет. Егер біз табысқа жеткіміз келсе, 10 жылдан кейін қалай шыңға шығатынымызды ойлануға тиіспіз. Егер біз табысқа жеткіміз келсе, ақылды адамдармен жұмыс істеуге тиіспіз.

Егер біз табысқа жеткіміз келсе, қателік жіберсек те берілмеуге тиіспіз. Көптеген адамдар қателік жіберсе болды, жеңіле салады. «Alibaba»-дағы біздер ешқашан берілмейміз. Біз өз қателігімізден сабақ аламыз.

Жетістікке жетпеген адамнан неліктен оның жолы болмағанын сұраңызшы. Егер ол бұл үшін басқа біреуді кінәлайтын болса, оның мүмкіншілігі жоқ деген сөз. Бұндай сөзді бейбақтар айтады.

Ал мүмкіншілігі барлар басқаша сөйлейді. Олар бір нәрседен қателік жібергенін және бірдеңені дұрыс істемегенін мойындайды. Мен дәл осындай адамдардан үйрендім. Олар қателік жібереді, бірақ бұған басқаны кінәламайды, керісінше бұдан сабақ алады. Мен де өз қателіктерімнен көп нәрсені үйрендім. Бұл менің өмірлік қағидам.

Кейде бірнәрсе дұрыс болмаса, мен: «Жарайды, бұл жолы болмай қалды» деймін. Егер мен бірдеңеге қол жеткізсем, керісінше: «Қарашы, мен бұны істей аламын деп күтпеп едім» деймін. Дәл осы ұстаным мені нағыз оптимист етіп шығарды.

«Alibaba» жаңа пайда болған кезде бізде ақша болмады, адамдар да, технологиялар да болған жоқ. Барлығы менің пәтерімде басталды. Онда 18 адам жиналды. Сөйтіп біз шағын бизнеске интернеттің көмегімен жәрдемдесеміз деп шештік...

Ол кезде 18 адам едік, қазір 60 мыңдай адамбыз. Бұл, әрине, оңай болған жоқ. Бірақ, біз қиындықты жеңіп шықтық. Міне, бүгін дүние жүзіндегі ең ірі интернет-компанияның біріміз.

Мен біздің жолымыз болды деп санаймын. Біз көп қателестік, бірақ бәрібір бәрін жеңдік. Кейде менен: «Неге сіздердің жолыңыз болды?» деп сұрайды. Мен бұл сұраққа былай деп жауап бергім келеді: «Егер сізден сәттілік теріс бұрылып кетпесін десеңіз, сіз бұл сәттілікті басқалармен бөлісуге тиіссіз». Онымен бөлісіңіз, басқа адамдарға көмектесіңіз, сосын бұл адамдар келешекте сізге міндетті түрде көмектеседі.

Бастапқыда «Alibaba»-да ақша болмады. Бізге пайда түспеді, бізге ешкім ақша төлемеді. Содан біздің ең алғашқы табысымыз ақша түрінде емес, біздің сатып алушыларымыздың хаты түрінде келді. Олар бізге былай деп жазатын: «Жігіттер, сіздер бізге керемет көмектесіп жүрсіздер. Бірақ бізде қазір сіздердің қызметіңізге төлейтін ақша жоқ».

Біз оларға: «Ештеңе етпейді, бәрі дұрыс» деп жауап беретінбіз. Егер шамалы күте тұрсақ және клиенттеріміз өссе, олар бізбен есеп айырыса алатынын және біздің өсуімізге көмектесетінін білдік.

Біз «Alibaba»-ны ашқан кезде мен қытайлық пошта компаниясына келіп: «Сіздер бізге тауарларды жеткізу жүйесін құруға көмектесе аласыздар ма?» деп сұрадым. Маған: «Жоқ, сіздің бизнесіңіз тым шағын, біз сіздермен жұмыс істемейміз» деп жауап берді. Бұл қытайлық логистика жүйесі ол кезде сұрықсыз жағдайда еді.

Қытайдың поштасы ресейлік пошта сияқты жылдамдықпен істейтін. Содан біз кәсіпкерлерге шығып: «Кім өз провинциясына, қаласы мен ауылына тауар жеткізумен айналысқысы келеді?» деп сұрадық. Сөйтіп біз қызығушылық білдіргендерге көмектестік.

Бүгінде біз Қытайда күн сайын 65 млн сәлемдемені жеткізуге көмектесеміз. Бұнымен неше адам айналысады дейсіз бе? Үш миллион адам. Бұл біздің қызметкерлер емес, біз оларды жалдамаймыз, бірақ оларға көмектесеміз.

Болашақты ойлап алаңдамаңыз және технологиялардан қорықпаңыз. Меніңше, болашақ әрбір адамға, әсіресе жастарға көп мүмкіндік береді. Жоғалтатын ештеңе жоқ, солай емес пе?

Біздің ақшамыз да, технологиямыз да жоқ болған кезде мен дәл осыны өзіме айтқан едім. Сол кезде біз 10-20 жылдан кейін электронды сауда экономиканың орасан зор маңызды саласы болатынына сендік, сол себепті дәл қазір осымен айналысуды бастасақ, бізде мүмкіншілік пайда болатынын білдік.

Дегенмен, сол уақытта көптеген ақылды әрі тәжірибелі адамдар мен компаниялар электронды саудаға күмәнмен қарады. Бірақ біз табысқа жететінімізге сендік.

Технологиялар біздің жұмысымызды тартып алады және бізді күнкөріс қаражатынсыз қалдырады деп ойлаудың қажеті жоқ. Шын мәнінде, технологиялар күйбең жұмыстың бәрін өз мойнына алады.

Тұңғыш технологиялық революция және бу қозғалтқыштары шыққан кезде де кейбіреулер уайымдап, енді жұмыссыз қаламыз деп ойлаған еді. 50 жыл өтті, адамдар бу қозғалтқышы мыңдаған жаңа жұмыс орнының құрылуына ықпал еткенін түсінді.
Электр ойлап табылған кезде де көптеген компаниялар жұмыс орындары жойылады деп күйінді. Алайда электр де жаңа жұмыс орындарының құрылуына алып келді.

Меніңше, жасанды интеллект те талай жұмыс орнының құрылуына әкеледі. Иә, таяудағы 20-30 жылда бізде жұмыспен қамтуда проблемалар болады, бірақ одан кейін жағдаят өзгереді. Сондықтан біз осы жасанды интеллект дамитын 20-30 жылда не істейтінімізді, оны қалай өткеретінімізді ұғынуға тиіспіз.

Егер сіз болашаққа дайын болғыңыз келсе, кешегі істегеніңізді қайталамаңыз. Жадыңызды жаттықтырып әуре болмаңыз, сіз бәрібір компьютерден артық есте сақтай алмайсыз.

Жылдам оқуға тырыспай-ақ қойыңыз, себебі компьютерлер мұны анағұрлым жылдам істейді. Сізге креативті болуға тырысу қажет. Жаңашыл болу, конструктивті болу қажет. Және де сіз оқып-үйреніп жүргеннің бәрі сізді осындай етуге тиіс.

Біз бизнесті енді ғана бастаған кезде, кейбір адамдар маған өз идеяларымен келіп: «Қарашы, бұл тамаша идея!» дейтін. Егер барлығы осылай деп, өз идеяларын керемет санап жатса, мен оларды қоқыс шелегіне тастай салатынмын.

Тек елдің бәрі іске асырылуы өте қиын идея туралы айтса ғана мен оған қызығатынмын. Мен өзімнен: «Ал бұны басқаша қалай жасауға болады?» деп сұрайтынмын. Яғни, сіз ешкімге ұқсамауға және өзіңіздің ерекше жолыңызды таңдауға тиіссіз.

Менің күн сайын өзіме беретін тағы бір кеңесім. Мен: «Бізде бүгін бәрі қиын, ертең бұдан да қиын болады, ал ертеңнің арғы күні бәрі керемет болады, бірақ біздің көбіміз ертең кешке өлеміз» дейтінмін.

Міне, дәл осы себепті жатпай-тұрмай жұмыс істеу керек. Әрбір күн өз проблемасын қоса ала келеді, бірақ әрбір қиын жағдай сайын сіз шынығасыз. Сіз өзіңізге сенімді болуыңыз керек, сонда ғана болашақта кез келген проблеманы шеше аласыз.

Нарықта бәсеке өсіп жатқан кезде өз күшіңе сенімді болу мүмкін бе? Нарықта ешқашан ештеңе жайдан жай бола салмайды. Бизнеспен айналысу қашан да қиын. Қалай сенімді боламыз дейсіз бе?

Айналаңа өзің сенетін нәрселерге сенетін, сен армандайтын нәрселерді армандайтын қызметкерлерді, әріптестерді жинау керек. Мұндай адамдармен кез келген күрделі жағдайда бірге жұмыс істеуге болады.

Егер сіз компанияда жұмыс істесеңіз, адамдардың екі тобын ғана тыңдау қажет: Өз клиенттеріңізді тыңдаңыз. Олар сізге риза болуы тиіс. Және де әріптестеріңіздің сөзіне құлақ асыңыз. Егер олар өз күштеріне сенімді болса, ештеңеге алаңдамаңыз.

Егер клиенттеріңіз бен әріптестеріңіздің көңілі тоқ болса және бәрі жақсы десе, кеңесшіні де, консультантты да, заңгерді де тыңдамаңыз.

Егер сіз басқаларды тыңдай бастасаңыз, онда табысқа жету мүмкіндігіңізді жоғалтасыз. Болашақты анық болжайтын бір де бір сарапшы жоқ. Барлық сарапшылар кешегі күннің білгірі.

Нарықта болып жатқан жағдайға қарамастан, ең алдымен өз клиенттеріңіз бен әріптестеріңізді тыңдаңыз. Бәсекелестеріңіз, әрине, сіздің сенімділігіңізді тас-талқан етуге тырысады. Егер олар сіздің өзіңізге сенімділігіңізді жоюға бар күшін салатын болса, демек, сіз барлығын дұрыс істеп жүрсіз деген сөз.

Ағылшын тілін білу өте маңызды. Бірақ шын мәнінде барлығы тілге тіреліп тұрған жоқ. Барлығы мәдениетке байланысты. Біз шет тілін үйрене бастаған кезде сол тілді тұтынушылардың мәдениетін, оның бүкіл қиындығы мен қасиеттерін түсіне бастаймыз. Сөйтіп бізде оған құрмет сезімі пайда болады.

Біз оны құрметтеген кезде бізді де құрметтей бастайды. Міне, сонда біз осы адамдармен бірге жұмыс істей аламыз. Сіз басқа мәдениетке құрметпен қараған кезде, оның бүкіл қасиетін түсінген кезде, достар мен серіктестер табу да оңай. Ал оларсыз бизнеспен айналысу мүмкін емес.

Егер сіз 20-30 жаста болсаңыз, жақсы бастық табыңыз (компанияны емес, бастықты). Одан үйреніңіз. Сіз 30-40 жас аралығында болсаңыз, өз бетіңізбен бірдеңе жасауға талпынуға тиіссіз.

40-50 жасқа келгенде сіз өзіңіз жақсы істей алатын іспен айналысуға тиіссіз, себебі 20 жыл бойы бірдеңе жасадыңыз және бірдеңені үйрендіңіз.

Сіз 50-60 жаста болғанда өз уақытыңыздың бір бөлігін жастарға көмектесуге жұмсаңыз.

Ал 60 жастан асқан соң уақытыңызды немерелеріңізбен өткізу керек.

Егер сіз дұрыс бағытта келе жатсаңыз, ақша сізді өзі табады. Иә, дәл солай. «Егер менде ақша болса мен бүйтер едім» дейтіндерге мен ылғи да былай деп жауап беремін: «Сізде ешқашан ақша болмайды. Егер сіз шынымен бірдеңе істегіңіз келсе, оны ақшасыз істеңіз. Егер сіз нәтижеге жетсеңіз, ақша сізге өзі-ақ келеді».


Harvard Business Review

Аударған Дина Имамбаева
Просмотров материала: 2 324

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 963 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 785 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 757 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 695 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 676 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 475 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 231 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 258 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 711 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 841 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 944 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 308 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 478 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 628 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 981 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 188 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930