24 января 2020 г.

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



"Жалюзи сатып алуға мәжбүрледі": Алматылық мұғалім мектепте ақша жиналатынын айтып шағымданды

14 сентябрь 2019, 9:35
"Жалюзи сатып алуға мәжбүрледі": Алматылық мұғалім мектепте ақша жиналатынын айтып шағымданды
Алматыда лицей мұғалімі мектепте ақша жиналатынын айтып шағымданды. Мұғалімнің сөзінше, білім беру мекемесінің директоры мұғалімдерді өз ақшасына кабинеттерге перде сатып алуға мәжбүрлеген. Ал директордың өзі мұндай айыптауды жоққа шығарып отыр. Бұл туралы «Астана» арнасы хабарлайды.

25 жыл мұғалім болып жұмыс істеген Ләззат Мұсанованың сөзінше, ол осы жылдар бойы бордан бастап, шүберек, шкаф пен стендке дейін, яғни түрлі оқу материалдарын сатып алу үшін өз ақшасын жұмсаған. Ол мектеп басшылығының ақша жинайтыны туралы айтпай келген.

«Ол менен жалюзи туралы сұрады. Мен әлі ілмегенімді айттым. Себебі ұлым Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс істеуге кеткен. Оның көшуіне көп ақша кетті. Пәтер жалдады. Ол маған: «Білмеймін, ілу керек», - деді», - деп шағымданады қаладағы №143 мектеп-лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ләззат Мұсанова.

Ақырында мұғалім жалюзиді сатып алған. Мектептегі басқа мұғалімдер де осылай жасапты. Алайда Ләззат мектеп басшылығынан екі жалюзиге жұмсаған 14 мың теңгесін сұрауды ұйғарыпты. Артынша анықталғандай, ол жалюзи үшін өзге мұғалімдерге қарағанда аз төлеген екен. Үлкен кабинеттердегі жалюзилердің бағасы 30-дан 40-мың теңгеге дейін тұратын көрінеді.

Мұғалім жалюзи сатып алғаннан кейін өмір сүруіне ақшасы қалмағанын айтады. Сол кезде ол өзінің проблемасы туралы әлеуметтік желіде жазған. Мұғалімнің даулы жазбасына білім беру басқармасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіндегілер назар аударған.

Анықталғандай, жалюзиді орнатуға қалалық бюджеттен 2,5 миллион теңге бөлінген. Бұл ретте лицей директоры мектепте ақша жиналғанын жоққа шығарып отыр. Оның сөзінше, мұғалімдер пердені өз бастамасымен сатып алған.

«Ол ешкімге айтпай, жалюзиді өзі сатып алған. Меңгеруші оған телефон арқылы жазып, жалюзи сатып алудың керегі жоғын айтқан. Ал ол: «Маған қиын емес. Өзім сатып аламын, уайымдамаңыз», - деп жауап беріпті. Мен ешкімді мәжбүрлемедім. Бәрінен сұрасаңыздар, айтады. Тіпті, мен де жайлылық үшін жалюзи сатып алдым», - дейді мектеп-лицейдің директоры Гүлнара Байеділова.

Ендігі бюджеттен жалюзиге бөлінген қаржыны өзге де қажеттіліктерге жұмсамақ. Директордың бұл ойын мұғалімдер де қолдап отыр.

«Оның қажеті бар-жоғын мұғалімдер өздері шешеді. Егер маған кабинет берсе, қажет заттарды өз ақшама сатып аламын. Оған ешкім мәжбүрлемейді. Ешкім шағымданбайды. 40 жыл жұмыс істеп жүрмін, барлық стендті өзіміз сатып алғанбыз. Ешкім ол туралы айқайлап айтқан емес», - дейді аталған мектептің мұғалімі Бақыт Омарова.

Десе де мұғалімге жалюзиге жұмсаған 14 мың теңгесі қайтарылыпты. Ал өзге мұғалімдердің басшылыққа шағымы жоқ. Алайда осыған қарамастан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіндегілер бұл оқиғаға назар аударды.

«Бұл жемқорлыққа қатысты қылмыс емес. Алайда бұл бұзушылық болып табылады. Бұлай жасауға болмайды. Мемлекет мектепке қажетті заттарға ақша бөледі. Бұл деректі, тіпті, мұғалімдер білмейді», - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының басшысы Елнар Игіліков.

Ләззат Мұсанова салалық департаментке шағым түсірген. Мұнан әрі қарайғы тексерісті қалалық білім басқармасы жүргізетін болады.
Просмотров материала: 2 059

Поделиться материалом


18:46 "ЦОН! Нам по*** кто ты!"... 253 Просмотров

18:24 Айсултан: Дети и внуки, как фактор политической борьбы... 263 Просмотров

17:40 Спорные моменты по ОСМС должны решаться в пользу пациента -... 96 Просмотров

17:03 Алматинские хирурги осваивают современные методы... 127 Просмотров

16:39 Таразда болған оқиға – нағыз масқара, - Қ.Тоқаев... 91 Просмотров

16:24 Президент раскритиковал раздутые штаты госхолдингов... 125 Просмотров

16:17 Финансовая система страны больна - президент... 109 Просмотров

15:58 План Мамина: Правительство планирует увеличить доходы... 118 Просмотров

15:58 Центр анализа и мониторинга социально-экономических реформ... 107 Просмотров

15:42 К.Токаев предложил мораторий на дорогие авто и пышные форумы... 118 Просмотров

14:59 Давайте дружить домами: Критика всегда должна быть... 164 Просмотров

14:16 Қазақстан инфляция жөнінен "чемпион" атанды - президент... 402 Просмотров

14:16 "Это позор" - Токаев об изнасилование девочки в Таразе... 209 Просмотров

13:35 Токаев - чиновникам: Даю возможность исправить недостатки.... 539 Просмотров

13:31 "Дальше так продолжаться не может" - президент о внутреннем... 1 509 Просмотров

13:28 Токаев владельцам иностранных авто: "Поставьте на учет,... 147 Просмотров

13:25 В Казахстане предстоит модернизация пенсионной системы... 125 Просмотров

13:22 "Я давал поручения работать с ценами, работу провалили" -... 142 Просмотров

13:18 Президент дал 2 месяца на наведение порядка в городских... 102 Просмотров

13:04 Қайтара алмайтын адамдарға несие бермеу керек - Тоқаев... 274 Просмотров

13:03 Президент объяснил, почему в Казахстане дорогое... 195 Просмотров

12:41 Токаев - правительству: Времени на раскачку нет... 180 Просмотров

12:22 Снег, ветер, непогода: в Нур-Султане отменили занятия для... 124 Просмотров

12:19 Токаев заявил о необходимости нового экономического курса в... 137 Просмотров

12:17 Изнасилование в школьном туалете Тараза: насильнику вынесли... 128 Просмотров

12:16 Президент Қабатовтың ұсынысына қатысты өз ойын білдірді... 128 Просмотров

12:13 "Семею предоставлен статус исторического центра. Это не... 96 Просмотров

12:09 На казахстанских заправках снова подорожал бензин... 103 Просмотров

12:06 "В этом году газ доведем до 1 млн 400 тыс. человек" -... 98 Просмотров

12:01 Сократить средства – Токаев о праздновании 175-летия Абая... 129 Просмотров

11:55 Н.Нигматулин провел заседание Бюро Мажилиса... 91 Просмотров

11:51 Президент похвалил работу А.Кульгинова... 137 Просмотров

11:45 Свыше 20 домов для дольщиков построят в 2020 году в... 92 Просмотров

11:38 Перевод на газ ТЭЦ-1 и ТЭЦ-2 планируют начать весной в... 91 Просмотров

11:34 В ДЧС опровергли сообщения о предстоящем сильном... 131 Просмотров

11:31 Зарплаты иностранцев и казахстанцев должны быть одинаковыми... 88 Просмотров

11:27 За 2019 год мы получили 4,2 млрд долларов валютного дохода... 100 Просмотров

11:20 Премьер-министр обозначил семь стратегических направлений... 678 Просмотров

11:10 Нацбанк сохранит режим свободно плавающего обменного курса... 105 Просмотров

11:04 В регионах Казахстана построят 19 крупных медцентров... 108 Просмотров





Опрос


«    Январь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031