26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қоғамдық кеңестің не қажеті бар?

Президент пәрменімен құрылған Қоғамдық кеңестің жиыны өтіпті астанада. Көрдік. Оқыдық. Құлағдар болдық. Отырысқа жиналғандарды король Артур заманындағыдай дөңгелек стол басына отырғызған екен (фото). Онысы күлтөбеге жиналғандардың бәрі өзара тең дегенді білдіргісі келгендері ғой өздерінше. Оны да аңғардық.

Дегенмен, фототілшілердің түсірген фотоларына, алынған ракурстарына көз жүгірте отырып, басты стендтің түбінде кімдердің отырғанына қарап, өзара тең дегендердің арасында "біріншілер" бар екенін де байқадық.

Жә, оның бәрі ұсақ-түйек ғой. Бастысы жұмыс жүріп, нәтиже болса игі. Нәтиже дегеннен шығады, Қоғамдық кеңес жұмысқа кіріспей жатып, оның ісінде береке болмайды деп бал ашушылар көбейіп кетті. Оларды да түсінуге болады, әрине.

Басшы атаулылардың талай бастамасының аяқсыз қалғанын көрген жұрт, мұндай шараларға сенуден әбден қалған. Қоғамдық кеңес те сол биліктің ұсынысымен құрылып отыр. Сондықтан халықтың бұл қауымдастыққа да сенімсіздікпен қарауы заңды құбылыс.

Бірақ, бұл жерде бір нәрсені ескеру қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанның саяси билігі біртұтас болудан қалып барады. Өздеріңіз байқап жүрсіздер, жоғарғы биліктің өзі бір қолда шоғырланбаған. Ал одан төменгі эшелондарда, үкімет пен парламентте, сот пен һақ қорғау органдарында, қаржылық институттарда билік үшін талас тағы да бірнеше топтың арасында жүріп жатыр. Оны мемлекеттік басқару ісіндегі, кадр саясатындағы болып жатқан анархиядан анық аңғаруға болады.

Жанталасқан тартыс. Бірі кетіп, екіншісі келіп, оның орнын, екі-үш ай өтпей жатып, үшіншісі басып алып жатыр. Жаңадан тағайындалғандардың өзі қанша уақыт отыратынын білмейді. Ертең ақ ұшырып жіберуі ғажап емес. Мұндай хаосқа толы саяси жағдайда билік атаулы стагнацияға ұшырайды.

Жаңа қызметке келгендердің ешқайсысының жұмыспен, тікелей міндеттерімен шаруасы жоқ. Жан-жағына жалақтап, қатер қай жақтан келер екен деп отырғаны сол. Ондай басшыларда нендей мақсат, нендей міндет болуы мүмкін?

Еш ой жоқ. Есіл-дерті ауыспалы кезеңнен аман-есен өтіп, өз орнын сақтап қалу. Сөйтіп, қалтырап, дірілдеп отырған биліктен не қайыр, не үміт?

Оппозициялық күштерде де бірлік жоқ. Бірлік түгілі бірлесуге ниет жоқ. Себебі түсінікті. Ортақ мақсат, ортақ мүдде қалыптаспаған. Әрқайсысы әр жаққа лағып жүр. Мұндай алауыздық пен бақталастық одан әрі жалғаса берсе елден береке біржола кетеді. Сондықтан мемлекетті басқару аппаратын барынша тез арада ес жинату керек.

Ол үшін сол мем. органдарды түртпектеп, тыныштық бермейтін, табанға кірген тікендей мазасын алып отыратын күш болуы тиіс. Ондай күш бола алатын тек сол қоғамның өзі және сол қоғамнан шыққан ұйымдар. Солардың ішінде Қоғамдық кеңестің орны ерекше болуы әбден мүмкін. Мейлі, ол Президенттің жарлығымен құрылсын. Мейлі, арасында сіз бен біз жақтырмайтын азаматтар жүрсін.

Менің өзім де сол кеңеске кірген бірталай адамның сонда отырғанын қаламаймын. Бірақ, ол менің, жалғыз менің ғана субъективті пікірім. Соған бола бүкіл кеңестің жұмысына күмән келтірсем, менің әділдігім қайсы? Сондықтан, жеке өзіме жақпады екен деп тұтастай бір қауымға топырақ шашу, оның үстіне жұмысын бастап та үлгермеген ұйымнан түк шықпайды деп лепіру жарамас.

Дәл қазіргі таңда бұл кеңестің өнімді жұмыс істегені бәрімізге де тиімді. Себебін жоғарыда айтып кеттім. Мем. органдар параличке шалдығып, бұрынғы инерциямен ғана әупірімдеп жүр. Сол себепті мұндай ұйымдар қазір ауадай қажет. Тек солар арқылы қоғам биліктің тоқмейілсініп жатуына жол бермейді.

Ал біз әңгіме қылып отырған кеңестің жұмысы жемісті болуы үшін не керек? Ең алдымен бұл ұйымның статусын заң жүзінде бекітіп, құзыретін нақтылап, функцияларын белгілеу керек. Мемлекетте билік тармақтары президенттік, заң шығарушы, атқарушы және сот болып Конституциямен бекітілгені түсінікті.

Алайда Қоғамдық Кеңестің де өзінің ықпал ету механизмдері болуы тиіс. Мәселен, атқарушы биліктің мерзімдік жоспарларының орындалуын тексеру немесе бұрын қабылданған заңдарды ревизиялау. Әлде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды тапсыруға болады. Осындай нақты құзіреттерсіз Кеңес жұмысынан ешнәрсе де өнбейді.

Қоғамдық Кеңес сияқты ұйымдар тағы бір себептермен керек. Мұнда саяси көзқарастары мен өмірлік ұстанымдары әртүрлі, бірақ мақсат-мұраттары бір азаматтар өзара түсінбеушілікті жеңіп, бірлесе жұмыс істей білуге үйренеді. Біздің қоғамға дәл сондай тәжірибе жетіспейді. Ақылды, парасатты, ең бастысы бейқам емес азаматтар жетерлік. Тек солардың басы бір піспей қойды 30 жылда. Біздің елдің соры да сонда.

Сондықтан, осы күлтөбеге жиналған ала-құла топ өзара мәмілеге келуді үйренсе, өзінің ғана емес, басқаның да мүддесімен санасудың үлгісін көрсете білсе, мемлекеттік мақсатты өз мансабынан жоғары қоя алса, онда өз басым, кей мүшелерін ұнатпасам да, бұл кеңесті қолдаушылардың алдыңғы қатарында болам.

Мұхтар Түменбай, журналист


Facebook
Автор: Мұхтар Түменбай -
Просмотров материала: 3 291

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 295 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 115 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 087 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 029 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 013 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 494 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 250 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 274 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 736 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 871 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 068 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 588 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 139 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 143 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 735 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 835 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930