27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Оқулық па, олқылық па?

Оқулық па, олқылық па?
«Білім күні» есік қағып тұр, ал мектептер өз шәкірттерін қате өріп жүрген оқулықтармен қарсы алмақ.

Оқулықтардағы ағаттықтар туралы бұған дейін бірнеше рет мәселе көтергенбіз. Жақында, 2019 жылдың 8 мамырында осы туралы сол кездегі Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова атына арнайы Депутаттық сауал да жолдағанмын.

Енді осы мәселеге қайта оралуға тура келіп тұр.

Бұған Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған жаңа оқулықтағы өрескел қателер себеп болды.

Биылғы 13 тамыздағы Үкімет отырысында БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов «1 қыркүйектен бастап, оқушылар мен ата-аналар электронды оқулықтарды Білім және ғылым министрлігінің сайтынан жүктеп ала алатынын» мәлімдегені есте. Уәде етілгендей, олар қазір сонда тұр.

Оқулықтарды қарап отырып, оларда жолыққан жөнсіздіктер жанға батып, жігерімді құм қылды. Бұл бір кетпейтін кесел, бітпейтін түйткіл болды.
Әңгіме Білім және ғылым министрлігі бекіткен, жалпы білім беретін мектептердің 1-сынып оқушыларына арналған ағылшын тілі пәнінің оқулығы – «Smiles 1 Pupil's Book for Kazakhstan Grade 1» (Jenny Dooley, Virginia Evans, аударған Н.Мұхамеджанова) туралы болып отыр.

Мәселен, түстер бөлімінде «blue» орысша «голубой» деп берілсе, қазақша «көк» деп аударылған. Дұрысы, әрине, «көгілдір».

«Pink» орысша «розовый» делінсе, мемлекеттік тілде «ал қызыл» деп көрсетіліпті. Дұрысы, бұл – сөз тіркесі емес, бір сөз, бірге жазылады.

Бұрыс жазу сандар бөлімінде де байқалады. Мәселен, three қазақшасы «уш» деп беріліпті.
«Table» қазақшасы «устел» екен.
«Big» дегеніміз «улкен» көрінеді.
«Ү» әрпінің неліктен ұнамай қалғаны, оған не себептен қырғидай тиіп, жөнсіз алмастырғаны түсініксіз.
Бір қызығы, «Chicken» «таүық» болып, «у» әрпі негізсіз «ү»-ге өзгертілген.

Сорақы тәржіма мұнымен бітпейді. «Doll» немесе «кукланың» қазақшасы қалай деп ойлайсыз? Білетін боларсыз. Ал мына оқулық кесірінен балаларымызға оны мектепте «қуыршық» деп үйретеді.

Қазақ тілінің үндестік заңдылығына, тілдің фонологиялық ерекшеліктеріне сай «машинаны» «мәшине» деп жазу 2017 жылы қабылданған болатын. Бұл термин А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты әзірлеген қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне кірді және өзге оқулықтарда жаппай қолданылуда. Бірақ ағылшын тілі пәнін әзірлеушілер жаңалық тауып, оны «мәшіне» деп аударыпты.

Атап өту керек, орысша аудармаларының жазылуында бірде-бір қате жоқ. Жауапты тұлғалар, оқулықты әзірлеушілер, олардың үстінен қараушылар бірінші кезекте орыс және ағылшын тіліндегі нұсқаларының дұрыс болуына баса мән бергенге ұқсайды. Ал мемлекеттік тілдегі нұсқасы «әйтеуір бар болса болды» деген немқұрайдылықтың құрбаны болған сыңайлы.

Мұндай оқулықтар сауаттандыру орнына, сауатсыз ұрпақ қалыптастыруға, мемлекеттік тілді өрістетуге емес, өмірем қаптыруға ықпал етпек!

Оқулықта басқа да ақылға қонбас дүниелер бар. Мәселен, онда Қазақстан туы көрсетіліп, қасына «Алдар көсенің дөңгелек жүзі және қысық көзі болған» деп ағылшынша жазылған. Алдар көсенің кім екенін білмейтін, тек көк тудың қазақтарға қатысы барлығын түсінетін қазіргі балаларға бұл мәлімет нендей ұлағат-өнеге береді?

2016 жылдан бері қолданылып келе жатқан бұл оқулықта ескі ақпараттар жүр. Мәселен, ағылшын тілінде «Бұл – менің елім Қазақстан. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» делінген. Немесе: «Бұл – Астана. Ол Қазақстанның астанасы» дейді.

Бұл айтылғанды білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов назарға алар, қателерді түзер деген ойдамын!".

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Дереккөз: facebook
Автор: Бақытбек Смағұл -
Просмотров материала: 2 123

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 419 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 237 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 210 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 153 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 136 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 501 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 256 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 281 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 744 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 881 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 110 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 624 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 773 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930