2 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Отандық танымал әнші бейнебаянына гейлерді не себепті түсірді

23 август 2019, 16:03
Отандық танымал әнші бейнебаянына гейлерді не себепті түсірді
Азамат Сыздықов — қазақ эстрадасында The Kitchen Songs деген атпен танымал дарынды жас әншілердің бірі. Сыздықовтың “Айналайын”, “Сырласу”, “Тәп-тәттісің” сынды әндерін жастар сүйіп тыңдайды. Жақында ресейлік Unipop Music лейблімен келісімшартқа отырған өнер иесі Stan.kz тілшісіне әндері арқылы қалың жұртқа қандай ой тастағысы келетінін, сахнада жүрген үш жылдың ішінде не түйгенін және жақында жарық көрген “Екеумізге бәрібір” бейнебаянына ЛГБТ мен ұлтаралық жұптарды түсірудегі мақсатын айтып берді.

Әндеріңіз арқылы тыңдармандарыңызға не айтқыңыз келеді? Әндеріңізде қандай мағына жатыр?

Әр әннің өзіндік мағынасы бар. Әннің жайшылықта тумайтыны тектен-текке айтылмаған ғой. Әр әннің туу тарихы, себебі болады. Қоғамдағы проблемалар жаныма батады, сол кезде шабыт келеді, сәйкесінше ән туады. Көкейімді мазалаған ойларды әндерім арқылы жеткізуге тырысамын. Кейбір адамдарға әндерімнің сөзі тым қарапайым, астарында күрделі мағына жоқ болып көрінуі мүмкін. Менің ойымша, әннің сөзін қатты қиындатып жазудың қажеті жоқ. Бүгінгі күні қазақ тілін толығымен түсінетін адамдар тұрмақ, ана тілімізде екі сөздің басын қоса алмайтындар баршылық. Әннің сөздері тым күрделі болып кетсе, оны ешкім түсінбей қалуы мүмкін. Жеке басым белгілі бір месседжді қарапайым тілмен жеткіземін. Шын көңілмен тыңдаған адам менің не айтайын дегенімді түсінеді, оған месседж барады деп ойлаймын.

“Екеумізге бәрібір” әні арқылы қандай ой салғыңыз келгенін айта кетсеңіз. Оның үстіне, бейнебаянда ЛГБТ, ұлтаралық некелер бар деп сынның астына алғандар болды. Қоғам тарапынан мұндай қысымға, жағымсыз пікірлерге дайын болдыңыз ба?

Жақында ғана жарық көрген ән бір-бірін сүйетін екі адамның атынан екі жыл бұрын жазылған. Әнді жазып жатқанда қоғамда резонанс тудырған бір жағдай болды. Қателеспесем, қазақ қызы қытайлықты өмірлік жары етіп таңдағаны үшін сынның астында қалды. Қазақстандықтар олардың шаңырақ көтеруіне кедергі келтіріп, жас жұбайларды соққыға жыққан еді. Мұндай жағдайға бейжай қарай алмадым.

Біз махаббат жасқа қарамайтынын тілге тиек етеміз. Махаббат жасқа ғана емес, нәсілге де қарамайды. Адамды шын сүйсеңіз, басқа дүниеге мән бермейсіз, себебі сізге бәрібір. Осы ойды тиянақтап, бір әнге сыйдырттым. Жағымсыз пікірлерге де психологиялық тұрғыдан дайын едім. Әннің бейнебаяны көрермен назарына жол тартқан кезде көптеген адамдар ЛГБТ-ны үгіттеп жатыр деп айып тақты. Менде мұндай ой ешқашан болмаған. Себебі, насихаттағаным махаббат қана.

Гей мен лесбияндарды бейнебаянға ЛГБТ-ны насихаттау үшін түсіру — үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Әйтсе де менің ойымша, оларды жек көру, адам қатарына қоспау, дөрекілік таныту — ақылға қонымсыз әрекет. Гей не лесбиян болсын олар да біз секілді махаббатқа құқылы адамдар.

Бір қызығы, бейнебаянның түсіріліміне басында актерларды шақырдым. Бірақ олар біз бекіткен рөлдерді ойнаудан бас тартты. Сосын Әмір Шайкежановқа, Әли Баталовқа жазып, клиптің бөлшегі болуға ұсыныс тастадым. Жағымсыз пікірлердің болатынын айтып, дайын не дайын емес екенін сұрадым. Олар бірден келісіп, негативтен қорықпайтындарын айтты.

Стиліңізді іздеу үстіндесіз бе?

Иә, мен эксперименттеуді жақсы көремін. Әртүрлі жанрдағы музыканы ұнатамын. Үш жыл бойы өзімнің стилімді нақты таппадым. Бірақ менің ойымша өзімді айшықтайтын белгім бар.

Қазақстанда шығармашылық тұлға, әнші болудың артықшылықтары?


Бәсекелестік бар, бірақ шетелмен салыстырғанда оның деңгейі едәуір төмен. Біздің эстрадада өз-өзіңді көрсету, бәсекеге сай болу аса күрделі емес. Дегенмен, біздің музыкалық нарық даму шегіне жетпеген, елімізде шығармашылық жұмыспен айналысу қиын. Көпшілік әнді тыңдап алып, артынан сынауға дайын. Бірақ әншінің туындысын сатып алу арқылы қолдау көрсететін адам аз. Дегенмен "Өз үйім — өлең төсегім" дегендей, Қазақстан — өзімнің туған жерім ғой, қайда барам? Өзімнің елімде жүріп өлең шығармасам, басқа кім жасайды? Бірге жұмыс істейік деп ұсыныс тастаған шетелдік лейблмен жұмыс істесем де, қазақ тілінде өлең жазуды тоқтатпадым.

Әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салу керек дегенге қатысты көзқарасыңыз?

Кейде фонограммамен айтуға тура келетін әртүрлі жағдайлар болады. Телевидениеде тікелей эфир жүретін болса ұйымдастырушылардың өзі түсірілім кезінде қиындықтар тумауы үшін фонограммамен айтуды сұрайды. Қыста фестивальдерде минус отыз градуста кейбір әншілер фонограммамен ән салады. Оларды осы үшін сынаудың керегі жоқ деп ойлаймын. Өзімді керемет вокалист санамаймын, бірақ өнер көрсететін жердің тоқсан бес пайызында әнді жанды дауыста айтамын. Менің ойымша, фонограммамен айтуға тыйым салу мәселесі әлі біраз уақыт бойы талқыланады.

Көбінесе әншілер той бизнес арқылы танылып жатады. Мансабыңыздың басында неге осы бағытты таңдамадыңыз?

Көптеген продюсерлерден той әндерін шығарып, сол бағытта жұмыс істеу туралы ұсыныстар түсті. Бірақ табысы мол болса да, той музыкасы жақын болмағандықтан бас тарттым. Той әндері жаман емес, тойларда тыңдап, билеп жүрмін. Бірақ ондай әндерді жеке басым жазғым келмейді. Ақша табу үшін де өз-өзімді мәжбүрлеп той әнін жазу ойымда жоқ.

Музыкаға келгеніңізге үш жыл өтті. Не өзгерді?

Көптеген дүниені білмейтінмін, алғашқы кездері жазып жүрген әндерімде музыкалық тұрғыдан қателіктер болатын. Үш жылдың ішінде музыкалық сауаттылығымды арттырып, шеберлігімді шыңдадым. Тыңдармандарыммен жақсы қарым-қатынас құрып, әндерімді адамдарға дұрыс жеткізуді, клип түсіруді үйрендім. Менің ойымша, үш жылдың ішінде жақсы өстім және бұл басы ғана. Жалпы үш жыл бұрын басқа адам болдым.

Өнеріңіздің бағаланып жатқанын қай сәттерде түсінесіз?

Үлкен фестивальдерде сахнаға атыңды айтып өнер көрсетуге шақырғанда адамдар шулай бастайды. Сол кезде бойымда адреналин ойнап, керемет сезімге бөленесің. Осындай сәттерде түсінемін. Сондай-ақ әлі тілі шықпаған кішкентай балалардың әндерімді айтып жүргенін көргенде жан-жүрегіммен қуанамын. Өнерді таңдап, қателеспегенімді, менің жолым музыкамен тығыз байланысты екенін ұғынамын.

Жаңадан шығып келе жатқан әншілерге берер кеңесіңіз?

Көп жұмыс істеу. Әнші болғысы келетіндерден кейде талант бар, таныс жоқ дегенді көп естимін. Негізі, көп жұмыс істесеңіз, таныстың керегі жоқ. Еңбектенсеңіз, түбінде бір жерді тесіп шығасыз.
Просмотров материала: 1 372

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 93 130 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 944 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 915 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 858 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 846 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 535 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 288 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 315 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 794 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 939 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 382 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 338 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 499 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 409 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 167 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 332 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 868 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 144 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 478 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 177 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 152 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 091 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 944 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 154 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 118 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 015 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 844 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 986 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 197 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 435 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 926 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 964 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 015 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 916 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 152 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 283 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031