25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Түркістан облысында 14 жастағы баланы жоғары сынып оқушылары бір жарым жыл зорлап келген

22 август 2019, 10:40
Түркістан облысында 14 жастағы баланы жоғары сынып оқушылары бір жарым жыл зорлап келген
Түркістан облысында интернатта оқып жүрген 14 жастағы ұлды жоғары сыныптың екі оқушысы 1,5 жылдан бері зорлап келген. Салдарынан жеткіншектің психикасы бұзылып, дәретке отыруы да қиындаған, деп хабарлайды Almaty.tv арнасы.

Жантүршігерлік оқиғаға қатысты сот болып, үкім шыққан. Бірақ судья бала жалған сөйледі деп, бұзақыларды босатып жіберіпті. Әділеттен күдер үзген жеткіншектің анасы енді ұлын Алматыда оқытуға бекініп отыр.

Алтынгүл Арапова – Алматыға сонау Сарыағаш ауданынан әділдік іздеп келген шарасыз ана. Келіншек алып шаһардан 14 жасар ұлына көмектесетін мықты психолог пен жан жарасын ұмыттырар жақсы мектеп іздейді. Өйткені ортаншы ұлы көрші ауылдағы қорлық көрген интернатына ендігәрі аяқ баспаймын деп кесіп айтқан. Оның айтуынша, баласын 1,5 жылдан бері жоғарғы сыныптың екі оқушысы зорлап келген. Бұзақылар баланың аузына мақта тығып, қол-аяғын байлап, ойларына келгенін істепті. Тіс жармауы үшін қоқан-лоқы көрсетіп, әбден үркітіп тастаған. Сұмдық жайтты анасы тек былтыр күзде естіген, әйтсе де оған дейін бұл жайды бүкіл мектеп естісе керек.

«Содан бері балам мектепке барған жоқ. «Бармаймын ол мектепке, оқымаймын, балалар мені мазақтайды, барлығы тесіліп қалғасың» деп айтады деп, бармай қойды. Жоғарғы сыныпта оқитын балалар оны 1,5 жыл бойы зорлап келген. Бұл нәрсе неше рет қайталанды, үлкен дәретін жіберіп қоя беретін болды», – дейді анасы Алтынгүл Арапова.

Анасы ұлына жасалған қорлықты естіген бойда, интернат ұжымы оған 3 млн теңге ұсынып жақ аштырмаудың амалын жасапты. Бірақ келіншек бұған көнбей, құзырлы орындарға арыз жазған. Іс сотқа жолданып, жәбірленушіні қорғауды танымал адвокат Айман Омарова өз мойнына алыпты. Алайда сот жасөспірімге зәбір көрсеткен бұзақы оқушыларды кінәсіз деп тауып босатып жіберіпті. Ал әділдік іздеген ұлдың өзі ақыр соңында кінәлі болып қалды.

«Бұл істе прокурор тыңғылықты зерттеу жүргізіп, тағы да басқа зорланған балалардың бар екенін анықтады. Ал судья Темірәлиев оны мүлдем назарына алмады. Барлық дәлелдерді елемей, керісінше «бала жалған сөйледі» деген шешім шығарған. Қорлық көрсеткен екі жеткіншек солай ақталып шықты. Үкім әділетсіз», – дейді адвокат Айман Омарова.

Елімізде зорлық-зомбылық жасау дерегі бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр екен. Алайда жасалған қылмыстардың басым бөлігіне үкім әділетсіз шығып, көп жағдайда зорлық құрбандардары қорғалмайды дейді заңгерлер. Сондықтан бүгін белсенді адвокаттар зорлық-зомбылыққа байланысты Президентке үндеу жасады. Олар мұндай қылмыс жасағандарға жазаны қатаңдату мәселесі түбегейлі шешпейтінін айтып, арнайы департамент құруды ұсынды. Әрі осындай қылмыстық істермен айналысып жүрген тәжірибелі қорғаушылардан комиссия түзу қажеттігін жеткізді.

«Біріншіден, осындай жағдайлармен жұмыс істейтін арнайы департамент ашу керек. Бұл жерде жыныстық дербес құқықтылық деген тағы бар. Нақты әйелдердің зорлануы, кішкентай қыздың зорлануы бөлек те, мүгедек қыздар бар, мүгедек балалар, ер адамды зорлаған мүлдем басқа болады. Бұл мәселеде арнайы мамандар керек. Оған қазіргі психологтардың дәрежесі жетпейді. Бізде бірінші проблема ол - сараптама. Олар әділін айтып, нақты болғанды болды демейді, шындықты бұрмалайды. Міне, сол үшін арнайы департамент құру керек», – деді адвокат Айман Омарова.

«Жасөспірімдерді қорғауда бізде үлкен проблема бар – сот сараптамасын кеш тағайындайды, сұрақ-жауап жүреді, сосын дер кезінде жинайтын дәлелдемелерді кешіктіреді. Полиция қылмысы дәлелденбесе айып тағу мүмкін емес деп жатады. Ал прокуратура істі уақтылы қадағаламайды», – дейді заңгер Кәмиша Есмұхамбетқызы.

Сондай-ақ, заңгерлер жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретуді ұсынды. Әрі жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесімен ерте бастан айналысып, барлық балалардың тегін үйірмелер мен спорт секцияларына қатысуына мүмкіндік жасау қажет деді.
Просмотров материала: 1 853

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 204 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 025 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 996 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 937 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 919 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 489 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 243 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 269 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 731 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 858 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 033 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 315 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 311 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 557 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 705 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 832 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930