29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Ет бір аптада 30% қымбаттады": Ұлттық экономика министрлігі себебін түсіндірді

21 август 2019, 15:40
"Ет бір аптада 30% қымбаттады": Ұлттық экономика министрлігі себебін түсіндірді
Әлеуметтік желіде жылқы қазысы мен жаясының 2800-ден 3800 теңгеге, сиыр етінің мың екі жүз теңгеге, ал қой етінің 10% "қымбаттағаны" қызу талқыға түсті. Осы орайда ҚР ұлттық экономика мен ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер бұл қымбатшылықтың немен байланысты екенін түсіндірді. Сондай-ақ, олар еттің бірден 30%-ке қымбаттап кетпегенін бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

«Басқа өңірлерде қалай болып жатқанын білмеймін, бірақ Алматыда бір апта ішінде ет 30% қымбаттады. Енді тамыз айының басынан бастап жылқы етінің бағасы мың теңгеге артып отыр. Сиыр етінің де жағдайы осылай. Себебі неде? Неге баға бұлай бірден қымбаттап отыр? Базар ережесі «Ұсыныс бар жерде сұраныс бар» дегенді айтады. Басқаша айтсақ, ұсыныс сұраныстан жоғары болып отыр. Мемлекетте ет тұтынатын мөлшерден аз өндіріліп жатыр», - дейді Бағдат Қожахметов.

Әрі қарай ол ауыл шаруашылығы есептеріндегі цифрлардың жалған екеніне тоқталды. Осы орайда Көк базар сатушысының сөзін дәлел ретінде келтірді. Сатушы әйелдің айтуынша, бұл қымбатшылық Өзбекстаннан етке деген сұраныстың күрт артуымен тікелей байланысты.

«Бұл әйелдің әкесі Оңтүстік Қазақстанда мал өсірумен айналысады. Оған келген адамдар ақшаны қолма қол және артығымен беруге дайын. Ол өзбектердің Қазақстан етін Қытайға тасымалдайтынын айтады. Ол жақта табиғи етке сұраныс артқан екен. Осылайша біздің склад кешке қарай босап қалады. Әкелінген ет сол күні-ақ сатылып кетеді», - дейді ол.

ҚР ұлттық экономика министрлігі етке шетелден сұраныс артты деген фактіні растады. Алайда ұсынған мәліметтерінде ет бағасы 30%-ке дейін өспеген. Осы орайда олар сиыр етінің бағасы қалай өзгеріп отырғанын мысал ретінде келтірді.

«Ішкі қажеттілік 98,3% өз өнімімізбен қанағаттандырылып отыр. Бірінші жартыжылдықта сиыр еті импорты жалпы тұтыну көлемінің 1,7%-ін құрайды. Республика бойынша, жыл басынан бері сиыр етінің бағасы 9,9%, ал айдың басынан бері 3,3% өсті. Дәлірек айтсақ, Алматы қаласында - 3,7%, Шымкентте - 5,3%, Талдықорғанда - 4,5% және Түркістанда - 3%. 13 тамыздағы жағдай бойынша, республикада сиыр етінің бағасы 1700 теңге болды», - деді министрлік баспасөз хатшысы Шыңғыс Ілиясов.

Әрі қарай ол бағаның дәл осылай өсуіне Қытай мен Өзбекстан еліне экспорттың өсуі әсерін тигізіп отырғанына тоқталды. Әсіресе, кейінгісінің тарапынан сұраныс артқан.

Статистика органдарының мәліметінше, биыл 2018 жылмен салыстырғанда Өзбекстанға жөнелтілген ірі қара малының үлесі 20 есе көп: 2 912 бастан 65 467-ге дейін өскен.

«Бағаларды ұстап тұру үшін жаңа құралдар әзірленді. Енді нақты 10 негізгі азық-түлік бойынша күшейтілген бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ, олардың бағаларын төмендету бойынша шаралар қабылданып жатыр», - деді ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Ал сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтарды азық-түлік бағасын бақылауға тартуды ұсынып отыр. Яғни кез келген азамат тауардың бағасын суретке түсіріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының статистикасы жинақталатын арнайы порталға жібере алады. Бұл жүйе арқылы дүкендердегі тауарлардың құнын онлайн режимде бақылауға болады. Егер үкімет бұл ұсынысты қолдаса, министрлік өзге де құзырлы органдармен бірлесіп, жүйені қысқа мерзімде енгізуге дайын екені айтылды.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Асқар Маминнің азық-түліктер бағасының қымбаттауына байланысты әкімдерге шүйліккені туралы хабарлаған едік.
Просмотров материала: 1 460

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 623 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 462 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 448 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 385 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 341 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 641 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 222 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 397 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 313 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 227 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 297 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 380 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 451 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031