14 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Үкімет халықтың кредитін өтейді: қарыз алушы не істеуі керек?

14 август 2019, 12:41
Үкімет халықтың кредитін өтейді: қарыз алушы не істеуі керек?
Тұрмысы төмен азаматтардың 300 мың теңге мөлшеріндегі қарызы тамыз айының соңына дейін өтеледі. Бұл туралы ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Досаев қазақстандықтардың борыш жүктемесін азайту үшін үкімет пен ұлттық банк екінші деңгейлі банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп, екі бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Біріншісі – халықтың әлеуметтік осал топтары үшін кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша 300 мың теңгеге дейінгі берешекті өтеу. Азаматтардың тізімдері бойынша берешек туралы ақпарат жиналды. Қарызы өтелетіндердің тізімі жасалды. Берешекті өтеу тамыздың соңына дейін аяқталады", - деді Досаев.

Оның айтуынша, кредиті өтелетін қазақстандықтар банктер мен микроқаржы ұйымдарына өтініш жазбайды. Берешекті өтеу жұмысын кредиторлар дербес жүргізеді. Содан кейін кредиторлар әрбір қарыз алушыға тиісті хабарлама жібереді.

"Екінші бағыт – барша қазақстандықтың кепілсіз тұтынушылық қарызы бойынша 2019 жылғы 1 шілдеде есептелген айыппұлы мен өсімпұлын есептен шығару. 30 шілдеде банктер мен микроқаржы ұйымдары 33 миллиард 600 миллион теңгеге 1 миллион 200 мың азаматтың айыппұлы мен өсімпұлын кешірді", - деді Досаев.

Ол 20 тамызға дейін ұлттық банк банктер жұмсаған шығынның 30 процентін өтейтінін атап өтті.

Тоқаевтың жарлығы

Осы жылдың маусымында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы жарлыққа қол қойған еді. Мұндай жеңілдік көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан, бала жасынан мүгедектер бар отбасылар, атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.

Мемлекет есебінен әлеуметтік тұрмысы төмен азаматтардың 300 мың теңге мөлшеріндегі барлық қарызы өтеледі. Бұл қарызға негізгі борыш, сыйақы, айыппұлдар да кіреді.

2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша бір қарыз алушыға кредиттің жалпы көлемі 3 миллион теңгеден аспауы тиіс.
Просмотров материала: 1 152

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 94 961 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 94 778 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 94 746 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 94 681 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 94 677 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 629 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 370 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 401 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 922 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 9 072 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 13 122 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 395 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 536 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 442 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 171 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 354 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 10 526 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 147 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 512 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 187 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 157 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 096 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 949 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 159 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 122 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 677 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 859 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 994 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 203 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 443 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 933 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 969 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 020 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 923 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 159 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 287 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031