18 января 2020 г.

Дежурный по стране

У нас всегда виноват пострадавший...
Олжас Худайбергенов, внештатный советник президента РК

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



Қазақ неге әкесі тірі адамға бас мүжітуден қорыққан?

13 август 2019, 19:15
Қазақ неге әкесі тірі адамға бас мүжітуден қорыққан?


Қазақ қой сойып, қонақтарға ет асқанда малдың мүшесін әр адамға бөліп берген. Оның өз ырымдары да болған екен. Этнограф Болат Бопайұлы Тengrinews.kz тілшісіне ет асқанда қой мүшелерін кімге және не үшін бергенін айтып берді.

Кәрі жілікті кімдерге береді?

Маманның сөзінше, қазақ ет асар кезде малдың ұсақ және ірі екеніне назар аударған.

"Қазақтың ең сыйлы асы - ет. Қазақ ұсақ малдың етін асқанда оған бас, жанбас, ортан жілік, кәрі жілік, арқа, белдеме, сүбе қабырға, жауырын, қарын, тоқішек, жалбыршақ, жұмыр сияқты кәделілерінің бәрін салады. Ал ірі қара асқанда қазы-қарта, жая, жал, қабырға салып, толық табақ етін басады. Қазақ бұларды бір асым ет деп атайды", - дейді ол.

Болат Бопайұлы қазақтың кейде ырымдап қос кәрі жілікті де асатынын айтады. Оны табаққа қостап салады екен.

"Ортан жілік, асық жілік, жауырындарды қос-қостан аспайды. Кәрі жілікті көне көз қарияларға сыйлап береді. Кәрі жілікті бастың жолдасы деп санайды. Бірақ қазақ тоқпан жілікті тартпайды. Оны бұрын байлар табаққа салып, итіне беретін немесе құлына ұсынатын болған. Сондықтан, қазақта тоқпан жілікті тарту салты болмаған", - дейді маман.

Басты кесу тәртібі бар

Этнографтың айтуынша, дастарханда бас кесудің өз тәртібі бар. Басты ұсынғаннан кейін бірінші бата оқылады екен.

"Бастың тұмсығын өз жағына қаратып, оң жақ езуінен кесіп, оны табаққа салады. Бұл үйдің құты басқа жаққа кетпесін деген ырым. Ал екінші езуін басты кесіп отырған адамның өзі жейді. Кейін құлақты кесіп, оны үйдегі кішкентай балаға ұсынады. Мұндағы ырым - құйма құлақ ұғымтал болсын, сөз ұғатын болсын дегені", - дейді Болат Бопайұлы.

Бірақ қос құлақты бірден ұсынбайды екен, себебі ол кезде бала айтылған сөз бір құлақтан кіріп, екіншісінен шығып кететін ақпа құлақ болып өседі деген.

"Содан кейін басты түгел кесіп, үйдегі адамдардың бәріне ауыз тигіздіреді. Осы арқылы басымыз қосылып жүрсін, берекеміз бұзылмасын деп ырымдаған. Басты жеке-жеке жемейді. Себебі басымыз жеке қалады деп қорқады", - дейді ол. Айтуынша, басты түгел кесіп тастамай, оның қалғанын үйдің иесіне ұсынады. Басты әкесі тірі адам мүжімейді екен.

"Әйтпесе, әкесі өледі деп ырым еткен. Оның үстіне, бұл әкенің орнына, жолына таласқандық болып саналады. Сондықтан, басты кесіп отырған қариялар "Осы отау иесінің әкесі тірі ме?" деп алдын ала сұрап алады", - дейді Болат Бопайұлы.

Көздерді неге бір адам жеуі керек?

Этнографтың сөзінше, бастың төбесінен кесіп, дастархандағы ең беделді адамға ұсынады, бұл елге тіреу болып жүр дегені.

"Езуі мен тілін кесіп алып, шешен адамға ұсынады, бұл езуінен енші беріп жүрсін, елдің қамын, халықтың тағдырын айтсын деген ырым. Ал бастың таңдайын "әнші бол, таңдайы тақылдаған шешен бол" деп көп жағдайда қыз балаларға ұсынады", - дейді маман.

Айтуынша, бастың көзін берудің де өзіндік жолы бар. Екі көзді бір адамға ұсыну керек екен. Себебі оны екі адамда бөліп берсе, олар алакөз болып, жауласып кетеді деп санаған. Төс - күйеу балаларға, қабырға - қыз-келіншектерге Болат Бопайды төстің күйеубалаға берілетінін айтады. Мұндағы себеп - күйеу ұрпақты болсын, ел алдында кеудесін керіп жүрсін дегені.

"Асық жілікті балаларға береді. Бұрынғы заманда асық жілікті мүжіп болғаннан кейін, оны бесік құданың басына байлап қойған. Асық жілікті көрген адамдар "Е-е, бұл бесік құда екен ғой" деп таныған. Сондықтан, төс пен асық жілікті үлкендердің емес, күйеу бала мен келіннің асы деп санаған", - дейді этнограф.

Оның сөзінше, ортан жіліктің еті мол, сондықтан оны атпал азаматтарға, балуандар мен батырларға ұсынған екен. Бұл - олардың сыбағасы. Жауырын да солардың еншісінде. Ал әйелдер мен қыз-келіншектерге қойдың қабырғалары беріледі екен.

"Қойдың сүбе қабырғасы, қыра қабырғаларының еті тәтті әрі жұмсақ болады. Сондықтан қабырғаларды әйелдер мен бойжеткендерге береді. Қабырғадай майысып тұрсын, ибалы болсын деп ырымдаған", - дейді Болат Бопайұлы.
Просмотров материала: 1 099

Поделиться материалом


16:10 Кызылординских сотрудников "Охотзоопрома" уличили в... 95 Просмотров

16:01 Карима Масимова выдвинули на новую должность... 767 Просмотров

14:33 Акиматы в соцсетях - неделя 2-я: ЗКО и Атырауская в лидерах... 162 Просмотров

13:25 Что это за игры такие? - актюбинские водители требуют... 103 Просмотров

13:16 Китайская вакцина в Казахстане: начата проверка - Минздрав... 134 Просмотров

13:10 Алматинские полицейские нашли пропавшего на БАО иностранца... 131 Просмотров

13:04 Хищение в крупном размере: задержан экс-аким Алатауского... 227 Просмотров

12:58 Назначен новый аким Атырау... 120 Просмотров

12:58 "Қытайлықтар бізді әлі аттың үстінде жүреді деп ойлайды" -... 159 Просмотров

12:42 В Алматы утвердили места для проведения митингов... 95 Просмотров

12:35 "Bek Air больше не соответствует требованиям, установленным... 120 Просмотров

12:17 В Алматинской области запущена подстанция «Каскелен-220»... 161 Просмотров

12:07 Масштабные новинки кино и сериалы: что смотрели в... 138 Просмотров

11:55 Ядролық полигондағы сынақтардан зардап шеккендерге... 135 Просмотров

11:23 Экс-главному врачу детской больницы Туркестанской области... 163 Просмотров

10:55 Хоргос временно закроют для казахстанцев... 129 Просмотров

10:31 Погода в Казахстане: сегодня на юго-западе страны пройдут... 102 Просмотров

10:12 Булат Бакауов арестован, он оказывал давление на... 148 Просмотров

18:07 Димаш Кудайберген записал саундтрек к фильму Джеки Чана... 227 Просмотров

17:15 32 рейса задерживаются в аэропорту Нур-Султана... 277 Просмотров

16:35 Когда казахстанцы смогут снять пенсионные накопления?... 269 Просмотров

16:26 Во сколько обойдется легализация иностранного авто... 328 Просмотров

15:52 Е.Есимханов: Как я попал в президентский кадровый резерв... 388 Просмотров

15:24 Қазақстанда қанша студент тегін оқиды... 353 Просмотров

14:30 Трое жителей Мангистау отравились в результате травли клопов... 270 Просмотров

13:47 "У нас имеется четкое видение решения проблемы с мусором" -... 286 Просмотров

12:55 В сети появилось видео владельцев авто с иностранными... 286 Просмотров

12:26 Занятия второй смены в школах Нур-Султана отменили из-за... 261 Просмотров

12:21 Дарига Назарбаева предложила пересмотреть программу... 295 Просмотров

11:46 Дети замерзают на уроках из-за «лимита отопления» в... 277 Просмотров

11:40 Бывший министр обороны РК попал под следствие — СМИ... 576 Просмотров

11:21 Бизнесменов будут наказывать за отказ принимать 1000 тенге... 288 Просмотров

11:16 Қазақстандықтар балаларына қандай есімдер береді?... 251 Просмотров

10:47 ”Гадалка” обманула алматинку на 27 миллионов тенге... 256 Просмотров

10:41 Численность населения Казахстана увеличилась... 162 Просмотров

10:37 Куда звонить, если есть вопросы о регистрации иностранного... 179 Просмотров

10:26 Необходимы механизмы выплаты компенсации пострадавшим от... 171 Просмотров

10:08 Пять раз ударил ножом: 16-летний школьник в реанимации в... 164 Просмотров

09:44 Большинство акимов областей сегодня являются тормозом... 248 Просмотров

09:24 Курс валют на 17 января... 155 Просмотров





Опрос


«    Январь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031