7 июля 2020 г.

Мы в соц сетях:



Мектептердегі ер мұғалімнің жетіспеуі әке рөлінің төмендеуіне де әсер етіп жатыр, - Марат Тоқашбаев

07 август 2019, 18:36
Мектептердегі ер мұғалімнің жетіспеуі әке рөлінің төмендеуіне де әсер етіп жатыр, - Марат Тоқашбаев
Сапалы ұрпақ қалыптастыруда біліммен бірге, тәрбие де қатар жүруі қажет екені бәрімізге белгілі. Оны мың жыл бұрын әл-Фараби бабамыз "тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы" деп айтып кеткен-ді. Білім сапасын күшейтуде әлемдік озық үлгілерге арқа сүйесек, саналы тәрбие көбіне ұлттық ерекшеліктерге иек артатын ұғым. Осы орайда Qamshy.kz ақпарат агенттігі мектептердегі тәрбие мәселесіндегі ер мұғалімдердің алатын орны туралы сөз қозғамақ.

Қазақтың тұрмыс-салтында бала тәрбиесімен тікелей әйел адам айналысқанымен, ер азаматтың қас-қабағы, мысы, бір ауыз сөзі, бейнесінің өзі көп нәрсені шешеді. Осының білім ордаларында жетпей жүргенінің салдарынан қимылы – сылбыр, болмысы – болбыр, сөзі көп, жауапкершіліктен қашқақтайтын ұл балалардың көбейіп жатқанын айтып дабыл қағушылар көп. Соңғы деректерде мектептердегі ер педагогтардың үлесі 20 пайызға жетпейтіні айтылып жүр. Ұлт ұстазы Ахаң, Ахмет Байтұрсыновтың "Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең, құл болмақшы" деген сөзін еске түсіріп тұрған мәселеге қатысты мамандар не дейді, ойларына құлақ түрелік.

Ғани БЕЙСЕМБАЕВ, EDTECH-KZ халықаралық білім орталығының бас директоры, психология ғылымының кандидаты, PhD докторы:

– Соңғы уақытта мектепте ер мұғалімдердің әйел мұғалімдерге қарағандағы мөлшерінің аздығы өзекті мәселе ретінде жиі көтеріліп жүр. Дегенмен, өз басым оқушы білімінің сапасы мен жалпы бала тәрбиесіне бұл мәселенің қаншалықты теріс, не оң ықпал беретіндігі жөнінде арнайы ғылыми зерттеулерді көргенім жоқ. Бірақ көпшілік мектептегі ер мұғалімдердің артуын білім саласындағы көптеген проблемаларды шешуге ықпал беретін тетіктердің бірі ретінде санайды. Бұл – ойланатын дүние.

Ер мұғалімдерді мектепке тартудың көпке белгілі бір-ақ жолы бар. Ол біздің елде де, әлемдік практикада да белгілі жол. Мектеп мұғалімінің отбасын қамтамасыз етуге міндетті ер азаматқа сай айлық мөлшерінің жеткілікті болуы. Бүгінгі нарықтық заманда басқа механизмдердің бұл мәселені шешуде ықпалы әлсіз дер едім.

Марат ТОҚАШБАЕВ, журналист-жазушы, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, профессор:

– Тәрбие мәселесінде ер адамдың орны әрқашан ерек қой. Еркек түздің адамы болғанымен, оның тұлғасының өзі үлкен маңызға ие. Сол сияқты мектептерде ер ұстаздардың көптеп болуы өзінен-өзі көптеген мәселелердің оңды шешілуіне әсер етеді. Әуелі тәртіп орнайды.

Кейбір балалар еркелетсең, еркінсіп, бос қоя берсең, босаңсып кетеді. Ал ер азамат бар жерде бала жинақы, түзу жүреді. Ер адамның сөзі де салмақтырақ, өтімдірек болып келеді. Тапсырылған міндет көбіне ер адамның аузынан шықса, оның орындалуы да уақытылы болып жатады. Әйел адам мейірбан, жұмсақ, кешірімді болатындықтан, оған бала еркелегіш болады.

Тентек, бұзақы балаларды тәртіпке салуда да ер адамның айбыны зор мәнге ие. Зілді көзі, өңмеңнен өтетін сөзі баланы сабасына түсіруі мүмкін. Әйтпесе жоғары сыныптағы ұл балалар «апайларына» бағына бермейді. Өзі біздің қоғамда ер адамның образын насихаттау жетіспейтіндігін жиі айтып жүрміз. Әзіл-оспақ театрларындағы еркектер әйел ролін жиі сомдайды. Еркектің «қатын» ролін ойнаған фильмдерді де көз көрді. Қазақ қоғамы «қатын» образына мұқтаж емес, бізге азамат образы қажет.

Мектептердегі ер мұғалімнің жетіспеуі әке рөлінің төмендеуіне де әсер етіп жатыр. Мектепте де, қоғамда да әйел образы алдыңғы орынға шығып кеткендіктен, бала әйелдің айтқанын тыңдауға дағдыланады. Қыздар жағы бой жеткенде күйеуін билеп-төстеуге бейім болады. Үстемдік еткісі келеді. Қыз-келіншектердің ер азаматпен ұрсысып-тартысып жатуы да содан ба деймін. Сондықтан мектептердегі ер мұғалімдердің санын көбейту керек. Ол үшін бірінші кезекте мұғалімдер жалақысы жоғары болуы тиіс!

Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстанның Еңбек ері, ардагер ұстаз:

– Түйіткілдің төркініне өңілсек, мәселеге әріден қарауға тура келеді. Бүгінде екі жанұяның бірі десем артық па, кем бе білмеймін, бірақ ажырасушылық көп. Баланы көбіне ана бір өзі бағып-қағып, шама-шарқынша тәрбиелеп отыр.

Мектепке келгеннен кейін де бала санасына әйел тәрбиесі көбірек сіңіп жатыр. Ұлдарымыздың бойындағы ержүректік, батылдық сынды ер-азаматқа тән қасиеттер кеміп кеткені осыдан ба деп ойлаймын. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін ең қажетті қадам – ұстаз мәртебесін көтеру, оған жоғары жалақы тағайындау. Қазір қоғамда мұғалімнің беделі өте төмен түсіп кетті.

Сондықтан оған бірлі-жарым болмаса талантты жастар аз келеді. Грант көп, мұғалімдікті оқып жатқан жастар да көп, бірақ сапа аз. Тіпті төмен баллмен мұғалімдікке грантқа түсіп алып, кейін басқа мамандықтарға магистратураға, екінші жоғары білімге кетіп жататындар аз емес. Ал жас мұғалімдер арасында «сабағымды өтсем болды, арғысы оқушының өзі біледі» деп ойлайтындар артқан. Бұрын біз бала бірдеңе үйренсе екен деп өліп-талып жататынбыз.

Бала қабылдамаса, жанымыз ауыратын. Кінәні өзімізден, іздеп, жаңа тәсілдерді қолдануға тырысатынбыз. Қазір ондай аз.

Оған еңбегіңнің, жанкештілігіңнің лайықты қайтарымының болмауы себеп деп ойлаймын. Ұл мұғалімдер мектепке келмейді емес, келіп-ақ жатыр. Бірақ кішкене істеп, жоғары жалақы төлейтін өзге салаға, зияткерлік мектептерге ауысып кетеді. Немесе қазір репититорлық деген шықты ғой, соған ден қойып, балаларды қосымша дайындаумен шұғылданады. Оларды қайтып кінәлайсың?! Бәрінің күйттегені – күнкөрістің қамы!

Сондықтан мұғалімдерге бірден жақсы жалақы төленсе, онда ер балалар келеді. Әйтпесе тәжірибелі ұстаздар салыстырмалы түрде төмен алмайды. Бірақ оған ондаған жыл кетеді.

Жарас СЕЙІТНҰР, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті, психология ғылымының кандидаты:

– Бұл проблема Қазақстанда ғана емес, посткеңестік елдердің бәрінде орын алып отыр. Мектептердегі гендерлік ассиметрия бүгінде 80-85 пайызды құрайды. Мәселе орта мектепте ғана емес, арнаулы және жоғары оқу орындарында да белең алған. Оның психологиялық салдары жоқ емес. Эволюция заңы бойынша әйел адам консерватор, сүзгіден өткен нәрсеге ғана сүйенетін, тәуекелшіл емес болып келеді. Ал ер адамға тәртіпті «бұзушылық», инноватор, жаңашылдыққа құмарлық, авангард яғни көшбасшылық, қауіп-қатерге қарсы жүрушілік тән. Және әйел мен ердің жүріс-тұрысы, оқиғаға реакциясы да бірдей емес.

Ал санасы қалыптасу үстіндегі бала әртүрлі мінез-құлық үлгісін, гендерлік рөлді көруі керек. Өйткені қоршаған орта психологиясының адамға әсері үлкен. Адам бәрібір трансформацияға ұшырайды. Айнала қандай болса, соған ұқсай бастайды. Ол саналы түрде жүзеге аспаса да, бейсаналы түрде әсер етеді. Сондықтан ер адамның мектептегі орны орасан.

Тағы бір назар аударарлық мәселе, әсіресе біздің қоғамда ер адамдар психологиялық тұрғыда мектептердегі басшылық қызметтегі әйелдерге бағынғысы келмейді. Оған намыстанады. Себеп – Қазақстан дәстүрлі, патриархаттық құндылықтарға негізделген қоғам. Қазақстан жерінде ұстаздар ер адамдар болғанын тарихтан да білеміз.

Молдалар мен мешіт медреседегі мұғалімдер, кейін Ыбырай Алтынсариннен бастау алатын ұстаздық қызметте ер адамдар сабақ берді. Кеңес үкіметінің саясатының салдарынан арасалмақ біржақты әйелдер жағына қарай ауды. Оны теңестіру үшін кешенді шаралар керек. Дәл бүгінгі күні мұғалім мамандығының әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төменгі деңгейде. Оны көтеру әуелі жалақыны жоғарылатудан басталуы тиіс.
Просмотров материала: 1 062

Поделиться материалом


12:05 Женщину, выбросившую новорожденного ребенка в мусорный бак,... 0 Просмотров

11:57 Атырауда емхана басшысы Парацетамолды 10 есе қымбатқа... 25 Просмотров

11:57 Министр здравоохранения поговорил с Айной Бакеевой из... 38 Просмотров

11:45 Два заведения закрыли из-за несоблюдения карантинных мер в... 47 Просмотров

11:40 Қазақстанда 28 мың адам пневмония диагнозымен стационарда... 44 Просмотров

11:32 Гулявшего по пригороду Актау льва могут усыпить... 52 Просмотров

11:28 Мың теңге тұратын дәріні 15 мыңға сатып жатқандар бар -... 62 Просмотров

11:23 Двухлетний мальчик погиб в колодце в Павлодарской области... 59 Просмотров

11:13 ДСМ қазақстандықтарды үйде болуға шақырды... 53 Просмотров

11:12 Эксперт: Пациенты программы ПЗТ относятся к уязвимым... 70 Просмотров

10:58 Ушел из жизни казахстанский дизайнер Берик Исмаилов... 103 Просмотров

10:55 Оңтүстік Кореяда коронавирустың қауіпті штаммы тарап жатыр... 62 Просмотров

10:35 Өткен тәулікте 1109 адамнан коронавирус анықталды... 64 Просмотров

10:35 Опровергнуты слухи о заражении Аскара Мамина... 71 Просмотров

10:22 Перекупщика лекарств задержали в Караганде... 71 Просмотров

10:20 Үйден шықпай-ақ дәрігерден кеңес алуға болады... 70 Просмотров

10:12 В Казахстане выявлено 1109 случаев заражения КВИ за сутки... 68 Просмотров

10:05 Коронавирус індеті: Ресей дәрігерлері Қазақстанда жұмыс... 73 Просмотров

10:02 Казахстанцев попросили оставаться дома... 94 Просмотров

10:01 Көкшетау тұрғыны тапшы дәрілерді түнде тығылып сатқан... 67 Просмотров

09:49 Лекарства по завышенным ценам продавали в Атырау и Шымкенте... 62 Просмотров

09:44 Белгілі дизайнер Берік Исмаилов қайтыс болды... 2 839 Просмотров

09:38 Российские эпидемиологи прибыли в Казахстан для помощи в... 75 Просмотров

09:31 Футболшыға найзағай тиген сәт видеоға түсіп қалды... 76 Просмотров

09:26 Днем и ночью стоят в очередях в аптеки жители Актау... 74 Просмотров

09:25 Алматыға 150 000 дана "Парацетамол" жеткізілді... 72 Просмотров

09:20 Алексей Цой Атыраудағы инфекциялық стационарды онлайн... 76 Просмотров

09:12 За неделю в Казахстане от коронавируса скончались 76 человек... 71 Просмотров

09:12 COVID-19: Елімізде бір аптада 76 адам көз жұмды... 68 Просмотров

09:03 7 шілдеге арналған ауа райы болжамы... 65 Просмотров

09:01 Прогноз погоды на 7 июля... 54 Просмотров

08:08 Не нужно выдумывать что-то – нужно найти правильные пути... 480 Просмотров

12:50 Нормального человека должна пугать сама мысль о том, чтобы... 473 Просмотров

12:00 Глава Минздрава прокомментировал первое место Казахстана по... 776 Просмотров

11:49 Разве мы не в курсе, что весь мир пока не знает, как лечить... 450 Просмотров

15:18 КАК НАМ РЕОРГАНИЗОВАТЬ… МФЦА?... 781 Просмотров

13:01 Запрет на проведение семейных мероприятий объяснила главный... 1 107 Просмотров

12:51 Общественный транспорт не будет работать по выходным в... 1 132 Просмотров

12:39 Все внутренние авиарейсы сохранятся на время усиленного... 1 030 Просмотров

12:29 В Казахстане не зарегистрировано ни одного случая заражения... 1 168 Просмотров





Опрос


«    Июль 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031