24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сүндеттеудің қызығы мен шыжығы

Бұрын сүндетке отырғызу – иманның бір шарты ретінде қабылданса, қазіргі уақытта ұлтына, дініне, нәсіліне, жасына қарамай сүндеттелуге ниет білдіретіндер саны күн санап артып келеді. Оның себебі неде? Үй жағдайында сүндеттеу неге қауіпті? Дәрігер наркоз арқылы сүндеттеуге не себепті қарсы? Сүндеттелудің пайдасы не және ол қандай дерттердің алдын алуға көмектеседі? Сүндеттеуге қатысты осы және басқа да сұрақтарға онколог-проктолог, хирург, медицина ғылымдарының кандидаты Нұрболат Сәбденов жауап берді.

Дереккөз: BAQ.KZ

- Сүндеттеу деген не? Тарихына тоқталып өтсеңіз?

- Сүндеттеу – ер баланың жыныс мүшесіндегі теріні кесу. Бұл әдет-ғұрыптың тарихи тамыры терең. Бұл ғұрып біздің эрамызға дейінгі 2000-2500 жылдары Мысыр елінде кеңінен қолданылған. Кейін сүндеттеу – мұсылман болу шарттарының бірі ретінде қабылдана бастады. Сүндеттеу – Мұхаммед (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарымыздың сүннеті.

Жеті жасар баладан жетпістегі қарияға дейін...


- Баланы неше жастан бастап сүндетке отырғызу керек?

- Мұсылмандар нәресте өмірге келгеннен кейін жеті күн өткенде азан шақырып, атын қойып, сүндетке отырғызған. Өзіңіз білетіндей, қазақ халқы баласын сүндетке отырғызғаннан мұсылман, үлкен азамат болуымен құттықтап, сыйлық беріп, той жасайды. Жалпы, 3, 5 жасқа толған кезде сүндеттеу керек деген сенім бар. 3, 5 жасар кезінде сүндеттеудің пайдалы тұсы – бала тез алданып қалады. Оларға мұсылман болатынын, үлкен азамат болатынын айтып, сыйлық беріп көңілін аулап алуға болады. Мектеп жасындағы баланы көндіру қиын. Қазіргі кезде жыл мезгіліне қарамай өмірге келген сәбиін жетінші күннен бастап сүндеттейтін отбасылар қатары көбейіп келеді.

- Адамның қартайған шағында сүндеттелуіне не себеп болуы мүмкін?

- Жалпы, сүндеттелу үшін ешқашан кеш болмайды. Мен ең кішісі 7 күндік, ең үлкені 70 жастағы қарияны да сүндеттеп келемін. Мұсылмандар 7 күндік кезінен бастап сүндеттеледі. Бұл баланың емес, ата-ананың ниетіне байланысты дүние. Шетелден, мысалы Ресейден келген қазақтар қанша жасқа келгеніне қарамастан келіп, мұсылмандық міндетін атқару мақсатында сүндеттеліп жатады.
Сүндетке отырудың үш себебі

- Сүндеттелудің пайдасы қандай?

- Сүндеттелудің себептері көп: бірінші – діни себеп, екінші – денсаулығына байланысты себеп, үшінші косметикалық себеп. Ал пайдасына келер болсақ, сүндеттеу сәбидің несеп шығару жолының бітеліп қалуынан қорғайды. Несепағар жолы бітеліп, қабыну процесі жүрген кезде бүйректің қызметі бұзылады. Сүндеттеу осындай дерттің алдын алады. Қазіргі уақытта Еуропа, Америкада сүндетке отырғызу қатты дамыған. Бұл жақтарда жыныс мүшесінің қатерлі ісігі дерті көбейіп кеткен. Сүндетке отырмағандықтан неше түрлі жыныстық аурулар тез жұғады, оның зардабын әйелдер де көреді. Осы жағдайлардың алдын алу мақсатында ол жақта сүндетке отырғызу қолға алынған.

- Аталар немересіне «насыбайыңды берші» деп, түшкіріп отыратыны бар. Бұл қайдан шыққан «ырым»?

- Бұрын аталарымыз баланы алдына алып, «насыбайының» ұшын тазалап отырған. Солай ету арқылы қабыну процестері жүріп жатқан-жатпағанын бақылап отырған. Қазіргі қариялар олай етпейді, сол себепті баланың несепағарында қабыну процесі жиі болады. Ол қайталана беретін болса дініне, ұлтына, жасына қарамай сүндетке отырғызуға тура келеді.

Сүндеттеу әдістері


- Бұрын баланы дәрігер емес, ауылдағы молдалар сүндетке отырғызатын. Ол қаншалықты дұрыс әрекет болған?

- Ол бұрыннан келе жатқан үрдіс. Ол кезде молдалар ұстаздарынан сүндетке қалай отырғызу керек екенін үйреніп алатын. Экологиялық жағдай жақсы болғандықтан, үй жағдайында сүндеттелген бала топыраққа аунаса да инфекция кірмейтін. Қазіргі кезде ондай молдалар көп емес және экологиямыз да керемет емес, сондықтан дәрігерлер сүндетке отырғызады.

- Қазіргі уақытта сүндетке отырғызатын медициналық құралдардың түрі көп шығар? Атап өте аласыз ба?

- Қазіргі уақытта пышақ, скальпель, қайшы, радиотолқынды аппаратпен, лазермен отырғызу сияқты әдіс-тәсілдері көп. Хирург болған соң осының бәрін қолданып, тексеріп көрдік. Соңғы бес жылда тек радиотолқынды әдіспен сүндеттеп жүрмін.

«Сен бірінші орын алдың»


- Баланы сүндеттеуге қалай дайындау керек?

- Мен сүндеттелетін баланың ата-анасына «Балаларыңызды маған алып келер кезде сүндеттеу туралы айтпаңыздар. Массаж жасатуға келе жатқандарыңызды айтыңыздар» деймін. Алдыма келген балалардың психологиясын жақсы білем. Ең бастысы – баламен байланыс орнату. Бала кабинетке келгенде менімен сөйлесіп кетсе, ары қарай қиын болмайды. Сүндеттейтін кезде оның үстін матамен жауып қоямыз. Жергілікті жансыздандыру кезінде ән айттырып қоямыз. Сөйлеген кезде бала денесіне ине кіргенін сезбей қалады. Сүндеттеп болған соң «Сен Қазақстан бойынша бірінші орын алдың» деп айтамыз. Оны естіген бала мәз болады. Неден не үшін бірінші орын алып жатқанында шаруасы жоқ, ата-анасына бірінші орын алғанын айтып мәз болып шығады. Мейлінше сыйлық беріп, көңіліп көтеріп қойған дұрыс. Осы тұрғыда жақсылап дайындалып келетін ата-аналар болады.

- Наркозбен ұйықтатып барып сүндеттетуді қалайтын ата-аналар бола ма?

- Ондай ата-аналар болады, бірақ мен оған келіспеймін. Бала үшін сүндетке отырғызғаннан гөрі наркоз алу қатерлірек болуы мүмкін. Бұрын жергілікті жансыздырмай-ақ жасаған.

«200 теңгеге бата бере салайын»


- Жұмыс барысында қандай қызықты жағдайлар болып тұрады?

- 1998 жылы отбасым, 3 балам болды. Қосымша табыс болсын деп бос уақытым болғанда балаларды сүндеттеумен айналыстым. Ол кездегі бағаның қандай екенін де білмеймін, 1 жасар баланы сүндетке отырғызуға 100 теңге, 2 жасар балаға 200 теңге, 3 жасар балаға 300 теңге алып, әр жасқа 100 теңгеден қосып отыратынмын. Бірде бейтаныс адам хабарласып, 5 жасар ұлын сүндеттеткісі келетінін айтып, бағасын сұрады. Мен 500 теңге екенін айттым. Ол одан да басқа сұрақтар қоя бастады. Оның сұрақтарынан-ақ дәрігер екенін түсіндім де, «Қанша теңгеге сүндеттейтінімді өзім білем» деп едім, ол «Неге «ставкамызды» түсіріп жатырсың, біз 2-3 мың теңгеге сүндеттейміз» деп айтты.

Сөйтіп жүрген күндердің бірінде маған бір ақсақал хабарласып, 3 немересін сүндетке отырғызып беруімді сұрады. Арнайы барып, сүндеттеп болған соң ақсақал қолыма 100 теңге ұстатты. Мен үш бала үшін 300 теңге болуы керек екенін айтсам, ақсақал сәл ойланып тұрып, «200 теңгеге бата бере салайын, айналайын» деді. Сөйтіп бата алып қайтқаным бар. Есесіне мен сол кездері көп тәжірибе жинадым.

Жас маман болған кезімде Қазығұрт ауданында тұратын қойшы 10 жасар баласын сүндеттеп беруімді, рақметіне бір қой беретінін айтты. Мен медициналық құралдарымды алып, бір ауылдан екінші ауылға жаяу жеттім. Дәрігер келді дегенді естіген болуы керек, киіз үйдің есігі ашылып, ішінен еліктей ойнақшыған бала шыға келді де, жүгіре жөнелді. Оның артынан ағалары жүгіріп шықты. «Мына баланы қуып жету оңай емес-ау» деп едім, олар атқа мініп, баланы қуа жөнелді. Сөйтіп оны қуып жетіп, мәжбүрлеп алып келді де, екі аяғы, екі қолынан ұстап тұрды. Осы жағдай ерекше есімде қалыпты.

- Сұқбатыңыз үшін рақмет!

Просмотров материала: 11 758

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 048 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 870 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 841 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 780 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 762 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 480 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 235 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 262 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 719 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 847 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 979 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 309 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 481 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 391 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 307 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 507 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 460 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 657 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 189 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930