25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Солтүстік Қазақстан делегациясы Түмен қазақтарының құрылтайына қатысты

Солтүстік Қазақстан делегациясы Түмен қазақтарының құрылтайына қатысты
Ресейде тұратын ағайындарымыздың құрылтайын өткізу бұлжымас дәстүрге айналған. Түмендегі бұл игілікті шара биыл Исетское ауданында ұйымдастырылып, жырақта жүрген қандастарымыз бір-бірімен қауышып, арқа-жарқа болысып қалды.

Жан-жақтан ат терлетіп келген тойшылар бір жылды артқа тастап, аман-есен жүздескендеріне шүкіршілік етіп, бір-бірлеріне есен-саулық сұрасып жатты. Құрылтайға арнайы шақырылған солтүстікқазақстандық делегация құрамында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының өкілдері мен көркемөнерпаздар ұжымдары болды. Кіл өнерпаздар домбыраның құлағында ойнап, қазақ әндерін нақышына келтіре шырқады.

Ойын-сауық бағдарламасы аясында бұлшық еттері бұл-бұл ойнаған, кермеде байланған сәйгүліктей шиыршық атқан балуандар белдесіп, жастар жағы алтыбақан тебісті. Жұртшылық назарына сол өңірдің 11 муниципалитеті тіккен ақ шаңқанкиіз үйлер ұсынылып, бас жүлдені Ишим қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы жеңіп алды.

Нұр-Сұлтан қаласының сән театры көрсеткен ұлттық киімдер мен ат спорты бойынша бәйге тойдың сәнін келтіріп, көрермендерді ұмытылмас әсерге бөледі.

«Бүгінде Ресейде 700 мыңнан астам этникалық қазақ тұрады. Түмен қандастарымыз көп қоныстанған облыс саналады. Олар ата-бабаларының тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұмытпау мақсатында осымен 23-інші рет құрылтай өткізіп, ата-баба аманатына берік екендіктерін танытты. Құрылтайға Қорған, Свердлов, Омбы және Челябі облыстарынан да меймандар ат басын тіреп, ортақ қуанышты бөлісті. Ата-жұртымыздан қолдап келген бауырларымыз аз болған жоқ. Солтүстік Қазақстан облысымен қатар Павлодар, Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Өскемен қалаларынан жиналған бауырларымызға бек ризамыз», деді Түмен облысы қазақтары ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Есенғали Ибраев.

Қазақстандықтар кәсіпорындарды аралап, инвестиция тарту жолдарымен, туризм саласының жетістіктерімен танысты. Бүгінде жүзден астам қазақстандық кәсіпкер түмендіктермен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Қазақстанмен бизнес байланыс орнатуға талпынған ресейлік кәсіпорындар аз емес. Солардың бірі «Тюменьстальмост» зауыты еліміздегі ірі көлік инфрақұрылым нысандарымен қоян-қолтық жұмыс істеуде.

Құрылтай барысында «Jusan» халықаралық кәсіпкерлер бірлестігі мен «Отандастар қоры» АҚ арасында бірлескен жобаның тұсауы кесілді. «Отандастар қоры» АҚ-ның өкілі Тоғайбай Рысбектің айтуынша, екіжақты келісім нәтижесінде қолданбалы өнер шеберлерін, оның ішінде ұлттық киім-кешек пен тұрмыстық заттар жасаушыларды қолдау аясы одан сайын кеңейе түспек.

Форумның кеңейтілген мәжілісінде қазақтардың өңірлік ұлттық-мәдени автономиясының жұмысы, алдағы жоспары талқыланды. Онда баяндама жасаған Есенғали Ибраев Түмен облысында 20 мыңнан астам қазақ тұратынын, автономия жұмысының басты бағыттарының бірі ұлттық салт-дәстүріміз мен әдет-ғұрпымызды сақтау болып табылатынын, жергілікті тұрғындар тарапынан құрылтайға деген ыстық ықылас пен жылы қошемет жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.
Просмотров материала: 845

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 220 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 041 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 013 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 955 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 937 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 490 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 244 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 270 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 732 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 859 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 038 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 316 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 314 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 561 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 709 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 832 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930