17 июля 2019 г.

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



Әкімі парамен ұсталған Архимед отставкаға кете ме?

Әкімі парамен ұсталған Архимед отставкаға кете ме?
Жалпы, бізде ауыл әкімінен қала әкімдеріне дейін ашкөздік ауруына ұшырап, парамен ұсталып сотталып жататындығы үйреншікті жайға айналған. Солардың ішіндегі бүкіл елге масқара атымыздың жайылғаны - Қостанай қаласының әкімі Ахметжанов дегеннің өзінің бірталай жетіктестерімен істі болып, оның аяғы облыс әкімі Сәдуақасовтың қызметінен кетуіне әкеліп соққандығы туралы «сенсация» болды.

Пендеміз ғой, қайдан білейік, түрлі деңгейдегі басшыларымыз бұдан қорытынды шығарып, әлгіндей сорақылыққа бара қоймас деп ойлағанбыз. Қателескен екенбіз. Халықтың ақшасынан жиналған бюджет қаржысын «жолда жатқан батпан құйрық» санайтын әкім-қараларымыз сол бір «тегін қазынадан» бірдеңе іліп қалғысы келетін сырқаты жазылмайтын дүние көрінеді. Жақында ғана облысымыздың Әуликөл ауданының әкімі Асхат Қисықов 7 миллион теңге пара алып жатқанда ұсталғандығы туралы ақпармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөнінідегі департамент жұртшылықты хабардар етті. Сол баяғы тендерден жырып алудың әрекетінен туындаған дүниеқоңыздық. Әкім өз кінәсін толық мойындап, қылмысты ашуға көмектесетіндігін мәлімдеді. Сөйтіп, 40 жасқа жетер-жетпес азаматтың алдағы тағдыры осылай шешілетін болды.

Алайда бұл жерде әңгіме парамен ұсталған әкім туралы ғана болып тұрған жоқ. Мәселе түптеп келгенде облыс әкімі Архимед Мұқанбетовтың алдағы іс-әрекеті жайлы болмақ. Міне, осы жай бүгінде бүкіл облыс қауымын алаңдатып отыр. Бұрындары болса «жарайды, қай әкім ұсталмай жатыр. Бізде бұл үйреншікті жағдай ғой» деп жылы жауып қояр едік. Бұл жолы жағдай мүлдем бөлек сипат алып отыр. Осы жылдың мамыр айының аяқ кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік олргандар басшыларымен кездесуінде «Егер қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа барса, онда басшылары отставкаға кетуі керек» деп ашық айтқан болатын.

Сонымен қатар ол ешкімнің де заңнан жоғары тұра алмайтындығын, қарамағындағылар парамен ұсталған жағдайда орталықтағы болсын, жергілікті жердегі болсын бірінші басшылардың жауап беруі керек екендігін де қатты ескерткен. «Жыл сайын елімізде 2 мыңнан астам жемқорлық қылмыс тіркеледі екен. Осыған байланысты орта есеппен алған жылына мыңнан астам адам жауапқа тартылады. Біз осынау әлеуметтік ауруға үзілді-кесілді қарсы тұруымыз керек» деп осы бағыттағы жұмысты айқын тұжырымдаған еді.

Міне, қостанайлықтарды алаңдатып отырған да осы жайт. Бүгіндері Мемлекет басшысының нұсқауына сәйкес облыс әкімі өзінің отставкаға кететіндігі туралы арыз бере ме, әлде «жабулы қазан жабулы күйінде» қала бере ме деген күрделі де өзекті сауалға жауап табылмай тұр.

Рас, Архимед мырза өз «Инстраграм» желісіндегі парақшасында аталмыш аудан әкімінің парамен ұсталғандығы жайлы айта келіп «Әрине, бұл жағдай мені алаңдатады. Сот шешімі күшіне енгенге дейін мен түсініктемелерден қалыс қаламын» деп жазды.

Демек, күте тұрармыз. Алайда, әкімнің бұл жазғанын басшы есебінде жауапкершілікті түсінгендігі деуге аузымыз бармайды. Сірә, әліптің артын баққысы келетін шығар. Дегенмен, елімізде ешбір сотты күтпей-ақ, басшылық қызметкен кеткен азаматтардың да бар екендігін ескерелік. Мәселен, қарамағындағылар парамен ұсталғанда қызметке келгендігіне көп бола қоймаса да Білім және ғылым министрі Күләш Шамшиденова ханымның қызметінен қош айтысқандығына жұртшылықтың барлығы да куә. Мүмкін, әкімнің өз ойлағаны бар шығар.

Айтпақшы, осы жақында ғана облысымыздағы Федоров ауданы әкімінің орынбасары парамен ұсталып, абақтыға қамалған. Сол үшін аудан әкімі мойнына сөгіс іліп тынды, Алайда білгіштердің айтуына қарағанда егер әкім алты ай бойы жақсы жұмыс істесе, бұл сөгістен арылып, баяғы періштедей таза қалпына қайта оралады екен.

Бізді таң қалдырғаны бұл емес. Бір аудан әкімінің парақорлықпен сотталып жатқанда, екінші бір аудан әкімінің ештеңеден де қорықпай, ешнәрседен де сескенбей, жалғыз ғана қазақ мектебіне бөлінген қаржыға ашқарақтықпен қол салғаны, қол салғанда мол салғаны бір ғана нәрсені дәлелдейді. Ол облысымызда жемқорлық деген пәленің әбден діндеп бой бермей кеткендігі. Яғни жазылмас әлеуметтік сырқатқа айналғаны.

Алайда біз осы секілді өзекті мәселелерді сөз еткен мақала жазсақ «Ойбай облысымызда ешқандай мін жоқ. Архимед секілді әкімді күндіз шам іздесең де таба алмайсың. Ал сіздер оған пәле жауып, тырнақ астынан кір іздеп, облыстың беделіне нұқсан келтіріп отырсыздар» деп улап-шулап шыға келетін «жалған патриоттар» мұнда жетерлік. Енді оларға сөзімді шығандамай-ақ қояйын.

«Tengrinews.kz» агенттігінің жазуына қарағанда былтырғы жылдың қорытындысы бойынша жемқорлық қылмысы жөнінен ешкімге де дес бермейтін көрінеміз. Оны Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің реси өкілі Жанна Бастарова тайға таңба басқандай етіп айтып берді. Бізді «фактілерді бұрмалап отыр» деп айыптамас үшін осы өкілдің айтқандарын сол қалпында берелік.

"Из общего количества преступлений 112 зарегистрировано в Астане, так как именно в столице работает наибольшее количество госслужащих. Далее следуют Костанайская и Туркестанская области - 109 и 108 коррупционных преступлений соответственно. Самый низкий уровень коррупции - в Северо-Казахстанской области - 52 преступления с начала года".

Шындық ащы болса да, осылай айтылады. Асылы, Астанадан кейін қалып қойыппыз деп ренжімелік, екінші орын да осал емес қой. Енді биылғы жылдың нәтижесін күтелік. Ол да көңілімізді қалдыра қоймас деп ойлаймыз.

Ал енді бұдан облыс әкімі Архимед Мұқанбетов қандай қорытынды шығарады? Азаматтық мінез танытып, отставкаға кету жөнінде арыз бере ме, әлде «әкімге сот шешімі шықсын, сосын бірдеңесі болар» деген үмітпен әліптің артын күте ме, ол өңір басшысының өзінің еншісіндегі шаруа.

Ал жалпы отставкаға кету жаман атпен қызметінен босату дегенді білдірмейді. Архимед әкім болмаса да жерде қалмайтын білікті маман. Негізгі мамандығы инженер-электрик көрінеді. Кезінде анау-мынау емес, Ресейдегі Самара мемлекеттік техникалық университетін ойдағыдай аяқтаған. Инженер-электрик деген де еліміздегі аса қат мамандықтың бірі. Мүмкін, осы уақытқа дейін байқалмай келген таланты сонда ашылар. Сәттілік тілейміз. Қанша дегенмен айтулы азаматтардың бірі ғой. Ал тағдыр дегенге дауа жоқ. Өмір ылғи маңдайдан сипай бермейді.

Жайберген Болатов
Қостанай
Abai.kz
Просмотров материала: 353

Поделиться материалом


14:27 Президент не будет назначать ректоров национальных... 20 Просмотров

14:20 Умер из-за сериала "Чернобыль": Близкие Нагашибая Жусупова... 70 Просмотров

14:20 В Казахстане подорожали учебники... 25 Просмотров

13:30 В первый класс с 6 лет: Омбудсмен обратился с заявлением в... 129 Просмотров

12:48 Директор Каздрамтеатра на Porsche протаранил две машины в... 154 Просмотров

12:17 В МКС опровергли информацию в росСМИ о затяжном переходе... 151 Просмотров

12:03 Жеті баланы жетім қалдырған жүргізуші 6 жылға сотталды... 113 Просмотров

11:55 Казахстанцам не будут нужны справки-вкладыши для въезда в... 142 Просмотров

11:28 Временную регистрацию иностранных авто планируют в... 152 Просмотров

11:08 Казахстанцы могут обратиться к президенту с помощью... 168 Просмотров

10:45 МОН предлагает снизить проходной балл для поступления в... 148 Просмотров

10:38 Кумар Аксакалов настаивает на комплексной застройке... 175 Просмотров

10:36 Братья утонули в Иртыше: младший подскользнулся, а старший... 122 Просмотров

10:31 «Пролетела десять этажей»: родные погибшей в Китае... 171 Просмотров

10:00 Қытайда қаза тапқан қазақ қыздың анасы баласының өз өзіне... 194 Просмотров

09:55 В скотомогильниках Арыси сибирской язвы нет... 169 Просмотров

09:49 Камер на дорогах Алматы станет больше... 142 Просмотров

09:48 Строительство конгресс-холла будет бомбой, которой мало... 420 Просмотров

09:45 В Казахстане запускают дополнительные поезда... 134 Просмотров

09:34 Прогноз погоды на 17 июля: жара и ветер ожидаются на... 141 Просмотров

09:26 Курс валют на 17 июля... 164 Просмотров

18:08 "В Арысе принцип пресловутого "золотого часа" у нас не... 474 Просмотров

17:16 В присвоении и растрате чужого имущества подозревают... 504 Просмотров

17:08 Промзоны Петропавловска превратятся в спортивные комплексы... 450 Просмотров

17:01 В Акмолинской области в этом году отремонтируют 404 км... 433 Просмотров

16:53 Казахстан расплатится с Таджикистаном электроэнергией за... 405 Просмотров

16:41 21 мың теңгенің жыры: жалғызбасты ана екі баласын әкімдікке... 459 Просмотров

16:15 Биыл Құрбан айттың алғашқы күнінде қазақстандықтар... 457 Просмотров

16:09 Смерть студентки из Казахстана в Китае: версия убийства... 400 Просмотров

15:46 9 тысяч деревьев планируется вырубить для постройки... 474 Просмотров

15:07 Микроавтобус сгорел на пр. Аль-Фараби в Алматы (ВИДЕО)... 421 Просмотров

14:34 Около 1100 домов отремонтировали в Арыси... 401 Просмотров

14:01 МВД Казахстана начнет отслеживать превышение скорости на... 437 Просмотров

13:25 487 миллиардов тенге вывели с депозитов жители Нур-Султана... 454 Просмотров

13:06 Вы не оправдали доверие людей и доверие государства -... 334 Просмотров

12:33 Қазақстанда білім және ғылымды дамытудың жаңа бағдарлама... 362 Просмотров

12:22 Потребовавшая квартиру вне очереди многодетная мать... 264 Просмотров

12:08 С января 2020 года пожарным повысят зарплаты на 50%... 199 Просмотров

11:35 Налоговая амнистия коснётся более 7 тысяч алматинцев... 190 Просмотров

11:31 На севере Казахстана увеличили количество уличных видеокамер... 196 Просмотров





Опрос


«    Июль 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031