24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Айналайын халқым, басыммен жауап беремін!» - Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті

«Айналайын халқым, басыммен жауап беремін!» -  Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласының тұрғындарымен кездесіп, халықты сабырға шақырды.

«Бұл – өте күрделі апат. Бір қаланы түгел алып шығу деген оңай шаруа емес. Айналайын, халқым, біз сіздердің бастарыңыздағы ауыртпашылықты түсінеміз. Біз ел болып, жұрт болып осы қиындықты көтереміз. Қазір үлкен де, кіші де Арысқа алаңдап отыр. Біз қиын жағдайдан шығып келе жатырмыз. Өз-өзіміздің абыройымызды түсірмейік. Арыстағы қару-жарақ қоймасы түгел жойылады. Бұдан былай Арыста мұндай жағдай ешқашан болмайды», – деді Өмірзақ Шөкеев.

«Басыммен жауап беремін!» Өмірзақ Шөкеев Арыста радиация жоқ екенін тілге тиек еткенде осылай деді.

«Арамызда арандатушылар бар, солар жалған сөз таратып жүр. Арыста радиация жоқ, мен бұған басыммен жауап беремін!», – деді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, әскери қызметкерлер аулаларды, көшелерді, қоғамдық орындарды тексеріп, жарылмаған снарядтарды жинап жатыр.

«Бұл жердің барлығы қауіпті. Дәл қазір баруға болмайды. Мен әскери қызметкерлерді асықтырып жатырмын. Олар күн демей, түн демей жұмыс істеп жатыр.

Кеше бір күнде 5 мыңнан астам жарылғыш зат табылды. Түсініп тұрсыздар ма, әскери қызметкерлерге үйлерге, аулаларға кіру керек. Бірақ заң бар. Заңға қайшы келмеу үшін облыс прокуроры жекеменшік үйлерге кіруге рұқсат берді. Әскери қызметкерлер тұрғындардың қауіпсіздігі үшін үйлерге кіруге міндетті. Сондықтан сіздерден де үйлеріңізге кіруге рұқсат сұраймыз», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Әскери қызметкерлер қауіпсіздікке толық кепілдік берген кезде Арыс тұрғындары қалаға бірінші болып кіретінін баяндаған Өмірзақ Шөкеев:

«Қалаға белгіленген тәртіппен кіреміз. Әскери қызметкерлер қалаға кіруге сағат алтыда рұқсат береміз десе, біз сағат төртте жиналып, барлығымыз ұйымдасқан түрде, автобуспен барамыз. Қалаға кірген кезде әр адамға қауіпсіздікке қатысты жадынама береміз.

Сіздерді сапер, әкімдік қызметкері және учаскелік полиция қарсы алады. Олар үйлеріңізге сіздермен бірге кіреді. Үйдің ішін, сыртын суретке, видеоға түсіріп, қауіпсіздікке көз жеткізеді. Хаттама толтырады. Сіздер оған қол қоясыздар. Хаттама толтырылғаннан кейін келтірілген шығын анықталады. Кейін сол үйге жөндеу жұмысы жүргізіледі», – деді облыс әкімі.

Өмірзақ Шөкеевтің мәлімдеуінше, Арыс 17 секторға бөлінген. Әр секторда 400-450 үй бар. Ол үйлерге Президенттің тапсырмасымен 17 облыстан құрылыс мамандарынан құралған мамандар келеді. Олар палаткада жатып, жұмыс істейді. Қала бір айда қалпына келтіріледі.

«Мен күнде сіздермен бірге боламын. Бір ай осы жерде тұрамын. Барлығы аяқталғанша сіздермен жүремін. Арандатушылардың сөзіне сенбеңіздер, біз елміз ғой, елдігімізді танытайық.

Айналайын халқым, сіздер жалғыз емессіздер, барлығы көмектесіп жатыр, сабыр сақтайық. Айналайын, халқым, берекемізді бұзбайық. Әрі кетсе бір-екі күнде қалаға кіресіздер.

Снаряд жарылмайды, оның 70 пайызы жарылып бітті. Қалған қару-жарақтың барлығын алып кетеді. Қару-жарақ қоймасы түгел жойылады. Саперлар кезекшілікте болады. Күдікті нәрсе көрсеңіздер, бірден 112 деген номерге хабарлау керек», – деп қорытты сөзін облыс әкімі.

Опубликовано Бейсен Тәжібаев Четверг, 27 июня 2019 г.


Опубликовано Айдос Кулмаханулы Кулмаханов Четверг, 27 июня 2019 г.
Просмотров материала: 1 585

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 082 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 905 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 876 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 815 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 796 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 481 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 236 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 263 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 720 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 849 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 989 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 311 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 482 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 392 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 307 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 516 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 461 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 147 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 666 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 190 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930