17 июля 2019 г.

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



Сапарбаев: Осы айда 1,1 млн-нан астам қызметкер көбейтілген жалақы алады

17 июнь 2019, 10:55
Сапарбаев: Осы айда 1,1 млн-нан астам қызметкер көбейтілген жалақы алады
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ведомствоның 2018 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары туралы Қоғамдық кеңес алдында баяндама жасап, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстармен бөлісті.

Еңбек министрлігінің басшысы жаңа әлеуметтік шаралар - бұл Елбасының дәйекті саясатының нәтижесі және бұрын жүзеге асырылған шаралардың қисынды жалғасы екенін атап өтті.

«Ел Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықтың жұмысқа орналастыру және нәтижелі жұмыспен қамтылуы мен табысын арттыруға бағытталған әділ әлеуметтік саясат жалғасатын болады», - деді Б.Сапарбаев

Министр Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының іске асуы ведомство жұмысындағы бірінші және ең маңызды басымдық екенін атап өтті.

Енгізілген түзетулер ескеріле отырып, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 273 мың отбасыға орташа мөлшері 105 мың теңгені құрайтын жалпы сомасы 55 млрд теңге АӘК төленді.

Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көмектің 11 түрін қамтитын бірыңғай қызметтер пакеті мен әлеуметтік қолдау шаралары әзірленді.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін өңірлерде жеке бастамалар есебінен әлеуметтік жобалар, сондай-ақ кәсіпкерлер тарапынан аз қамтылған көпбалалы отбасыларды қолдау жөніндегі жобалар іске асырылуда.

Мүгедектігі бар адамдарды қолдау жүйесін жақсартуға, сондай-ақ осы саланы цифрландыруға аса маңызды мән беріледі.

2018 жылы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауға республикалық бюджеттен 296,5 млрд.теңге көзделген. Ағымдағы жылдың 28 мамырында 2025 жылға дейін мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жаңа Ұлттық жоспар қабылданды. Бұл жоспарға әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және т. б. шаралар кешені кіреді.

Баяндама барысында халықтың табысын арттыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері атап өтілді.

«Тұңғыш Президенттің қазан айындағы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың басынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге, яғни, 28 мыңнан 42,5 мың теңгеге дейін, ал 2019 жылдың 1 маусымынан бастап бюджет саласының табысы төмен қызметкерлерінің жалақысы 30% - ға дейін арттырылды. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1,1 миллионнан астам азаматтық қызметшілер осы айда арттырылған жалақы алады» - деп атап өтті министр.

2018 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 628 мың адам қамтылды. «Еңбек» бағдарламасы бойынша барлығы 497 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның 379 мыңы тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.

2019 жылы әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жұмыстары жалғасатын болады. Бүгінде Еңбек министрлігінің 38 мемлекеттік қызметінің 13 - і электрондық форматта көрсетіліп отыр. Жыл соңына дейін тағы 22 мемлекеттік қызмет электрондық және проактивті форматта қолжетімді болады.

Жалпы алғанда, мемлекет бюджеттен төленетін әлеуметтік көмек пен жәрдемақылардың 39 түріне кепілдік береді. Мәселен, 2018 жылы 3,8 млн адам (халықтың 20,9%) жалпы сомасы 2,5 трлн теңгені құрайтын жәрдемақы алған болса, 800 мың адамға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен бөлінетін 190 млрд теңге төленді.

2019 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке бөлінетін қаражат көлемі 379 млрд теңгеге өсіп, 2,9 трлн теңгені құрады. Бұл республикалық бюджет шығыстарының 27%-на тең.

Баяндаманы талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері көтерген бірқатар өзекті мәселелер мен ұсыныстарға толыққанды жауап берілді. Кездесу қортындысы бойынша Қоғамдық кеңестің мүшелері ведомствоның өткен жылғы жұмысына оң баға беріп, Министрліктің бастамаларын жүзеге асыруға, сондай-ақ, реформалар мен өзгерістерді насихаттауға белсенді түрде қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
Просмотров материала: 376

Поделиться материалом


18:08 "В Арысе принцип пресловутого "золотого часа" у нас не... 256 Просмотров

17:16 В присвоении и растрате чужого имущества подозревают... 304 Просмотров

17:08 Промзоны Петропавловска превратятся в спортивные комплексы... 276 Просмотров

17:01 В Акмолинской области в этом году отремонтируют 404 км... 264 Просмотров

16:53 Казахстан расплатится с Таджикистаном электроэнергией за... 240 Просмотров

16:41 21 мың теңгенің жыры: жалғызбасты ана екі баласын әкімдікке... 295 Просмотров

16:15 Биыл Құрбан айттың алғашқы күнінде қазақстандықтар... 299 Просмотров

16:09 Смерть студентки из Казахстана в Китае: версия убийства... 249 Просмотров

15:46 9 тысяч деревьев планируется вырубить для постройки... 285 Просмотров

15:07 Микроавтобус сгорел на пр. Аль-Фараби в Алматы (ВИДЕО)... 268 Просмотров

14:34 Около 1100 домов отремонтировали в Арыси... 261 Просмотров

14:01 МВД Казахстана начнет отслеживать превышение скорости на... 289 Просмотров

13:25 487 миллиардов тенге вывели с депозитов жители Нур-Султана... 315 Просмотров

13:06 Вы не оправдали доверие людей и доверие государства -... 256 Просмотров

12:33 Қазақстанда білім және ғылымды дамытудың жаңа бағдарлама... 289 Просмотров

12:22 Потребовавшая квартиру вне очереди многодетная мать... 248 Просмотров

12:08 С января 2020 года пожарным повысят зарплаты на 50%... 184 Просмотров

11:35 Налоговая амнистия коснётся более 7 тысяч алматинцев... 181 Просмотров

11:31 На севере Казахстана увеличили количество уличных видеокамер... 186 Просмотров

11:00 Средняя зарплата в Казахстане составила почти 178 тысяч... 179 Просмотров

10:58 Министр Мирзагалиев призвал казахстанцев вместе очистить... 195 Просмотров

10:43 Какая помощь в ближайшие годы будет доступна людям с... 159 Просмотров

10:37 О роли личности в истории... 311 Просмотров

10:05 Жители Алматы смогут отправлять фото, видео ЧП через... 210 Просмотров

09:50 Казахстан лидирует по количеству самоубийств в Центральной... 1 562 Просмотров

09:34 Афганистан планирует закупать североказахстанскую пшеницу... 173 Просмотров

09:19 Акмолинский пеший патруль раскрыл свыше 4500... 188 Просмотров

09:11 Убийство судьи и 100 госслужащих планировали двое жителей... 211 Просмотров

09:08 Қасым-Жомарт Тоқаев: Шетелдіктерге жер сатылмайды... 175 Просмотров

08:50 Жителя Сайрама убило током во время зарядки телефона... 220 Просмотров

08:43 Тамара Дуйсенова получила новую должность... 165 Просмотров

08:38 Жаркая погода ожидается сегодня во всех регионах Казахстана... 170 Просмотров

08:31 Курс валют на 16 июля... 167 Просмотров

08:26 Алматы облысында 47 жолаушыны тасмалдаған автобус аударылды... 203 Просмотров

18:44 Когда добрые соседи перестали быть добрыми... 668 Просмотров

18:00 В Алматы прорвало газопровод (ВИДЕО)... 455 Просмотров

17:34 Началась выдача жилищных займов для многодетных под 2%... 406 Просмотров

17:09 600 полицейских вышли на обесточенные перекрестки Алматы... 343 Просмотров

16:32 Финансовая система Казахстана нуждается в серьезной реформе... 372 Просмотров

15:47 "Болашак" не для чиновников... 483 Просмотров





Опрос


«    Июль 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031