26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әміржан Қосанов: Мен халықты сатқан жоқпын!

11 июнь 2019, 13:03
Әміржан Қосанов: Мен халықты сатқан жоқпын!
Іnbusiness.kz саясаткер, оппозиция атынан президент сайлауына түскен Әміржан Қосановтың саяси додадан кейінгі ой-пікірлерін жинақтап, оқырман назарына ұсынып отыр.

Халықтың атынан сөйлеуге хақым жоқ

– Мен халықты сатқан жоқпын. Халықпен біргемін. Халықтың бір баласымын. Менің халықтың атынан сөйлеуге хақым жоқ. Қазақстан Конституциясы бойынша халықтың атынан Президент пен Парламент қана сөйлей алады. Тіпті, мен оппозицияның атынан да сөйлей алмай қалдым.

Егер 2005 жылғыдай оппозицияның бәрі жиналып, ортақ бір адамды ұсынғанда, «Исатай – басшы, мен – қосшы» деп жүрер едім.

Мен президенттікке кандидат, 18 миллион қазақтың бірі, Әміржан Қосанов ретінде ғана сөйлей аламын.

Халықты көшеге шығуға шақырмаймын

– Мен о баста-ақ айтқам: халықты көшеге шығуға шақырмаймын. Оны бәрі естіді. Мен тек қана заң аясында жұмыс істейтін саясаткермін. Бәлкім, мұным радикалдарға, басқаларға ұнамайтын шығар. Бірақ маған елдің тұрақтылығы қымбат. Қазақтың Тәуелсіздігі керек. Халық көшеге шығам десе, мен қасында тұрамын. Ұрғызбаймын, соққызбаймын. Бұрын да солай тұрғанмын. Он бес тәулікке қамалудан, қылмыстық істен қорықпаймын.

«Қосанов бұғып қалды» демеңіздер. Ертең елдің астан-кестені шығып, бүлік, төңкеріс болғанын, біреудің баласының басы жарылып, анасы мені қарғап отырғанын қаламаймын.

Қазір Әбілязовті көп адам тыңдамайды

– Кезінде Мұхтар Әбілязов тікелей эфирге шыққанда, билікті әшкерелейді деп ойлайтынмын. Бірақ Әбілязовтің тікелей эфирге шығып келе жатқанына бір жарым жылдан асты. Қазір оны көп адам тыңдамайды да.

Ол халықты митингке шығуға шақырғанда да «халық енді көтерілетін шығар» деп ойладым. Жоқ. Олай болмады. Оны шетелде кофе ішіп отырып, ел ішіне іріткі салатыны үшін көп сынаймын. Тікелей эфирі кезінде Мұхтарға шетелде жүріп, жастарды дүрліктіруді доғар деп айтқанмын. Ол осыдан бір жыл бұрын, сайлау басталмай тұрып мені «үкіметтің адамы» деді. Сол жырын әлі айтып жүр. Әлі де айтады. Мұхтарды жақсы білемін. Қатарласпыз. Үкіметте бірге істедік. Егер мен сайлауға түспей қалсам, ол «Қосановтың ауызын жапты» деп айтар еді.

Менің міндетім – Мұхтарға жағыну емес. Халық алдында бетім – ашық, ниетім – таза. Қазақ халқымен біргемін.

Елдің ішінде жүріп, елді өзгертемін деген кез келген ұйымды қолдаймын. Қазір Қазақстан үлкен жауапты кезеңнің алдында тұр. Сондықтан митингіге шыққандарды жазалайтынын, бұл қадамның заңсыз екенін біле отырып елді отқа итермелеу, арандату, әрбір азаматтың конституциялық құқығын пайдалану - саяси араңдату, саяси оңбағандық деп білемін. Өкініштісі бұл оқиғаға жастар араласып кетті. Жастарымыз псевдодемократиялық, псевдооппозициялық идеяларға алданып жатыр. Мұның артында арам ой, теріс пиғыл жатыр.

Революция емес, эволюция үшін жұмыс істеп келемін

– Маған сайлауда шамамен 1,5 миллион халық дауыс берді. Мен оппозицияның «планкасын» көтіріп тастадым. Бұлай айтқаным үшін Серікболсын Әбділдин ағамыз, Жармұхан Тұяқбай ренжімес. «Планканы» көтерген мен.

Келесі сайлауда билік оппозициядан түскен кандидатқа 16 пайыздан кем беруге хақысы жоқ. Төмендете алмайды. Мен ревалюция емес, эволюция үшін жұмыс істеп келе жатқан адаммын.

Қазір бізге Парламенттің есігі ашық тұр

– Біз халықты оятып жатырмыз. Ояну процесі жүріп жатыр. Қазір бізге Парламенттің есігі ашық тұр. Оның жайын қазірден бастап ақылдасу керек. Осы сайлауда жинаған дауысым Парламентке өтудің шектік нормасынан екі есе асып тұр. Мұны неге пайдаланбауым керек?! Әрине, пайдаланамын. Партия құруымыз да мүмкін. Қазақ «Арық айтып, семіз шық» дейді. Бәрін уақыт көрсетеді.

Сайлауға түскендегі мақсатым – жеңіс емес...

– Жалпы сайлауға түсу-түспеу туралы көп ойландым. Мұның соңы қалай боларын да білдім. Сайлауға түскендегі мақсатым – жеңіс емес, екінші тур болды. Дауыс беру кезінде заң бұзушылықтар болды. Мұнымен күресудің екі жолы бар. Бірі – құқықтық, екіншісі – құқықтық емес жол. Алғашқысы – заң жүзінде әрекет ету, соңғысы – халықты соңынан ертіп, көшеге шығу. Мен алғашқысын таңдаймын. Халықты рұқсат етілмеген митингіге шығаруға қарсымын.

Тоқаевтың жеңісін мойындадым

– Иә, Тоқаевтың жеңісін мойындадым. Осы кезге дейін қасымнан табылған әріптестеріммен ақылдастым. Мемлекеттің ресурсын ескеріп, өзіміздің қазіргі мүмкіндігімізді бағамдай отырып мойындадым. Бұл арифметикалық жағынан жеңіліс, әрине. Ал саяси жағынан зор жеңіс. Оппозицияның жеңісі. Біз билікті мойындатып келе жатырмыз.

Билік қана емес, оппозиция да өзгеруге тиіс

– Қазақстан транзит кезеңіне кірді. Демек ел ішінде саяси өзгерістер болады. Ол халықтың ғана талабы емес. Себебі биліктің ішінде де елдің ойын, ниетін түсінетін күштер қалыптасып келе жатыр. Билік қана емес, оппозиция да өзгеруге тиіс. Оппозиция супер радикалды, ешқандай мәмілеге келмейтін позициясынан айнып, керісінше мемлекет, тәуелсіздік, демократия, әділетті қоғам мүддесі үшін диологке келуі керек және бұл диалог тең құқылы болуы шарт. Мен билікті де, қоғамды да диалогқа шақырамын.

Біз билікке қанша рет сын айтсақ та, әрдайым мәміле, диалог, келіссөз мүмкіндігін сақтап келеміз. Ал қазіргі араңдатушылар сайлаудың кезінде қазақ қоғамын тағы да қақ жарып жіберді. Қазақстанға жаңа билікпен қатар, жаңа оппозиция керек. Олар келіссөздің, диалогтың үстеліне отыруы керек. Сол диалог арқылы біз жаңа, әділетті Қазақстанды қалыптастыра аламыз.


Дайындаған – Фархат Әміренов
Просмотров материала: 12 406

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 393 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 212 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 184 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 127 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 111 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 499 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 255 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 279 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 743 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 877 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 100 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 616 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 145 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 764 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930