19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ашаршылық құрбандарын еске алу шеруіне рұқсат бермеу еш қисынға келмеді, - Айдос Сарым

21 май 2019, 13:58
Ашаршылық құрбандарын еске алу шеруіне рұқсат бермеу еш қисынға келмеді, - Айдос Сарым
“Соғыс құрбандарына арналған шеруге рұқсат бере отырып, ашаршылыққа тиым салу ешқандай қисынға келмейтін нәрсе. Болмаса екеуіне де тиым салыңыздар, онда түсінер едік. «Бессмертный полктың» артында Кремль тұрғаны, оның саясаты тұрғаны белгілі”, деді саясаттанушы Айдос Сарым arasha.kz тілшісіне берген пікірінде.

Жақында Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігі “Ақ жол” партиясының 31-мамырда “Алашқа” тағзым атты ашаршылық және саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу бейбіт шеруін өткізу туралы өтінішіне рұқсат бермеген еді. Осы тұрғыда саясаттанушы Айдос Сарымға “9 мамырда шеру өткізуге рұқсат берілді, ал ашаршылық құрбандарын еске алуға аранлған бейбіт шеруге не себепті рұқсат берілмеді?” деген сауал қойған едік.

Айдос Сарым, қоғам қайраткері, саясаттанушы:

Бұл жерде керемет ақыл немесе батылдықты күтудің қажеті жоқ сияқты. Дегенмен біздің Қазақстанда билік ойланатын үлкен тақырып бұл. Жалпы бізге Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс, ашаршылық күні деген сияқты жады саясатын түбегейлі қайта қарайтын кез келді. Қазір сол екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан ардагерлердің саны некен-саяқ. Олар бүкіл Қазақстан бойынша көп болса 2-3 мыңның айналасында қалды. Ең жас қатысқандарының өзі 90-ға келіп жатыр. Демек, мәселе олардың көңіл-күйіне келіп тіреліп тұрған жоқ.

Бүгінгі жас ұрпақ әлі де сол Кеңестік замандағы идеологиямен, мейраммен жүре ме, әлде Тәуелсіз мемлекетке сай сол елдің мақсат, мүддесінен туындаған жолмен жүреме деген мәселе тұр. Бұл көптен бері айтылып жүрген әңгіме, менің ойымша Жеңіс күні деп дабырлатпай, аза немесе бірігу, еске алу секілді ойланатын, мешітке барып құран оқытатын күн болуы керек. Бұл расымен де тойлайтын күн емес, мыңдаған қандасымыз сол соғыстан оралған жоқ. Оның үстіне сол соғыстың қазақ қоғамына көптеген әсері болды. Бүгінгі арақ ішіуден бастап, біраз жаман әдеттер сол соғыстан басталған. Қазақтың болмысын өзгерткен, бүкіл табиғатын өзгерткен үлкен тағдырлы оқиғалар. Яғни біз салют атып, тойлайтын дүние емес.

Екіншіден, бізде шын мәнінде өзіміздің тарихымызға, басқасына деген өз көзқарасымыз болу керек. Кремльдің айтағымен жүреміз ба, әлде өзімізге сай өзіндік мақсат-міндетімізден, идеологиямыздан туындаған іс-шараларды жүргіземіз ба деген мәселе бар.

Ашаршылық құрбандарын еске алу күні де тойлайтын мейрам емес. Жалпы бұрынан бізге жады институты керек деп айтып жүрмін. Оның басты міндеті осы сұрапыл соғыс бар, оның алдындағы үш ашаршылық бар, Сталиндік репресияның барлығының өз орнын табу. Мысалы үшін, Польша мемлекетінің осындай иниституттары бар. Олар дүниежүзінде осылай айдалып, қуғындалып кеткен поляк азаматтарының орнын табады.

Жақында Манкенттен үш поляктың зираты табылған екен. Кезінде осында айдауда жүріп, қайтыс болған. Соның басында Польша үкіметінің арнайы жасаған құлпытасы тұр. Онда «бүкіл Польша халқы сіздерді ұмытпайды, ерліктеріңіз біздің мәңгі жадымызда» деген сияқты жазу бар.

Мәселен Ресейден, Украинадан біздің де белгісіз аталарымыздың орны табылып жатыр. Жоғалып кеткен, әлі күнге дейін ұрпақтары, аталарының қай жерде өліп кеткенін білмейтін мыңдаған отбасы бар. Солардың барлығының жанын тыныштандыратын, ертең ұрпақтарын басына апарып құран оқытатын бізге бір мекеме керек секілді.

Ашаршылықта өлгендер соғыста өлгендерден 20-30 есе көп. Сонымен бұның қайсысының құны артық деген де әңгіме бар. Сосын қырсығу яғни, “ал сендер оны өткізсеңіздер, біз мынан өткізейік” деген де бар. Соған жол бермеу керек, жалпы тарихты қоғамды бөлетін емес, қайта біріктіретін тұрғысынан ойлануымыз керек. Сондықтан Астана қаласында белгілі бір адамдар мейлі ол жүз адам немесе бес жүз адам болсын, Алаш қайраткерлерінің суретін алып шығып, ескерткішке дейін белгілі бір жолды жүріп өтуі, кейін мешітке барып құран оқыту ол – қарапайым адамгершіліктен туындайтын ұрпақтық парыз деп білемін. Ал оған тиым салу, яғни анаған рұқсат бере отырып, мынаған тиым салу ешқандай қисынға келмейтін нәрсе. Болмаса екеуіне де тиым салыңыздар, онда түсінер едік. «Бессмертный польктың» артында Кремль тұрғаны, оның саясаты тұрғаны белгілі, оның мақсаты ата-бабасын еске алу емес. Кремльді жақтаушыларды топтастыру, оларды ортақ іске, міндетке жүктеу.

Айналып келгенде, мемлекеттің өзіне іріткі салу. Қазақстанның халқын бөлуге бағытталғанын біз барлығымыз біліп, сезіп, көріп жүрміз. Осындай шерулер түбі неге апарарын тағы да сезіп отырмыз. Елімізде қос азаматтығы бар адамдар бар дегендей, айналып келгенде мұның бәрі ойыншық емес.

Қазір Алматыда бір топ азаматтар 31 күні ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай шеру өткізу бойынша әкімдікпен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ойымыз Желтоқсан ескерткішінен қаралы саябаққа дейін өтіп, ескерткішке гүл шоқтарын қою, сол жерде суреттерін алып тұру.
Просмотров материала: 1 565

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 665 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 487 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 456 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 392 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 375 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 443 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 205 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 229 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 663 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 798 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 725 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 292 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 280 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 443 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 431 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 823 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930