20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Сахнаны сыйласын"- ғалым Қабатовтың сөйлеу мәнерін сынға алды

20 май 2019, 14:26
"Сахнаны сыйласын"- ғалым Қабатовтың сөйлеу мәнерін сынға алды
Шерубай Құрманбайұлы рейтинг қуған бағдарламалар көрермен талғамын төмендетіп жатқанын мәлімдеді.

Профессор Шерубай Құрманбайұлы Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында терминдерді қазақ тіліне сапалы аудару мәселесін қозғай отырып, рейтинг қуған бағдарламалардың қоғамға қауіпті екенін айтты.

Ғалым сондай-ақ кейбір тележурналистер мен танымал әзілкештердің сөйлеу мәнерін сынға алды.

Тележурналистер қазақ тілінің заңдылығын бұзып сөйлейді

Әңгіме барысында профессор телеарналарда жұмыс істейтін кейбір журналистердің қазақ тілінің заңдылығын бұзып сөйлейтінін атап өтті. Ғалым бұл мәселе жайлы республикалық басылымдарда

бірнеше көлемді мақала жазған. Журналистерге арнап шеберлік сыныптарын, семинарлар да өткізген. Оның пікірінше, аталған мәселе осы күнге дейін өзекті.

"Көптеген тележурналист қазақ тіліндегі сөйлемді орыс тілінің құрылысы бойынша айтады. Етістікті сөйлемнің басына шығарып жібереді. "Мен ойлаймын" деп сөйлейді.

"Мен бұл жөнінде бұлай ойлаймын" демейді. Қазақ тілінің сөйлеу заңдылықтары мен сөйлем құрылымын сақтамайды.

Фразеологизмдерді дұрыс қолданбайды. Сөйлеу барысында ілгерінді, кейінді ықпалды дұрыс айтпайды. Кейбір дикторлар "сонымен қатар" деген тіркестегі "қ"-ны анық айтқысы келеді.

"Сонымең ғатар" деп айтылуы бойынша жатық сөйлейтіндер көп емес. Мұны журналистер қаперіне алып жатса, жақсы болар еді", – дейді Шерубай Құрманбайұлы.

Нұрлан Қоянбаев пен Тұрсынбек Қабатов жайлы

Ғалым мақалаларының бірінде еліміздің танымал әзілкештері Тұрсынбек Қабатов пен Нұрлан Қоянбаевтың да сөйлеу мәнерін сынға алған еді. Осы мәселеге қатысты пікір білдірді.

"Нұрлан Қоянбаев пен Тұрсынбек Қабатовты сырттай танығанмен, олармен бетпе-бет кездесіп, сөйлескен емеспін. Олармен алты аласы бес бересім жоқ. Тіл маманы ретінде мақаламда тек олардың сөйлеу мәнеріндегі кемшіліктерді айттым. Алайда бүгінгі "жұлдыздар" мамандар сөзіне

аса құлақ аса бермейтін сияқты. Қазір Нұрлан Қоянбаев телеарнадан кетті-ау деймін. Ал Тұрсынбек Қабатов әлі де жұмыс істеп жүр. Қазір теледидарды өте сирек көремін. Оған уақыт жоқ. Қабатовтың хабарларын сүйсініп қарайтындардың қатарынан емеспін. Анда-санда бір көзің

шалып қалғанда әзілкештің тілі жақсарып кеткенін байқамайсың. "Жатырған" сияқты жергілікті сөздерді немесе жаргондар мен орыс сөздерін араластырып сөйлеп жатады.

Ол ғана емес, ел алдында шыққан соң, кім де болса, әдеби тіл нормаларын сақтап, көпшілікті, сахнаны сыйлауы тиіс қой. Телеарналар бұл істе жұртқа үлгі болуы керек еді, әзірге олай болмай тұр", – дейді Шерубай Құрманбайұлы.

Рейтинг қуған бағдарламалар жарға жығады

Әңгіме барысында ғалымнан бұрын ашық айтылмай келген төсек қатынасы, зорлау, қыздың пәктігін сату сияқты тақырыптардың қазақ тілді бағдарламаларда еркін талқылана бастауына көзқарасы қандай екенін сұрадық.

Ол мұндай арзанқол, анайы дүниелердің ұрпақ тәрбиесі мен саламатты қоғам қалыптастыруға қызмет етпейтінін атап өтті.

"Атың шықпаса, жер өрте" деп кез келген жолмен жұртты қаратып, ашық-шашық киім үлгісі мен ардың-гүрдің сөйлеу үлгісін, беттен алып, төске

шауып тұрған, "еркін өскендік", "өжеттік", "қайсарлық" деген ұғымдарды "көкбеттікпен", күлдіріп отырып жылататын, ойлы, салмақты әзілді бос сөз, дөрекі, арзан қалжыңмен шатастырып жүргендерді ел алдында сайратып қойғаннан ешкім ұтпайды", - дейді профессор.

Шерубай Құрманбайұлының айтуынша, рейтинг қуып, талғамы ортадан да төмен көрермендерге бағытталған бағдарламаларды көбейту – болашақ ұрпақтың, жалпы жұртшылықтың, көрермендердің талғамын төмендетеді.

"Керісінше, телеарана көрерменді тұщымды, мағыналы, мазмұнды да сапалы бағдарламалармен, сараптамалық хабарлармен, білім, ғылым, әдебиет, тарих, өнер

туындыларының озық өнімдері мен ұлт құндылықтарын дәріптейтін бағдарламалармен тартса ғой дейміз. Телеарналар

көремен талғамын өсіретін, тағлымы мол, құнды ақпараттар беретін бағдарламаларды көбейтсе, олар халық талғамының өсуіне және өресі биік көрерменнің көбеюіне жол салар еді деген пікірдеміз", – деді ол.

Осы орайда ғалым бүгінгі телерналардағы кейбір бағдарламаларға көңілі толмайтынын ашық айтты.

"Теледидар көруге уақытым аз. Ал енді көп бағдарламаны қарасақ, құнды ақпарат алып, қуанып қалудан гөрі жүйкеміз тозатын, көңіліміз

қалатын сәттер жиірек болады. Алайда бағдарламаның барлығы сапасыз деуден аулақпыз. Аз да болса, сапалы бағдарламалар бар екенін де айту керек.

Сондықтан телеарнадағы осындай жағымсыз, ұрыс-керіс, атыс-шабыс, адам өлтіру, зорлық-зомбылық, қорлау сияқты жағымсыз

дүниелерді көрсету қоғамға пайдасыз, құнарсыз, мерзімі өтіп кеткен, улы, зиянды тамақ бергенмен бірдей. Менің ойымша, сапасыз, арзан, рейтинг қуған бағдарламалар бізге қажет емес", – деп түйіндеді.

Просмотров материала: 1 127

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 819 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 641 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 611 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 545 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 527 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 451 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 211 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 236 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 672 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 804 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 780 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 469 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 294 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 330 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 448 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 162 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 080 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 481 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 954 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 908 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930