25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мэлс Елеусізов өзі президент болғанда не істейтінін айтты

15 май 2019, 14:47
Мэлс Елеусізов өзі президент болғанда не істейтінін айтты
Елімізге белгілі эколог Мэлс Елеусізов кезекті президенттік сайлауға не себепті қатыса алмайтындығы, президент болса, не тындыратыны, билік басындағылар өзін неге көре алмайтындығы жөнінде Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Осы сұхбатта эколог бірқатар мәселелерді сөз етіпті. Биылғы сайлау додасына не себепті түспегенін Елеусізов: «Мені жібермеді. Сайлау туралы заңға өзгеріс енгізді ғой. Мен бұрын өзімді ұсынып шығушы едім, қазір жеке адам өзін ұсынуға болмайды.

5 жыл көлемінде шенеунік болып, яғни жоғары лауазымда отыру керек. Бұл заңмен келісе бермеймін. Бізде шенеуніктер аз. Олардың ғана ұсынуға мүмкіндігі бар да, қалған тоқсан тоғыз пайыз адам керек емес болып тұр ма сонда? Бұл дұрыс емес.

Әдейі жасалған дүние. Олардікі басқа адамдар өздерін ұсынбасын деген ой ғой» деп түсіндірді.

Ал биылғы сайлаудың әділ өтетініне сенесіз бе деген сұраққа эколог: «Ешқандай өзгеріс жоқ. Сол бұрынғыдай. Халық сайлауға жаппай қатыспаған соң, әділетсіз өтеді. Сайлауға 20% ғана адам барады. Халықтың айтатыны "Шықпаймыз".

Бұл керісінше билікке жақсы, халықтың шықпағаны. Ал сайлауға келгенде бұл өте дұрыс емес нәрсе» деп түйіндейді. Сонымен қатар Елеусізов билік басына әйелдердің келуін құптайтынын, еркектерге қарағанда, әйелдер жақсы басқаратынын айтады.

Үміткер ретінде тіркелмегеніне өкінбейтінінайтқан ол: «Маған билік керек емес, ақша да керек емес. Жұмыстарым көп. Соны енгізу - мақсат. Табиғат мәселесін көтеру керек» дейді.

Экологтың көп нәрсеге көңілі толмайды екен. «Ұнамайтын нәрсе көп. Бір сайлаудың өзінде көңіл толмайтын дүниелер жетіп жатыр. Сайлау халыққа қызық болуы керек. Шоу сияқты өтуі керек. Украинадағы сайлау тамаша өтті.

Қалай болар екен, не айтар екен деп қарап отырдық. Халықтың билікке деген сенімі сонда ғана орнайды. Бізге демократия керек. Монополия деген экономика, мәдениетте болсын, білім саласының қайсысында болса да көсегесін көгертпейді.

Даму болмайды. Әсіресе, саясаттағы монополиялар. Қазір бір партия ойлағанын істеп жатыр. Көбісі заңды емес. Қысқасы, монополияны құрту керек» дейді ол.

Президент болсаңыз бірініші не өзгертер едіңіз деген сұраққа: «Мен президент тұрмақ, оған үміткер де емеспін ғой (күліп). Дегенмен, әуелі жемқорлықты құртатын едім. Кәсіпорындарды ашар едім. Өйткені, біз қазір қытайдың базары болып кеттік.

Сол себептен кәсіпорындарды көтеруіміз керек. Оған толықтай мүмкіншілік бар. Бізге әлгі батыстық технология керек емес. Кейін ауылшарушылығын көтеру керек. Ауылды көтермесек, қаңғырып кетеміз» дейді.

Елімізде АЭС салу мәселесіне байланысты Елеусізов бұл бастаманың жақсылық бермейтінін, тілге тиек етіп: «Бізде энергия жетеді. Ресейдіңң неге АЭС салу туралы ұсыныс жасап отырғаны да белгілі. Оларда үлкен атомдық кешен бар.

Өте көп адам жұмыс істеді. Атомдық қаруды сата алмайтындықтан, атомдық станцияларды сатып жатыр. АЭС салудан бас тартып жатқан басқа шет елге қарағанда бізде баламалы энергия көздері жетіп жатыр. Жел, күн, бәрі бізде бар.

Соны дұрыс пайдалану керек» деп, «Көк жайлау» жобасын да қолдамайтынын, бұл жобаның табиғатты құртатынын айтып, сұхбат барысында Алматы экологиялық ахуалы өте нашар жер деп: «Қазір мұнда адам тұруға мүмкіншілік жоқ.

Біріншіден, қала сыйымдылығы жағынан 700 мың адам болса, қазір 3 млн адам тұрып жатыр. Су тапшылығы бар. Алматы төңірегінде қоқыс төгетін тоғыз орын бар. Біреуін жапқыздым. Бірақ басқалары істеп жатыр.

Сай-сайды толтырып жатыр. Одан соң Балқаш, Өскемен, Шымкент, т.б. кете береді» деп қынжылысын жасырмады.



Просмотров материала: 1 928

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 124 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 947 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 917 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 857 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 838 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 484 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 239 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 265 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 724 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 852 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 005 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 313 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 484 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 162 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 532 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 681 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 146 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 275 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930