18 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Украинадағы теледебатты Қазақстанда көре аламыз ба –саясаттанушылар пікірі

15 май 2019, 11:12
Украинадағы теледебатты  Қазақстанда көре аламыз ба –саясаттанушылар пікірі
Кеше ақпарат және қоғамдық даму министрі президенттікке кандидаттар арасында теледебаттың ұйымдастырылатынын мәлімдеді. Президенттікке үміткерлердің пікірталасы болса да, өткір сауалдарды күтудің қажеті жоқ. Саясаттанушы Әділ Қаукенов Қазақстан-Ресей сарапшылар форумында осындай пікірін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның ойынша, сайлауалды үгіт-насихат аясында теледебаттарды өткізген дұрыс. Өйткені халық мұндай шараларға қатты қызығады. Қазақстандықтар АҚШ пен Украина сияқты шет елдерде өткен теледебаттарды да қызығып көрді.

"Енді, оған Nur Otan партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаев қатыса ма, жоқ па, ол жағын айту қиын. Себебі ол қысқа уақыттың ішінде барлық аймақтарды аралап, сайлаушылармен кездесуді жоспарлап отыр. Ал теледебаттарға қатысу үшін уақыт қажет. Егер Қасым-Жомарт

Тоқаев дебатқа қатысса, онда халықтың осы шараға деген қызығушылығы арта түседі. Себебі бәрі қазіргі президенттің пікірталас кезінде өзін қалай ұстайтынын көргісі келеді", - дейді Қаукенов.

Саясаттанушының айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев дебатты ойдағыдай өткізе алады.

"Себебі оның дипломатиялық тәжірибесі мол. Оған қоса, Біріккен ұлттар ұйымында біраз уақыт еңбек етті. Алайда дәл қазір оның теледебатқа қатысу жағы белгісіз. Қасым-Жомарт Тоқаев дебатқа шықпаса, сайлаушылармен кездесу шараларына басымдық беретін болады", - дейді саясаттанушы.

Ал саясаттанушы Андрей Чеботарев қазіргі президентке теледебатқа шығу қажет деп санайды. Себебі кандидат Жамбыл Ахметбековтен басқасының бәрі сайлауға алғаш рет қатысып жатыр.

"Мәселен, тұңғыш президент үшін теледебатқа қатысудың қажеті жоқ. Ал Тоқаев үшін бұл - үлкен мүмкіндік. Ол халықтың алдында өзін көрсете алады. Басқа кандидаттар да кеңінен таныла алады. Әсіресе, Әміржан Қосанов үшін тиімді. Себебі оны адамдар жақсы біледі, бірақ өзі теледидардан көп көріне бермейді", - деді Чеботарев.

Қызу пікірталас болуы мүмкін бе?

Сарапшылардың ойынша, дебаттар кезінде өзекті деген мәселелердің бәрі көтеріледі. Алайда қызу пікірталас болмайтын сияқты.
"2016 жылы бізде парламент сайлауы кезінде бір дебаттар болды.

Оған барлық партиялардың өкілдері қатысты. Сол кезде өткір сұрақтар болған жоқ, қызу пікірталасты да байқамадық. Осы жолы да солай болатын сияқты", - дейді сарапшы.

Әділ Қаукенов те теледебаттар сайлауалды уәделермен шектеледі деп санайды. Сондықтан күтпеген мәлімдемелер болмайды. Қазақстандағы теледебаттарды Петр Порошенко мен Владимир Зеленский арасындағы пікірталаспен салыстыруға келмейді.

"Біздегі дебаттар Зеленский пен Порошенко арасында болған пікірталасқа ұқсамайды. Әрине, әрбір кандидаттың өзінің "фишкасы" болады. Кейбіреулері популизмге де салынатын шығар. Оны қазірдің өзінде байқауға болады", - деді Қаукенов.

Айта кетсек, Қазақстанда президент сайлауы алдындағы теледебат 2005 жылдың 17 қарашасында өткен болатын. 14 жыл бұрын ҚР Орталық сайлау комиссиясы "Хабар" телеарнасында Қазақстан президенттіне кандидаттар арасында пікірталас ұйымдастырды.

Оған төрт кандидат: Ерасыл Әбілқасымов, Әлихан Бәйменов, Мэлс Елеусізов және Жармахан Тұяқбай қатысты. Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев пікірталасқа қатысқан жоқ.
Просмотров материала: 874

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 450 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 274 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 242 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 178 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 157 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 431 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 195 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 219 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 650 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 780 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 648 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 290 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 459 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 370 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 217 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 439 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 368 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 820 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 976 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 184 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930