26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сириядан қайтарылған әйел сұмдық сырларымен бөлісті

14 май 2019, 11:10
Сириядан қайтарылған әйел сұмдық сырларымен бөлісті
Қазақ әйелі 4 жыл отбасымен бірге Сирияда болып, ондағы сұмдықты көзімен көрген.

"Жусан" операциясының арқасында елге оралған 33 жастағы қазақ әйелі Сирияға қалай тап болғанын әңгімелеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2009 жылы намаз оқи бастадым. 1,5 жылдан кейін намаз оқитын жігітке тұрмысқа шықтым. Ол дұрыс жолда екен деп ойладым. Күйеуім мені өзіне тарта бастады.

Яғни "жиһад" мәселесін қозғап, намаз оқымайтындарды "кәпір" деп, өзінің дінге көзқарасын ашық білдірді. Мен жиһад деген не екенін түсінген жоқпын.

Бірақ менде намаз оқымайтындар "мұсылман емес" деген түсінік қалыптаса бастады", - деді ол сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, 2012 жылы күйеуі Украинаға жұмысқа кетіп, бір айдан кейін одан хабар келген.

"Күйеуім өзі хабарласты да "екеуміздің жәннатта болғанымызды қалаймын" деді. Сонда ғана оның қайда кеткенін түсіндім. Күйеуімнің артынан баруға шешім қабылдадым. Сол жаққа барып-қайтуға билет алдым.

Өйткені ол кезде 8 жастағы қызым болды. Ол Қазақстанда қалып қойды", - деді аты-жөнін айтуды жөн көрмеген келіншек.
Сондай-ақ ол алғашында күйеуін елге қайтарамын деген ой болғанын айтты.

"Содан Түркияға жол тарттым. Ол мені сонда күтіп алды. Кейін шекарадан оңай өттік. Онда темір қоршаулар болған жоқ. Бір ауылға келдік. Мен Сирияға келгенде адамдар қару-жарақпен жүрді. Ол түн мезгілі еді. Біз "Сирияға келген сияқтымыз ғой?" дедім. Күйеуім "иә" деп жауап берді.

Ол жерде бір апта болдым. Кейін жұбайыма үйге қайтатынымды айттым. Сол уақытта ол менің төлқұжатымды тартып алды да, "Олар сенің қайда болғаныңды біліп отыр. Сен түрмеге отырасың" деді. Содан қорқып, күйеуімнің айтқанынан шыға алмадым", - дейді ол.

Сирияда әйелдердің құқы аяққа тапталады

33 жастағы қазақ әйелі 2013 жылдан 2017 жылға дейін ДАИШ-тың бақылауындағы Сирия аумағында күйеуімен тұрған. Сонда бір баласын дүниеге әкелген. Кейін күйеуі қайтыс болған соң, амалын тауып, күрттердің иелігіндегі аумаққа өтіпті.

Әңгіме барысында ол Сириядағы ДАИШ басқаратын аумақта әйелдердің құқы аяққа тапталғанын жасырмады.

"Күйеуім 2017 жылдың 5 наурызында өмірден өтті. Қалай қайтыс болғанын білмеймін. Бомбаға түсті ме, біреу өлтірді ме, оны ешкім айтпайды.

Суретін де көрсетпеді. Сирияда күйеуі қайтыс болған әйелді бір үйге алып келеді. Ол жерде тамақ, жарық болмайды. Яғни ешқандай жағдай жасалмаған. Амал жоқ басқа күйеуге шығуға мәжбүр боласың.

Ал күйеуге шықпасаң, сол жерде аштан өлесің. Ол күйеуің 2-3 күннен қайтыс болып кетуі мүмкін. Яғни, осылай 5 рет, 6 рет, тіпті 19 рет күйеуге шығып жатқан әйелдер болды", - дейді елге оралған келіншек.

Сонымен қатар отандасымыз Сириядағы қазақ әйелдері ойын ашық айта алмай қиналғанын жеткізді.

"Ол жақта қазақ қыздарымен араласып тұрдық. Көбі "үйге қайтқым" келеді деп айта алмай, іштен тынады.

"Тек күйеуіммен бірге жәннатта болғым келеді" дейміз. Бірақ әркімнің өз ойы бар. Мысалы, мен елге қайтқым келді. Бірақ оны айта алмадым. Өйткені басымнан айырыламын. Не атып тастайды, не түрмеге отырғызады", - дейді ол.

Ол күрттер басқаратын аумақта 1,5 жыл тұрған. Кейін "Жусан" операциясы барысында Қазақстанға оралыпты.



Просмотров материала: 3 448

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 322 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 143 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 114 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 056 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 041 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 495 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 251 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 275 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 739 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 873 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 078 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 597 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 744 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930