21 августа 2019 г.

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



Таяуда Сириядан қайтарылған 20 адам қамауға алынды

13 май 2019, 19:22
Таяуда Сириядан қайтарылған 20 адам қамауға алынды
Қазақстанға қайтарылған 20 адам ДАИШ құрамында террористік іс-әрекетке қатысты деген күдікпен қамауға алынған.

Сириядан 156 бала қайтарылды. Олардың басым бөлігі шетелде туған. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рақымбердиев мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінде өткен арнайы брифингте Бақытбек Рақымбердиев Сириядан қайтарылған 231 қазақстандықтың 156-сы бала екенін атап өтті.

Сириядан қайтарылған балалардың тағдыры не болады

"Сириядағы қарулы қақтығыс аймақтарында жүрген балаларды елге қайтару мәселесі өзекті. Елге 156 бала қайтарылды. Оның 18-і жетім. Олардың ата-анасы қарулы қақтығыс аймақтарында қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен.

Арасында 7 жасқа дейінгі 107 бала, 7-12 жас аралығында 43 бала, 12 жастан асқан 6 бала бар. Балалардың жартысынан көбі шетелде туған", - дейді ҰҚК департаментінің басшысы.

Сонымен қатар ол "Жусан" операциясының екінші кезеңінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау қалалары мен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарының тумалары елге қайтарылғанын мәлім етті.

Рақымбердиевтің айтуынша, бүгінде олардың кейбірі қамауға алынған.

"Қазақстанға оралған 16 ер адам мен 4 әйел ДАИШ жағында террористік іс-әрекетке қатысты деген күдікпен тұтқынға алынды. Олар қылмыстық істері Нұр-Сұлтан, Атырау, Орал, Ақтөбе, Шымкент қалаларындағы тиісті органдарға берілді.

Қалған 55 әйел баласымен бірге Ақтау қаласындағы оңалту орталығына бір ай мерзімге орналастырылды. Медициналық тексерістен өткізілді", - деді ол.

Сондай-ақ Бақытбек Рақымбердиев олармен арнайы мамандар жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

"Олармен психологтар, теологтар, үкіметтік емес ұйымлардың қызметкерлері жұмыс жүргізуде. Құжаттарын қалпына келтіруге көмек көрсетілді.

Олардың террористік іс-әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Карантин мерзімі аяқталған соң әйелдер мен балалар бұрынғы мекен-жайларына қайтарылады", - деді ҰҚК департамент басшысы.

Ол бүгінде Сирияда шамамен 300 Қазақстан азаматы қалғанын атап өтті.

Брифинг барысында сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев "Жусан 2" операциясына АҚШ пен Сирия демократиялық күштері көмек көрсеткенін мәлім етті.
Просмотров материала: 503

Поделиться материалом


19:59 Токаев принял акима Костанайской области Архимеда... 91 Просмотров

17:52 Изнасилование на Медеу: насильнику-рецидивисту добавили 8... 131 Просмотров

17:41 Мужчина убил гражданскую жену и отвез на тело кладбище в... 124 Просмотров

17:35 В Акмолинской области активно развивается животноводство... 113 Просмотров

17:24 Миллионы тенге украли у детей-инвалидов в Алматы... 123 Просмотров

17:10 Устройства автоэлектроники подходящие для использования в... 161 Просмотров

17:07 Паразитами назвал Назарбаев маленькие села... 179 Просмотров

16:56 Сколько денег нужно для возврата жезлов полицейским... 161 Просмотров

16:47 Даниал Ахметов выразил соболезнования родителям и близким... 162 Просмотров

16:02 Атырау облысында ұстаздарға мектепті ақтатып қойған... 254 Просмотров

16:00 Маулен Ашимбаев и Бахыт Султанов вышли из состава Политбюро... 141 Просмотров

15:55 Назарбаев поставил в пример Кульгинова... 154 Просмотров

15:45 Запустили сайт о Динмухамеде Кунаеве... 150 Просмотров

15:40 "Ет бір аптада 30% қымбаттады": Ұлттық экономика... 181 Просмотров

15:37 63 из 78 требований нарушил один из вузов Шымкента... 165 Просмотров

15:14 Количество случаев насилия над детьми будет расти -... 172 Просмотров

14:59 Министр культуры и спорта дала пояснения по вопросу... 122 Просмотров

14:50 Оңтүстік Кореяға жұмысқа аттанған әйел сан соған қалды... 156 Просмотров

14:28 Предлагают ввести предмет "Безопасность" в школах Казахстана... 148 Просмотров

14:18 Учителя отдали 54 млн тенге в руки мошенницы в ЗКО... 159 Просмотров

13:37 Назарбаев: выйдите, мы другого подберем в партию... 156 Просмотров

13:27 Елбасы призвал не поддерживать компании с финансовыми... 152 Просмотров

13:21 Назарбаев обратился к блогерам... 170 Просмотров

13:14 Традиционные СМИ уступают позиции. Даурен Абаев должен об... 210 Просмотров

12:58 Мы работаем по-старому, до сих пор не знаем что такое... 138 Просмотров

12:48 Аким Акмолинской области рассказал о «латинизации» региона... 125 Просмотров

12:45 Елбасы предложил Нигматулину возглавить фракцию Nur Otan в... 128 Просмотров

12:43 Назарбаев: Чиновничий дресс-код надо прекратить... 204 Просмотров

12:37 Студентов вынуждают давать взятки. Поручаю Совбезу... 144 Просмотров

12:25 Сотрудникам КТЖ дали от 4 до 6 лет тюрьмы... 364 Просмотров

12:22 Мамин предложил новые форматы взаимодействия партии и... 118 Просмотров

12:19 Түк бітірмеген тіл заңына отыз жыл толайын деп отыр, -... 204 Просмотров

12:17 В Шымкенте сорвали флаг партии и никто не пикнул, все... 130 Просмотров

11:59 Назарбаев высказался о досрочных выборах в парламент... 128 Просмотров

11:55 Прекращено уголовное дело в отношении мужчины, спасшего... 139 Просмотров

11:48 Смерть под скальпелем: в Алматы арестован пластический... 141 Просмотров

11:39 Токаев назначил нового министра труда и социальной защиты... 90 Просмотров

11:27 Назарбаев собрал расширенное заседание политсовета... 109 Просмотров

10:28 На бригаду скорой помощи напали в Нур-Султане... 158 Просмотров

10:17 За курение в поезде будут штрафовать в Казахстане... 117 Просмотров





Опрос


«    Август 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031