26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Бауыржан Байбектің қабылдауына үш жылдан бері кіре алмай жүрмін»

07 май 2019, 12:08


Құспанова Роза қобызшы, еңбек ардагері, ҚР халық ағарту ісінің озық қызметкері, сазгер. Алматыда С.Прокофьев атындағы 3-музыка мектебінде алғаш қобыз класын ашқан Құспанова сонымен қатар «Ықыластың қобызы», «қобызға арналған хрестоматия», «Сағыныш» (жеке дауысқа арналған әндер) атты кітаптардың авторы.


Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында дүние есігін ашып, сұрапыл жылдардың ауыртпалығын басқалармен бірдей көрген 83 жастағы Роза Құспанова өткен күн естеліктері мен қазіргі жағдайы туралы бізге берген сұхбатында бөлісті.

- Роза апа, былайғы жұрт сіздің қобыз сыныбында дәріс беріп, талай қобызшы ұл қыздарды оқытып, тәрбиелегеніңізден хабардар. Алайда қазақтың киелі аспаптарының бірі саналатын қобыздың қыр сырын оқытып, үйретуші мамандығына қалай келгеніңізді көп адам біле бермес. Сол туралы айтып берсеңіз.

- Мектеп бітірген соң, қатарластарым секілді мен де арманымның жетегіне еріп, Алматыға келдім. Бала күнімде Роза Бағланова секілді әнші боламын деп армандайтынмын. Міне, сол арманымды жүзеге асырам деп, Оралдан Алматыға жол тарттым.

Балалығымыз ғой, сынақ болардан бір күн бұрын әсем қала Алматыны аралап, қасымдағы қыздармен балмұздақ жедім. Ал ертеңіне емтихан. Содан таңертең емтиханға барғанымда, даусым шықпай, қиналдым.

Сынақтан сүрінетінімді ойлап, әрі оқуға түспей, үйге қайтатынымды ойлап, жыларман халге түстім. Әйтсе де, менің әншілік қабілетімді байқаған, қазақтың ұлттық аспаптық өнерінің іргетасын қалаушы Ахмет Жұбанов «Әнші болу оңай шаруа емес.

Әр уақытта бәйгеге қосатын аттай өз өзіңді мәпелеп, тамағыңа суық тигізбеуің керек. Ал ата бабамыздан мирас болған қобыз аспабы саған өмірлік азық болуы мүмкін» деп, ұлт аспаптар бөлімінің қобыз класына қабылдады.

Міне, осылайша Алматыға әнші болам деп келіп, 1954 жылы консерваторияның қобыз класынан бір ақ шықтым. 1960 жылы қобыз аспабының мамандығы бойынша бітірдім.

- Оқуды бітірген соң, Құрманғазы атындағы консерваторияның жанынан ашылған ұлт аспаптары класында жаңа өміріңіз басталды. Қазақтың басқа ұлттық аспабынан гөрі, қобыз аспабын тарту қиын екені даусыз. Қобыз класына бала жинау, жалпы, қобыз класын ашу жұмыстары қиындық тудырмады ма?

-1957 жылы академик, профессор Ахмет Жұбановтың қолдауымен қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясының жанынан халық қазынасы, ән күй мұрасын жинақтау кабинеті ашылды.

Міне, осы кабинетте мен де 1965-1985 жылдар аралығында саналы да, мәнді, жемісті еңбек еттім. Қобыз класына оқушы жинау, әрине оңай болмады. Алайда, сол тұста №12 мектептің директоры Рафика Нұртазинаның қолдауымен осы мектептің бір сыныбының оқушылары біздің қобыз класында дәріс алатын болды.

Уақыт өте келе қобыз класына қызығушылық танытып, білім алғысы келетін балалар көбейді. Ұстаздық еткен қырық жылдан астам уақытта 47 қобызшыны жарыққа шығарыппын. Олардың бәрі түрлі байқаулардың жүлделі орындарына ие болып, талайы лауреат атанды.

Оқушыларыммен Прагаға дейін барған кезіміз болды. Ұстаздық еткен жылдарымда қобыз тартуды үйрететін «Қобызға арналған хрестоматия» сынды әдістемелік оқулықты жарыққа шығардым. Расын айтқанда, ешкімнің қолдауынсыз, көмегінсіз осы күнге жеттім.

Көкесінің арқасында жұлдыз атанып жүргендер қаншама. Алайда, өмірімді бір құлап, бір тұрып жүріп барлығына өз еңбегіммен жеттім дей аламын.

- Қазіргі кезде қобызға арналған әуендер жазылады ма?

- Өкінішке қарай,бұрынғыдай қазір қобызға арналған әуендер жазыла бермейді. Ал перефериядағы қобызшылар сондай әуендерге өте мұқтаж. Соны ойлап, осыған дейінгі өзім жинақтаған оқушыларымның шығармаларынан мектеп, колледж оқушыларына арналған әдістемелік оқулық жазып шықтым.

Барлығы 85 әннің нотасынан тұратын жинақ болды. Алайда осыларды жарыққа шығаруға мүмкіндігім болмады. Тіпті, осы дүниелерімді қазіргі кезеңге лайықтап, компьютерде теріп, реттеудің машақаты да оңай болмады.

Ноталарды компьютерге түсіріп, дайындап беруді сұрап консерваторияға да бардым. «Өзіміздің шығармаларды ғана жазамыз» деді ондағылар. Әкімдікке қарасты мәдениет бөліміне бардым.

Ондағылар «арнайы бағдарлама болмаса, қабылдай алмаймыз» деп шығарып салды. Алматының әкімі Бауыржан Байбекке кіруге 144ші болып үш жыл бұрын кезекке тұрғанмын.

Бүгінге дейін кезегім әлі келмеді. Міне, осылайша жинақтаған еңбегім жарыққа шықпады. Артыңдағы ұрпаққа білгеніңді үйретіп, айтып кеткің келеді. Бірақ, амал бар ма?! Бір зейнетақыммен әдістемелік құралдарды қайтіп шығарамын?

- Десек те, мемлекеттен көмек күтпей, бәлкім, демеушілерді ел ішінен іздестірген дұрыс болар ма еді, қалай ойлайсыз? Соншама дүние енді ең болмаса, компьютерлік бағдарлама бойынша қағазға да түспеді ме?

- Әзірге ақын Аққұштап Бақтыгерееваның қызы, менің шәкіртім Ғазиза Ғабдрахманова біраз дүниелерімді қағазға түсіріп, реттеп жатыр. Алдағы уақытта жарыққа шығуына күш салу ойында бар.

Мүмкін, ыңғайы келіп, демеуші болар азаматтар табылып та қалар, кім білісін... Қобыз бен күйсандықтың сүйемелдеуімен орындалатын қазақ әндерінің, оның ішінде халыққа етене жақын таныс әндер нотасының жинағы мен танымал тұлғалардың өмірбаянынан жазба жинақтадым.

Мен өкпелімін... қатты өкпелімін. Ішімдегі бұл ренішті кімге айтып, кімнен жірдем сұраймын? Қолдаушың, артыңда тұрған көкең болмаса, осы екен ғой...

- Роза апа, кімге немесе неге өкпелісіз?

- 1995 жылы ұлым «Базис» құрылыс компаниясында жұмыс істеп жүріп, екінші қабаттан құлап, қайтыс болды. Артында бір ұл, бір қызы қалды. Құрылыста жұмыс істеп жүрген жерінде қайтыс болған балам үшін өтемақы берілмеді.

Өтемақы даулағанымызда, «Базис» компаниясы банкротқа ұшырады деді. Соттастық. Өкінішке қарай, сот біздің пайдамызға шешім шығармады. Екі баламен жесір қалған келінім қазір науқас. Әлі күнге дейін немерелерім баспанасыз.

Өзім он сегіз жыл бойы жатақханада тұрдым. Жарты жыл бұрын әрең дегенде, бір бөлмелі үйге қол жеткіздік. Алайда бір бөлмеде екінші ұлыммен тұрамын. Ұлды үйлендіріп, немере сүйгім келеді. Бірақ, бір бөлмеде қалай тұрамыз деген де уайым бар.

Осы мәселелерді, жазбаларымды, мұраларымды жарыққа шығару жөнінде айтуға әкім Байбекке кіргім келген. Әлі күнге дейін қабылдамады. Расын айтсам, әкімге кіруден үмітім де үзіле бастады...Ең болмаса, мұраларымды жариялауға аяқтан шалған кедергілер болмаса екен.

Қазірге дейін жинақтаған дүниелерімнің жарыққа шығуына кедергі жасап бағуда.

- Кімдер кедергі жасап отыр? Себеп бар ма?

Консерваторияның адамдары кедергі жасап жатыр. Мұраларымды жариялау үшін авторлық құқық сақталуы қажет дегенді алға тартады. Яғни, егер мен шығармаларымды жарыққа шығарғым келсе, авторлардың рұқсатын алуым керек екен.

Ал ол авторлар бұл өмірде жоқ қой?! Өмірде жоқ болса, ұрпағынан рұқсат алуым қажет екен. Ал егер ұрпағынан рұқсат алмасам, консерваторияның бір адамының атын айтты, есімде қалмапты, міне, соны өз дүниеме соавтор етуім керек екен.

Бұл қалай? Осы күнге дейін тірнектеп жиған дүниеме басқа адамды қалай ортақ етемін? Жаныма бататыны, соншама құнды дүниелердің ешкімге керексіз тұрғаны...

Сұхбаттасқан: Меруерт Тұрлыбаева
Просмотров материала: 1 803

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 288 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 109 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 081 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 023 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 006 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 493 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 249 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 273 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 735 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 870 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 065 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 164 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 585 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 170 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 732 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 834 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 194 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 430 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 913 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930