24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Осы сайлау әділ өтсе, қоғамның сайлауға деген көзқарасын өзгертеді» дейді Айдос Сарым

30 апрель 2019, 18:34
«Осы  сайлау әділ өтсе, қоғамның сайлауға деген көзқарасын өзгертеді» дейді Айдос Сарым
Қоғамда «бұл сайлау не шешеді, менің қатысқанымнан не өзгереді» деп қолды бір сілтей салушылық бар. Меніңше, ең күрделі, қауіпті үдеріс осы. Сайлаудан бас тарту айналып келгенде азаматтарды мемлекеттің денесінен бөлек ажыратып алады. Бұл туралы саясаттанушы Айдос Сарым президент сайлауына арналған отырыста айтты.

Оның айтуынша, биылғы президенттік сайлаудың басты ерекшелігі оған Нұрсұлтан Назарбаев қатыспайды. Бұл саяси алаңның біршама жаңаруына, жаңа кейіпкерлердің, қайраткерлердің пайда болуына жол ашады.

«Осы жолы сан-алуан саяси идеология өкілдерінің өзі туралы мәлімдеме жасап, сайлауға өздерін ұсынып жатқанын айтқан жөн. Оның ішінде ұлттық бағыттың азаматтары бар, дәстүрлі саяси партиялардың өкілдері де бар.

2006-2007 жылдардан бері тұңғыш рет демократиялық оппозициялық күштердің өкілдері сайлауға түсіп жатыр. Егер қол жинау науқаны дұрыс өтетін болса, Қазақстан тарихында тұңғыш рет сайлауға әйел адам түсейін деп отыр.

«Ақ жол» партиясынан Дания Еспаеваны айтып отырмын. Мұның өзі қоғамның біршама жаңаруына, әйел затына деген көзқарастардың өзгеруін көрсетеді. Сонымен қатар бұл әйел адамдардың болашақта түрлі сайлауларға қатысуына жол ашатын жақсы мүмкіндік деп білемін», - дейді саясаттанушы.

Жастарға мүмкіндік беруіміз қажет

Сонымен қатар саясаттанушы Айдос Сарым қазіргі қоғамға 1990-2000 жылдардағы ережелерді білмейтін, оларды мойындай бермейтін жаңа тәуелсіз ұрпақ келгенін және олардың талап, міндеттеріне де құлақ асу қажеттігін жеткізді.

«Олардың сайлауға деген және сайлау институтына деген құрметі, сенімі қала ма, жоқ па деген мәселе тұр. Соңғы кездері Алматыда, елорда да жастардың қатысуымен болып жатқан жайттарға көңіл аудару қажет.

Бұл да өзін-өзі іздеу. «Бізде бармыз, осындай қоғамның ішінде жүрміз, бізге не дейсіздер» деген талап. Менің ойымша, егер біз ақылды қоғам болатын болсақ, ақылды билік болатын болсақ осы жастарды итермей, керісінше ішке тартып, олардың сайлау мәдениетін қалыптастыруға, олардың жалпы саясатқа араласуына, басқасына мүмкіндік беруіміз керек», - дейді ол.

Саясаттанушының айтуынша, 19 наурыз күні қоғам ішінде зор үміт пайда болды, осы үмітті қоғамның энергиясына айналдыра білуіміз керек.

«Қоғамның елдегі түрлі мәселеге, кәсіпкерлікке, әлеуметтік басқа да мәселелерге араласуға деген ынтасын арттыру. Билік өзінің жалғыз кандидатын ұсынып, өз бірлігін дәлелдеді.

Бәрі бірауыздан осы адамды ұсынамыз деп қоғамға сигнал берді. Ендігі мәселе осы сайлау дұрыс өтетін болса, онда біз әлемге Қазақстан қоғамы бір екенін дәлелдей алатын жақсы мүмкіндік аламыз және болашақта сайлауға деген жалпы қоғамның көзқарасын өзгертеміз», - дейді Айдос Сарым.

Сайлауда ең маңыздысы жақсы идеялар, ұрандар мен саяси бағдарламалар

Сонымен қатар ол, сайлауға түсіп жатан адамдардың тек бет-әлпеті ғана бізді қызықтырмау керектігін, олар қандай бастамамен шығып жатқаны басты орында тұру керектігін айтты.

«Олар қоғамға және кәсіпкерлерге не береді, қандай мәселені қалай шешпек деген сұрақтар мазалау қажет.

Егер осы сайлаудың нәтижесінде жақсы идеялар, ұрандар, саяси бағдарламалар пайда болатын болса, ол болашақ Парламент сайлауларының өзегі болатын, оны алдыға қарай қозғайтын дүниеге айналады. Меніңше сайлауда осы мәселелер бірінші орында тұру керек», - дейді ол.

Сондай-ақ ол, билік транзиті өте күрделі мәселе екенін, ертең не болатынын ешкім дөп басып айта алмайтындығын жеткізді.

Билік транзиті өте күрделі мәселе

«Көптеген елдердің жағдайына қарасақ, мәселен Африка, Азия елдері, Латын Америка елдерінде транзитті осыдан 30-40 жыл бұрын бастап, аяқтай алмай келе жатқан елдер де бар.

Алысқа бармай-ақ қояйық, көрші Қырғызстан, кешегі Украинадағы сайлаулар транзиттің басталып, әлі мәресіне жетпегенін көрсетеді.

Украинада тіптен қызық жағдай болып жатыр. Зеленский факторы деген мәселе жалпы қоғамның саяси тап аталуы, кез-келген партия мен кәсіби саясаткерге наразылығын танытты.

Егер осындайға жеткізбейміз дейтін болсақ, сайлаулар әділ өтуі керек. Екіншіден, қоғам оларға сенуі керек әрі олардыңдауысы шығу қажет, оны билік есепке алу керек. Сондықтан транзитке кіру оңай, ал одан қалай шыға аламыз?

Біздің конституциямыз жаман болсын, жақсы болсын біздің саяси құрылым, осыны қамтамасыз етуге жарай ма, жарамай ма деген мәселелер бар. Ертең сайлау аяқталып, басқа да жағдайлар туындаған кезде осы конституциямыздың әлеуеті жете ме деген мәселелер бар», - дейді саясаттанушы.

Оның айтуынша, қоғамның өз мәдениеті де үлкен мәселе болып отыр. Ұзақ жылдар бойы саяси үдерістерден сырылып келген қоғам, енді қайтадан саясатқа араласу бастады әрі оның белсенділігі бұрынғыдан өзгеше.

«Қоғамның билік атауына, табиғатына деген көзқарастары өзгерді. Біз осыған дайынбыз ба? Осы өзгерістер айналып келгенде ертең түсініксіз жағдайлар орын алғанда мемлекет ұстап қала ала ма? Елдің тұтастығын, бірлігін ұстап қалуға бізде саяси мәдени жауапкершілік бар ма, жоқ па деген мәселе тұр.

Біз Кеңес үкіметінің тарихын көп айтамыз, сол үкімет қираған кезде ешбір жан қолына күрек алып «айналайындар бұл менің мемлекетім, бұл мемлекет үшін кез-келген нәрсеге дайынмын», деп ешкім шыққан жоқ. Біздің қоғам ішінде осындай жауапкершілік бар ма? Дұрыс сайлаулар осыны қалыптастыра алады», - дейді ол.

Саясаттанушы сайлауға енжарлық танытпауға шақырды

Сондай-ақ, ол қоғам ішінде сайлауға, жалпы елдегі түрлі саяси жағдайларға енжарлық танытатындар қатары өкінішке қарай көбейіп келе жатқанын да жеткізді.

«Қоғамда «бұл сайлау не шешеді, менің қатысқанымнан не өзгереді» деп қолды бір сілтей салушылық бар. Меніңше, ең күрделі, қауіпті үдеріс осы. Сайлаудан бас тарту айналып келгенде азаматтарды мемлекеттің денесінен бөлек ажыратып алады.

«Біз елімізде болып жатқан мәселелердің барлығына қатысымыз бар» дегенді қалыптастыруымыз керек. Бір қуанарлығы кешегі наразылық танытып жүрген жастар жиналып, сайлауға бақылаушы боламыз деп мәлімдепті. Меніңше, бұл тамаша.

Сондай мүмкіндікті беру керек. Азаматтарды өсіретін, саяси тапқа айналдыратын бірнеше мектеп бар, біреуі осы», - дейді Айдос Сарым.

Дереккөз: Baq.kz

Просмотров материала: 1 698

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 975 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 798 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 769 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 707 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 688 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 476 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 232 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 259 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 712 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 842 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 949 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 308 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 481 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 631 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 981 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 188 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930