20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сайлау: Үміткердің сынақ тапсыруы - қазақ тілін қорлау емес пе?

25 апрель 2019, 14:48
Сайлау: Үміткердің сынақ тапсыруы - қазақ тілін қорлау емес пе?
Бізде ҚР президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын лингвистикалық комиссия бар. Төрағасы - Мырзатай Жолдасбеков. Онда президенттікке үміткерлер үш кезең бойынша сынақ тапсырады. Бірінші – жазбаша жұмыс, екінші – үш беттік мәтін оқу, үшінші – берілген тақырыпқа қатысты өз ойын айту. Алайда, бізден басқа қай мемлекет өз президентінің тілді еркін меңгергенімен бас қатырып отыр?

Иә, өз тілімізді тұғырға қондыра алмай отырған ел екеніміз рас. Бірақ, тәуелсіздік алған жылдан бері қазақ тілін білмейтін адам мемлекеттік қызметке алынбағанда, билікке жақындатпағанда осындай мазаққа қалмаған болар едік. Хош, ол бассыздықтың бәріне өзін зиялымыз деп есептейтін тіл ғалымдары да үндемеді.

Ал, Жолдасбеков басқаратын бұл комиссияның жұмысы қаншалықты тәуелсіз? Мырзатай мырза 30 жыл ішінде Н.Назарбаевтың қазақ тілін ысырып қойған кейбір әрекеттеріне сыни пікір айта алды ма? Президенттің Халықаралық мінберлерде орысша сөйлегеніне Жолдасбековтің пікірі қандай болды?

Айтпақшы, Жолдасбеков мырза 2015 жылы қазақшасы шала-пұла Ғ.Қасымовтан қате таппаған еді. “Қалай?” деген сұраққа Жолдасбеков “Оның бағы жанды ма, оңтайлы сұрақтар келді ме, тыңғылықты дайындалды ма, әйтеуір сынақтан сүрінбей өтті” деді. Және “бұл мәселені ежіктеп,мыжи бермеңдер” деп ашуланды.

Ал, күні кеше апыл-ғұпыл Қасым-Жомарт Кемелұлынан сынақ алып, оның сүрінбегенін айтты. Ал, президенттікке тағы бір үміткер Сәдібек Түгел емледен қате жіберіпті.

Қазақ ұлтының тізгінін ұстайтын адам қазақ тілін білуге міндетті екені талқыланбайтын дүние. Ал, оның мектеп оқушысы сияқты емтихан тапсыруы күлкілі емес пе? Бұл әрекет керісінше қазақ тілін қорлау болып көрінбей ме?

Жолдасбековтің осы сынағы туралы белгілі саясаткер Расул Жұмалы да әлеуметтік желіде: “Мемлекет басшылығына үміткер өз мемлекетінің мемлекеттік тілі бойынша емтихан тапсыруды өз басым барып тұрған ессіздік көремін. Макрон француз, ал Путин орыс тілі бойынша шығарма жазуға тура келсе күлкіге қалар еді. Ондай үміткерді француздар мен орыстар үміткерлік түгілі ел азаматтығынан айырар еді. Ал бізде аталған сорақылық қалыпты жағдай”, - деп жазды.

Егер басқалар дәл мұндай әрекет үшін президенттерін азаматтығынан айыратын болса, Жолдасбековтыкі не әурешілік? Оданда неге қазақ тілін білмейтін адамды билікке жолатпайтын заң қабылдамаймыз? Екі ауыз сөздің басын қоса алмайтын депутаттар мен министрлерді неге отставкаға жібермейміз? Ұлттың тілін сыйламағандар сол ұлтқа қызмет ете алмайтыны 30 жылдан бері дәлелденді емес пе? Бұған Жолдасбеков бастаған тіл ғалымдары не дейді? Олар биліктің тілге қатысты бұрыс әрекеттерін неге сынға алмайды? Жалпы, Мырзатай мырзаны сын айта алатын тәуелсіз ғалымдар қатарына жатқыза аласыз ба?

Ол кісі әзірге біздің есімізде "Назарбаевты Уинстон Черчилль, Джорд Вашингтон, Ататүріктердің істей алмағанын істеген қайраткер деуге болады” деген сөзімен қалып отыр.

Түйін

Тәуелсіздік алған жылдан бері тіл мәселесі күн тәртібінен түсіп көрген жоқ. Оған себеп – ата заңымыздың 7-бабындағы “Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады”деген қисынсыз бап. Және 30 жыл уақыт өтсе де осы баптың өзгертілмеуі.

Және, Мырзатайлардың билік басындағыларға тәуелсіз пірік айта алмауы...

Нұрбике Бексұлтанқызы, Abai.kz
Просмотров материала: 1 291

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 719 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 542 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 510 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 444 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 428 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 446 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 207 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 232 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 667 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 800 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 745 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 296 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 465 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 377 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 298 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 445 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 448 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930