2 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Назарбаевты түсіңізде көрсеңіз не болады?

25 апрель 2019, 13:30
Назарбаевты түсіңізде көрсеңіз не болады?
Түс көрудің адам өміріне, тұрмысына, ішкі жан - дүниесіне айтарлықтай әсері бар. Түсінде көрген құбылыстар өңінде қайталанып жататын жағдайлар да аз емес. Ал түсіңізде президенттер мен танымал жұлдыздарды көрсеңіз не болады? Stan.kz сайты осы сұрақ төңірегінде бірақ адамның пікірін сұрап, психоаналитик маманның да тұжырымын жариялады.

Бану, журналист, 27 жаста: Түсімде екі рет Путин мен Назарбевты көрдім. Бір мәжілісте ма, конференцияда ма жүр екенбіз деймін. Бірақ, түсімде өз елімнің басшысымен емес, Путинмен жақсы таныс екенбіз.

36 жастағы Астана тұрғыны Жанат түсіне жуырда Ресей президенті Владимир Путин кіргенін айтады. Түсінде әлі тұрмыс құрмаған екен, "Путин қырындап жатыр", - дейді. «Аяғының тырнағын зең шалған екен. Оны көріп жиіркеніп қалдым. Сондай алпауыт державаның президенті неге күтінбейді деп. Менен оған не керек екен деп таңырқап жүрмін.

Мұның барлығы өзімнің туған жерім Арқалық қаласында орын алып жатыр екен. Ол арнайы мен үшін қаңырап қалған гимназия ғимаратын қайта салыпты. Одан да бүкіл қаланы қайта жаңғыртса екен деп қоямын", - деп өз түсін баяндады. (Арқалық қаласы бұрынғы Торғай облысының орталығы – ред.).

Ерік Жансейітов, 56 жаста: Назарбаевты түсімде жиі көремін, біздің үйге қонаққа келіп тұрады, біз абыр-сабыр болып қуанып қарсы алып жүреміз. Бізбен сөйлесіп, қал-жағдайымызды сұрап жатады.

Психоаналитиктің пікірі қандай?

Психоаналитик Қарлыға Бүйенбай танымал невролог Зигмунд Фрейдтің түстерді қалай бөлгеніне тоқталып, олардың мағынасын ашуға тырысты. Психоаналитик түстерді - адамның қалауы еш бүркемесіз орындалатын, керісінше қалауы жасырынған және адамның бойына үрей дарытып, бір адам екіншісін жазалап жүргендер деп бөлген. Яғни адамның психикасы түсінде күндіз болған жақсы да жаман ситуацияларды өңдейді

«Жоғарыдағы азаматтардың түсіне қарап олардың күнделікті өмірде не нәрсеге уайымдап жүргенін анықтауға болады. Себебі, түсімізге күндіз қатты әсер еткен ситуациялар ғана кіреді. Түсті талдайтын кезде иесінің сол түстен бір немесе бірнеше күн бұрын қандай оқиғаларды бастан кешіргені маңызды. Мұнымен қатар, түстегі детальдар әр адам үшін әртүрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Сол себептен түсті иесімен бірге отырып талдаған кезде ғана дұрыс интерпретация бере аламын», - дейді Қарлыға Бүйенбай.

Психоаналитиктің айтуынша, түсіміздегі әрбір кейіпкер – не өзіміз, не біздің сүйіктіміз, туған-туыс, таныстарымыз. Ал нақты кім екенін анықтау үшін детальдарға мән беру қажет. Ол кейіпкердің сырт-келбеті, киімі немесе мінез-құлқы, жасының ұқсастығы болуы мүмкін.

Егер, түсіңізде президентке оқ атсаңыз...

«Қай президентті алсақ та, оның арманы асқақ, мақсаттары айқын, амбициясы мықты. Бәлкім жоғарыдағы түс иелері түс көрерден бұрын күндіз көптен бері көкейінде жүрген мақсатын міндетті түрде орындаймын деп шешім қабылдаған.

Екіншіден, өмірімізде осы президенттер мен танымал адамдарға ұқсайтын жандармен түсіміздегідей ситуацияға тап болған шығармыз. Мысалы, Бану ханым «Өз елімнің басшысымен емес, Путинмен жақсы таныс екенмін» дейді. Мұның астарында жақын адамына, қамқоршысына деген реніш жатқан болуы мүмкін.

Бірақ бұрын-соңды өзі жақсы араласпаған адаммен жақсы тіл табыса бастағаны байқалады. Ал Жанат ханымның осы түстің алдында өзі күтпеген арманы орындалған сияқты. Сондай-ақ, шынайы өмірде Путин мен өзінің рөлі ауысқан болуы да ғажап емес», - дейді психоаналитик.

Әрі қарай Қарлыға Бүйенбай Ерік мырзаның өмірде Назарбаевқа ұқсайтын жанға өз қалын сұрап келгеніне риза болғанын немесе керісінше келеді деп күткен адамынан хабар алмағаны үшін қаймыққанын айтып өтті. Себебі түстің қалауымызды керісінше етіп көрсететін қасиеті бар.

Мысалы, түсімізде «Президентке оқ атып, оны өлтірсек», күндіз керісінше оның ғұмыры ұзақ болуын қалағанымыз. Әдетте өмірде жақтырмайтын адамдармен түсімізде жақсы қарым-қатынаста боламыз.

Маман кейде түсімізде тереңінен талдауды қажет етпейтін жағдайлар да болатынын айтты. Мысалы, адам ұйықтаған кезде бөлме іші қатты ыстық болса, ол түсінде атқылап жатқан жанартаудың ішіне түсіп кеткендей әсерде болады, дейді.


Просмотров материала: 9 292

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 93 133 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 947 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 918 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 861 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 849 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 535 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 288 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 315 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 794 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 939 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 384 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 338 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 499 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 409 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 167 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 332 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 870 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 144 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 478 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 177 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 152 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 091 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 944 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 154 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 118 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 017 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 844 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 986 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 197 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 435 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 926 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 964 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 015 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 916 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 152 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 283 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031