24 июля 2019 г.

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



Қазір әкім әкеден ғана әкім бала туатын болды

15 апрель 2019, 10:18
Қазір әкім әкеден ғана әкім бала туатын болды
Елімізде лауазымды қызметте болған немесе атқарып жүргендердің ұл-қыздары да соңғы жылдары мемлекеттік қызметте төбе көрсетуде. Олардың көбі жастығына қарамастан маңызды жұмыстардың құлағын ұстаған.

Олар бұл биікке шынымен ақылы мен терең білімінің арқасында жетті ме, әлде бұған әкелерінің ықпалы бар ма? Жалпы неге шенеуніктердің балаларының мемлекеттік қызметте тасы өрге домалағыш?

Еліміздегі әкім-қаралардың балаларының түрлі лауазымды қызметтерге келе бастағаны жұрт арасында бұған дейін талай айтылып, енді ұмыт бола бастағандай еді. Бірақ соңғы оқиға осы әңгіменің өрбуіне қайта түрткі болды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаевтың жақында ғана елордадағы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметіне келгені белгілі болды. Бірнеше жыл бұрын Ferrari рөлінде түскен суретімен жұрт көзіне ілінген ол Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратын басқарыпты. Жаңа тағайындауға қатысты министрдің өзі былай пікір білдірді.
"Қазақстанның азаматы ретінде конституциялық құқығы бар. Ол енді жас емес, өз болашағын өзі таңдайды. Менің оған ешқандай қатысым жоқ. Менің оған тілейтінім, жақсы жұмыс істеп, сенімді ақтасын, әкесі сияқты үлкен қайраткер болсын. Ол үшін адал еңбек ету керек", - деді Сапарбаев.

Әке жолын қуғандарды еске түсірсек, теріскейдегі екі облысты ұзақ жылдар алма-кезек басқарған Сергей Кулагиннің ұлы Павел Кулагин бірден ойға оралады. Ол Алматының Түрксіб ауданының әкімі болып тағайындалды. Жалпы Сергей 26 жасында елордадағы Алматы ауданының әкімі болып, билікке араласқан екен. Алайда бірер айдан соң тестілеуден өте алмай, қызметінен кетуге мәжбүр болған еді. Бірақ соған қарамастан әкім болып жүрген ол өткен жылы шаңырақ көтеріп, қымбат мейрамханалардың бірінде дүркіретіп тойын өткізді.

Ал жиырма жылдан астам уақыттан бері президент кеңсесінің меңгерушісі қызметін атқарған Махмұд Қасымбектің ұлы Жеңіс Қасымбек Инвестициялар және даму министрі креслосында нық отырды. Қазір енді премьер-Министрінің орынбасары.

Сондай-ақ, әлеуметтік саланы тура бір жыл басқарған Мәдина Әбілқасымова бұрынғы мәжілісмен Ерасыл Әбілқасымовның қызы. Жақында ғана басқа қызметке ауысқан оның көпбалалы аналарға берілетін азғантай жәрдемақыны тым көпсінген "бір ауыз сөзі" бүкіл елдің жадында қалды.

«Әр анаға ай сайын, өмір бойы 16 160 теңге төленіп отыр. Бұл жәрдемақы табысқа байланысты емес», - деген еді ол.
Ұзақ жылдар бойы мәжілісте отырған экс-депутат Кенжеғали Сағадиевтің ұлы Ерлан Сағадиев біраз уақыт Білім және ғылым министрі болды. Академик Уәлихан Бишімбаевтың ұлы Қуандық Бишімбаев та Ұлттық экономика министрі болып жүрген жерінен істі болды.

Мұндай мысалдар тізе берсек, толып жатыр. Әрине, министрлер мен әкімдердің баласы лауазымды қызметтер атқармасын деген заң жоқ. Бірақ, белгілі заңгер, қоғам белсендісі Руслан Түсіпбеков бізде мемлекеттік қызмет пен бизнестегі басшылық орындар әкеден мұраға қалатын құндылыққа, заңдылыққа айналып бара жатқандай дейді.

«Қарапайым адамдардың балалары бар, әрине. Аса қабілетті. Өз еңбегімен жеткен. Бірақ, олардың саны шектеулі, біз байқап отырмыз. Көбісі сол шенеуніктердің балалары. Бұрында ата-бабаларымыз айтушы еді ғой: «Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін» дейтін. Сол заман әлі жалғасып жатқан сияқты», - дейді Руслан Түсіпбеков.

Бір қарағанда, шенді-шекпендінің баласында сапалы жерде оқуға, шет тілдерін үйренуге, қиялын ұштап әлемді аралауға мүмкіндік өте зор. Басқалармен салыстырғанда олар жақсы киінеді, жақсы жерде оқиды, жан-жақты білім алады. Осылайша жоқшылық көрмей өскендер, өзіне таңсық салаға басшы болып келе қалғанда, барлығы құрдымға кетуі мүмкін. Бұл мәдениет қайраткері, халықаралық журналист Қуандық Шамахайұлының пікірі.

«Әке-шешесінің ықпалымен немесе таныс-білістерінің ықпалымен адамдардың қызметке орналасуы - бұл қоғамның дамуына, сол құзіретті мекеменің жұмысының алға жылжуына үлкен кедергі. Өйткені сол салаға ешқандай қатысы жоқ адамдар да жаңағыдай жолмен келіп қалады. Келеді де сол мекеменің жұмысын шын мәнінде құлатады. Ал оның зардабы халыққа тиеді, қоғамға тиеді. Оны сынап айтатын адамдар ертеңіне жұмыссыз қалады», - деді халықаралық журналист Қуандық Шамахайұлы.

Тектілік тұқым қуалайды деген ұғым бар. "Жаман әкеден жақсы бала тумайды" деп айтып жатады. Бірақ біздегі шенділердің балалары тек жылы-жұмсақ орындарда, онда да мемлекеттік қызметтерде отыратыны көпшілікті таңғалдырады. Расымен де, олардың ішінде қазақты әлемге танытатын жазушы немесе суретші, болмаса, мықты спортшы, Олимпиада чемпионы жоқ екен.

Дереккөз:stan.kz
Просмотров материала: 583

Поделиться материалом


11:24 В СКО призвали жителей фиксировать некачественный ремонт... 19 Просмотров

11:09 Жас мамандар ауылдан неге қашады?... 77 Просмотров

10:44 В Актау бастуют водители водовозов... 113 Просмотров

10:42 Аружан Саин и многодетные мамы провели встречу в стенах МОН... 88 Просмотров

10:29 Четверть работающего малого бизнеса — магазины и СТО... 93 Просмотров

10:27 Алматының автобустарына қазақ тілі қажет емес пе, Сағынтаев... 113 Просмотров

10:13 50 миллиардов тенге направят на обеспечение жильем семей с... 114 Просмотров

10:04 Жуткая авария произошла на трассе Костанай-Сарыколь: есть... 126 Просмотров

09:59 Алматинка, у которой чуть не украли ребенка, получила... 118 Просмотров

09:56 Солтүстік Қазақстан делегациясы Түмен қазақтарының... 105 Просмотров

09:29 Министр Биртанов о деле трансплантолога: Минздрав не имеет... 125 Просмотров

09:22 Казахстанцев ждут новые правила пенсионных отчислений... 118 Просмотров

08:59 Дожди с грозами пройдут сегодня почти на всей территории... 136 Просмотров

08:54 Курс валют на 24 июля... 134 Просмотров

08:01 Убийство инспектора: подозреваемые браконьеры задержаны... 171 Просмотров

20:41 Поиски браконьеров-убийц: задействованы три вертолета... 267 Просмотров

20:15 Смерть матери 3 детей в роддоме Алматы: медиков отстранили... 221 Просмотров

17:54 26 обезьян, наркотики, 4 млн тенге: контрабанду задержали... 287 Просмотров

17:38 Убийство инспектора: план "перехват" ввели акмолинские... 234 Просмотров

17:31 Аружан Саин призвала казахстанских родителей быть... 272 Просмотров

17:27 Токаев высказался по поводу убийства инспектора в... 323 Просмотров

16:55 Аким СКО призвал жителей снимать на видео некачественный... 249 Просмотров

16:55 Задержанного судью при получении взятки в 10 тысяч долларов... 282 Просмотров

15:53 Тендер Павлова: Аким, помни, автомобиль – не роскошь!... 517 Просмотров

15:38 В СКО прибыло 48 детей из города Арысь... 269 Просмотров

15:38 СМИ: Жители Аксая жгут мусорные контейнеры в знак протеста... 285 Просмотров

15:27 Утильсбор – новый вид рэкета?... 438 Просмотров

15:15 Раненый браконьерами инспектор "Охотзоопрома" скончался в... 296 Просмотров

15:01 Жилищный фонд предлагает три программы доступного жилья... 266 Просмотров

14:40 Четырех судей уволили в Алматы за последние шесть месяцев... 211 Просмотров

14:20 Россия вернула Казахстану более 140 тысяч тонн спорной нефти... 206 Просмотров

13:46 Задержанная за взятку судья находится на свободе в Алматы... 186 Просмотров

12:54 Как вы думаете, детям полезно видеть в Интернете... 214 Просмотров

12:53 Когда в стране что-то хорошее принимается, тут же... 213 Просмотров

12:39 Созданы два новых департамента по борьбе с коррупцией -... 221 Просмотров

12:25 Ученые нашли в организме человека новый вид клетки,... 190 Просмотров

12:04 Вопрос продажи земель будет вынесен на обсуждение Нацсовета... 197 Просмотров

11:35 Неплатежеспособным станет сложнее получить кредит... 197 Просмотров

11:26 Долги по кредитам спишут до 5 сентября... 159 Просмотров

10:30 "Через пару часов я буду за решёткой" – казахстанские... 266 Просмотров





Опрос


«    Июль 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031