16 октября 2019 г.

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



Оппозициялық топтардан президенттікке үміткер ешкім жоқ па?

12 апрель 2019, 11:15
Оппозициялық топтардан президенттікке үміткер ешкім жоқ па?
Еліміздің белгілі саясаткері, талай сайлаудың тікелей куәгері болған Әміржан Қосанов кеше әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, желі қолданушылармен пікірлесті.

Саясаткер осы тікелей эфир кезінде алдағы президенттік сайлау мен осы науқанға қатысты оппозициялық партиялардың, қоғамдық ұйымдардың көзқарасына тоқталды.

Ең алдымен Әміржан Қосанов оппозиция мүшелері мен оппозициялық партиялар, қоғамдық қозғалыстардың сайлауға қатысудан бас тартуына қатысты ойын айтты. Расымен, қоғамда оппозициялық күштердің бытыраңқылығы мен бастары бірікпейтіні туралы қауесеттің қаулап тұрғаны жасырын емес. Мұндай сөздердің тіпті өз араларында да айтылатынын тілге тиек еткен Қосанов мүдделес азаматтарды бір тудың астына жиналуға шақырды. Ел ертеңі үшін өзара реніштерді, келеңсіздіктерді шетке ысырып, қажет болса сатқындықтарды да кешіру керек екенін мәлімдеді.

"Егер біз бірікпесек, сайлауға түспесек, онда Назарбаев уағындағы ішкі жүйе қайта орнап, бас бермей кетеді. Біздің бар мүмкіндігіміз осы сайлауда. Сондықтан, араздықты, алауыздықты ысырып қойып, бірігейік", - деді Әміржан Қосанов.

Сонымен қатар, саясаткер сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы да сөз етті. Өмірлік және саяси тәжірбиесіне сүйенген Әміржан Қосанов алдағы президенттік сайлауды халық болып қатаң бақылауға алуға шақырды.

"Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда он мыңнан астам сайлау учаскесі бар. Ол жердегі қызметтің барлығын атқаратын мұғалімдер, дәрігерлер және т.б. Біз сол кезеңді дұрыс бақылап, даусымыздың ұрлануына жол бермеуіміз керек", - деді.

Қазіргі кезде саясаткер «Жаңа Қазақстан» форумының құрамында. Алайда бұл саяси ұйым ресми тіркелмеген. Ресми тіркелмеген саяси ұйымның президентікке үміткер ұсына алмайтынын алға тартқан Қосанов ЖСДП партиясының мүшелеріне, Жармахан Тұяқбайға бірқатар сәлем жолдағанын, алайда ол тараптан ешқандай жауап болмағанын айтты.

"Маған бірқатар қоғамдық қозғалыстардан ұсыныс түсті. Егер олардың атынан үміткер болып, сайлауға түссем, оппозиция мүшелері мен оппозициялық топтардың бірлігіне, өзара ара қатынасымызға салқыным тиіп кете ме деп алаңдаймын", - дейді саясаткер.

Алдағы сайлаудың әділ өтуі өзімізге де байланысты

Тікелей эфир кезінде «әділетсіз, лас сайлауға қатысудың қажеті қанша» деген сынды сұрақтарға Әміржан Қосанов ондай жағдайда сайлауға бойкот жариялауға болатынын атап өтті. "Бойкот жариялаудың екі түрі бар. Бірі – белсенді бойкот, яғни, ашық қарсылық білдіре отырып, бас тарту. Екіншісі – пассивті бойкот", - деді ол.

Алдағы мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлауға оппозициялық топ өкілдерінен үміткер ұсыныла ма деген сұрақтың басы ашық күйде қалды. «Уақыт тапшы», «қаржы мәселесі» деген себептер еліміздің оппозиция өкілдеріне кедергі келтіреді ме, әлде оппозицияның өзара бытыраңқылығы аяққа тұсау сала ма, оны алдағы саяси науқанның еншісіне қалдыруды жөн көрдік.
Просмотров материала: 1 217

Поделиться материалом


20:38 Женщина умерла в кабинете УЗИ в Актобе... 156 Просмотров

20:31 Троих мужчин и 48 женщин изнасиловали в Актюбинской области... 126 Просмотров

19:46 Токаев: Нужны новые подходы к развитию экономики... 141 Просмотров

16:32 Каждая шестая казахстанка считает, что муж вправе ее бить -... 175 Просмотров

15:19 Баглану Майлыбаеву отказали в УДО... 182 Просмотров

14:52 За сексуальные утехи на вокзале Костаная оштрафованы двое... 394 Просмотров

13:43 Казахстанцам запретили вывозить телок возрастом до одного... 203 Просмотров

13:02 Почти 1,3 млрд тенге тратят жители и гости столицы на... 191 Просмотров

12:45 Учителя обвинили в торговле наркотиками в Караганде... 197 Просмотров

12:27 В Алматинской области пьяный мужчина ударил полицейского... 185 Просмотров

12:22 Почти 70% населения Казахстана переключились на режим... 218 Просмотров

11:29 В Алматы опять прорвало трубу... 223 Просмотров

10:35 Cоцработникам планируют доплачивать за психоэмоциональные... 219 Просмотров

10:22 Политолога Сыроежкина лишили гражданства Казахстана... 275 Просмотров

09:29 Курс валют на 15 октября... 224 Просмотров

09:24 Прогноз погоды на 15 октября: ветрено и сыро будет на всей... 167 Просмотров

20:45 Қазақстанда табысы төмен азаматтарға несие беруге тыйым... 361 Просмотров

20:38 На выборах президента сэкономили 500 млн тенге, их вернут в... 317 Просмотров

20:34 Столичный аэропорт избавят от TSE... 306 Просмотров

20:21 Тоқаевтың жалғыз ұлының суреті жарияланды... 2 590 Просмотров

19:51 Бывший заключенный напал на детский центр в Туркестане... 296 Просмотров

19:41 Ануар Нурпеисов раскрыл тайну своего исчезновения (ВИДЕО)... 602 Просмотров

19:36 Я увидел человека, искренне болеющего за страну, - Ерлан... 578 Просмотров

19:24 Товарищеский матч по американскому футболу среди четырех... 300 Просмотров

17:54 Аким Акмолинской области с рабочей поездкой посетил... 225 Просмотров

17:42 Плагиат в научной работе Фатимы Жакыповой подтвердили... 490 Просмотров

17:36 Жители аула в 2-х километрах от Уральска заявляют, что... 283 Просмотров

17:30 На повестке дня - земельный вопрос. Токаев принял Саирова и... 313 Просмотров

17:24 Аким Акмолинской области посетил соревнования по боксу в... 248 Просмотров

17:23 Смерть младенца в Атырау: 75 рожениц переведены в другие... 239 Просмотров

17:10 К 2030 году число казахстанских детей, страдающих... 249 Просмотров

15:52 Обстрел активистки в Алматинской области: экс-аким вышел на... 201 Просмотров

15:00 В Управлении здравоохранения ЗКО прокомментировали... 146 Просмотров

14:25 Министр образования поручил ректорам увеличить зарплату... 242 Просмотров

13:48 Дождь и мокрый снег ожидаются в Казахстане... 153 Просмотров

13:29 Божко намерены привлечь к ответственности за его... 5 366 Просмотров

12:44 Малоимущим в Казахстане запретят брать кредиты... 187 Просмотров

12:26 Хлеб подорожает на 5-7 тенге - министр сельского хозяйства... 179 Просмотров

12:21 Массовая драка произошла на скачках в Мангистау (ВИДЕО)... 191 Просмотров

13:07 Акимы в соцсетях: Баталов взялся за старое... 857 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031