25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Тоқал болу» әлеуметтік проблеманы шешіп, некесіз қалудан сақтай ма?

11 апрель 2019, 11:09
«Тоқал болу» әлеуметтік проблеманы шешіп, некесіз қалудан сақтай ма?
Орта Азия елдерінің басым көпшілігінде көнеден жалғасып келе жатқан бір үрдіс бар. Ол - қалтасы мен қарыны қалыңдаған сайын немесе басқа да себептермен көп әйел алуға ұмтылу.

Ел салтында бұл жолға қандай жағдайда рұқсат етіледі және екінші әйелдердің қандай құқықтары бар? Заң бойынша көп әйел алуға мүмкіндік бар ма? Заңға қайшы әрекетке барғандарды қандай жаза күтіп тұр?

Осы сауалдардың жауабы сізді қызықтырса, әрі қарай парақтаңыз.

Көп әйел алу үрдісі ескіден келе жатқан неке мәселесі. Ислам дәуірі қанат жаймай тұрып та, аталмыш түйткілді мәселе Таяу Шығыс елдерінде болған. Мысалы, еврейлердің бұл үрдістен алыс емес екендігін дәлелдейтін дүниелер бар. «Көне өсиет» («Ветхий Завет») кітабындағы келесі жолдар дәлел болса керек: «Ламех те екі әйел алған: біріншісінің есімі – Ада, екіншісі – Цилла...», «Егер кімде-кім екі әйел алса, оның бірі – сүйікті, екіншісі – махаббаттан құралақан».

Ислам діні де көп әйел алу құқығын шектемейді, есесіне оған мүмкіндік береді. Қасиетті Құранда «Егер сіз жетімдерге әділ бола алмаймын деп қорықсаңыз, өзіңізге ұнайтын екі, үш немесе төрт әйел алыңыз» делінген.
Сонымен қатар, шариғатта әйел мен ер адамның құқықтары туралы да айтылады. Егер бірінші әйел келесі некеге разылық бермесе, онда ер адам басқа әйел ала алмайды. Көп жағдайда ұрпақ сүю мақсатында немесе бірінші әйелі науқастанып қалғанда разылық беріледі.

Орта Азиядағы мұсылман елдерінде Кеңес үкіметі орнаған кезде көп әйел алуға және қалыңмал төлеу салтына қатты шектеу қойылды. Уақыт өтті, дәуір алмасты. Кеңестер келмеске кеткеннен кейін ежелгі үрдіс қайта белең алуда.

Көп әйел алу үрдісінің белең алуына не түрткі?

Бұл тенденцияның трендке айналуына бірінші себеп – әйел затының ер адамдардан сан жағынан басым болуы.

Екінші себеп – Орта Азияда әйел затына неке құрмай қалуға болмайды. Сондықтан, өмір бойы жалғыз болғанша, біреудің екінші немесе үшінші әйелі болу бұл аймақта жөн саналады.

Үшінші себеп – әлеуметтік ахуал төмендеп бара жатқан елдерде тоқал болу арқылы бала-шаға асырау, кіріс көзі ретінде саналуы.
Ал негізгі, төртінші себеп – тоқал алудың трендке айналуы. Ескі дәуірде көп әйелді тек жағдайы жеткен ер адамдар алатын. Қазір желіккендер де жар санап жарысуда.

Бірнеше неке құруды заң құптайды ма?

Орта Азия елдерінің барлығында көп әйел алу үрдісіне заңмен тыйым салынған. Ал Түрікменстанда былтыр ғана бұл заң күшіне енді. Жаңа заң бойынша бірнеше әйелі бар ер адамдарды ұзақ мерзімдегі түзету жұмыстары немесе көлемді айыппұл күтіп тұр.
Қазақстанда Кеңес үкіметінің кезінде-ақ көп әйел алуға құқық берілмеген. Тәуелсіздік алғаннан кейін қабылданған Конституцияның 1998 жылы енген «Отбасы және неке» туралы заңында азаматтарға бір ғана неке тіркеуге рұқсат етілгені анық айтылады.

Ал Өзбекстанда көп әйел алған адам үш жылға дейін, Қырғызстанда екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тәжікстан заңы бұл норманы сақтамаған азаматтарды екі жылдық түзету жұмыстарына жегеді немесе әкімшілік айыппұл төлетеді.

Екінші әйел нені талап ете алады?

Екінші неке ешқашан және ешбір жерде тіркелмегендіктен, ол әрқашан заңсыз болып есептеледі. Ажырасу фактісі орын алды делік. Демек, тоқал тағдыры сот отырысында, сот үдерісінде дәлелдермен нақтыланатын болса ғана оң бағытта шешілмек. Оның өзінде тоқалдың тарапында оның балалары және сыйлық есебінде рәсімделген мүліктер ғана қалады. Ол ер адамның жалпы дүниесіне талас туғыза алмайды.

Екінші некедегі балалар турасында

Егер әкесі тоқалдан туған баласын қабылдап, оған өзінің атын, тегін берсе, онда баланың мұрагерлік құқығы бар. Ал «Туу туралы куәлікте» «әкесі» деген орын бос тұрса, онда олардың туыстық қарым-қатынастары жоққа шығады.

Тренд тауқыметі осыншалықты ауыр екен-мыс. Бірақ бұл елдегі әйелдердің, әсіресе екінші некеге тұрған төмен етектілердің өз құқығын белшеден басып жатса да «қыңқ» демейтін көнбістігі - тыныштықты ұстап тұрған бірден бір тірек.

Топан су тобығынан келмейтіндердің тоқалға келгенде тартынбайтыны да осыдан болар, сірә...


Қамшы.kz

Просмотров материала: 1 203

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 179 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 000 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 971 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 911 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 892 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 487 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 242 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 268 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 727 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 855 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 025 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 314 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 309 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 550 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 135 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 698 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 831 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 959 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930