23 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Кемпірқосақ па, «кембірқосақ» па?

01 апрель 2019, 20:43
Кемпірқосақ па, «кембірқосақ» па?
Лайсаң, қарасуық наурыз айы орталаған уақыт. Аспанды ала-құла көктем бұлттары торлап, ескек жел екпіндей соқты. "Қардың басын қар алар жауып тұрып" дейтін уақыт қой, құс қанаты дейтін көктемнің ұсақ қарын күтіп барлық жан-жануар бүрісе қалғандай... Аяқ астынан жел саябырсып, себелеп ұсақ жауын басталып кетті. Кәдімгі жаңбыр, бірақ ерекше жаңбыр - биылғы көктемнің алғашқы жаңбыры! Ұзақ қыстан кейін келіп жеткен көктемнің алғашқы хабаршысы.

Сыбырлап терезеге тиіп, жыбырлап төмен сырғып ағып жатқан тамшылар сонааау балалық шақты еске түсірді... Тапал қоржын там... сайларына қар сүрленген қоңыр таулар... үлкен тасудың алдында тына қалған Базар өзені... сіркіреген алғашқы көктем жаңбыры... Апамыз марқұм бәрімізді далаға қуып шығар еді, "шығыңдар, үйге тығылмай, төсеңдер жаңбырға жалаң бастарыңды, дендерің сау болады"... Ол кісінің айтқаны-заң, мойнымыздан су сорғалап далада сүмірейіп тұрар едік. Апамның өзі де әппақ шаштарынан су сорғалап жүзі нұрланып, ауызы жыбырлап ұзааақ тұрар еді... Қазір ойласам, жарықтық тілеу тілейді екен ғой. Бір тамшыны бір періште әкеледі, солар пенденің тілеуін көкке алып кетеді деуші еді... Апамның тілеуі қабыл болды ма екен, бәріміз сол ұядан аман-есен ұшып-ұшып кеттік қой.

Әлі есімде сол жылғы көктем, шамамен төрт-бес жаста болуым керек. Сіркіреген ақ жауын аяқ астынан тына қалды. Көше жөнелген көктем бұлттарының арасынан күннің көзі көрінді де өзеннің ар жағындағы тау бөктеріне кемпірқосақ түзіле қалды. Тура қолмен қойғандай көздің жауын алып құлпырды дейсің! "Апааау, алақай, кемпірқосақ,әне,әне". Қуанышымда шек жоқ, құдды сол табиғат құбылысын өзім жасап келгендей жетісіп жүрмін. Содан кешке атамның сеңсең тонына оранып жатып ап апамнан сұраймын ғой, "кемпірқосақ деген немене, неге олай аталған" деп. Ішімнен ойлап қоям, әп-әйбәт осы көрініске кемпірдің не қатысы бар екен деп. Ішіне жарты шелек су сиятын ауыр шәугімнен буы бұрқыраған қою шәйді баса құйған апам ұзағынан көсілер еді. "Еее, балам-ай, атаң қазақ солай атап кеткен ғой, кемпірқосақ деп, әйтпесе оған кемпірдің ешқандай қатысы жоқ. Түнгі жұлдыздарды қорадағы қойындай түстеп-түгендеп, бес саусағындай білетін аталарың мұны да әбден зерттеген ғой. Анықтап қарап бұл Нұрдың жеті түстен түзілетінін тапқан екен. Және оның төртеуі негізгі түс те, үшеуі қосалқы түс, яки үш түс жұбымен біреуі жалқы түс. Былайша айтқанда үшеуі қосағымен, біреуі кем - қосақсыз. Содан барып КЕМБІРҚОСАҚ деген сөз шыққан. Бара-бара ауызекі сөзде кемпірқосақ болып қалыптасып кеткен".

Құрттың ұсақ сынықтарын тісіне басып қойып, апам шәйді ұзақ ішеді. Әңгімесі де ұзақ. Мүмкін басқалары тыңдап отқан шығар, ал мен аузымнан сілекейім ағып ұйықтап кеткелі қай заман... Бәлкім осы кезде қарсы тауға шығып кемпірқосаққа өрмелеп кеткен де болуым мүмкін... Содан бері жарты ғасырдай уақыт өтіп те кетіпті. Таулар орнында, өзен ағып жатыр, міне кемпірқосақ та тұр түзіліп, тек Апам жоқ, Атам да... Жаңбырға бастарын төсеп сексенге, тоқсанға аман жетіп еді, бірақ кәрілік деген дертке алғашқы жаңбыр суы көмектеспейді екен... Иманды болсын, жарықтықтар! Біздерге ең алғаш табиғат құпияларының сырын ашып, ең алғаш қалам ұстатып еді...

Сонымен, хош, бір ойды бір ой қозғайды, қазіргі әңгіме кемпірқосақ жайында емес пе еді? Кейін ес кіріп, етек жапқаннан кейін достардан сұрадым ғой, сендерде қалай айтылады деп. Қырғыз досым айтады, "бізде ол - КҮНДҮН ЖЕБЕСИ" деп («күннің жебесі» дегені болу керек), өзбек әкам айтады "бізде оны КӘМАЛАК дейді" деп. Орыс тамырым бұл құбылысты баяғыдан РАДУГА деп атап, өзінше қуанады екен... Мен үндемедім, Апамның әңгімесін бастан-аяқ айтып отырам ба... Сосын ойландым, соншалықты дарынды халқымыз, алғыр халқымыз, ат қоюға шебер халқымыз осы бір табиғат құбылысына басқа бір балама ат қалдырмады ма екен. Әлде бар шығар, біз естімей жүрген, қысқа-нұсқа, балалардың да айтуына қолайлы дегендей. Ол жағын енді көзқарақты оқырмандардың еншісіне қалдырдым...


Берікбол Сыддық, Abai.kz
Просмотров материала: 2 858

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 917 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 740 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 712 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 649 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 629 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 472 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 228 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 255 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 704 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 837 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 918 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 306 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 302 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 455 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 605 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 828 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 981 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 188 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 910 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 272 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930