14 мая 2021 г.

Мы в соц сетях:



Ажырасқан: Ақорда Тоқаевтың өмірбаянын жариялады

29 март 2019, 15:49
Ажырасқан: Ақорда Тоқаевтың өмірбаянын жариялады
Ақорда сайтында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяны жарияланды. Онда Тоқаевтың ажырасқаны жазылған, бұған дейін ашық мәліметтерде әйелі Надежда Давыдовна екені көрсетілген еді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Саламатты өмір салтын ұстанады. Көркем шығармаларды, саяси және мемуарлық бағыттағы әдебиеттерді оқығанды ұнатады. Ажырасқан. Ұлы – Тимур Қасым-Жомартұлы Тоқаев", - деп жазылған президенттің сайтында.

Бұған дейін Википедияда ел басшысының жұбайы 1957 жылғы Надежда Давыдовна Тоқаева екені көрсетілген еді. Ал қазір онда ол бұрынғы әйелі екені айтылған.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған. Әкесі – Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы. Шешесі – Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен.

Қ.К.Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институт бітірген. КСРО-ның Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өткен. 1983-1984 жылдар аралығында Бейжің лингвистика институтында тағылымдамадан өтті. 1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады.

Еңбек жолын 1975 жылы КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде бастап, Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшілігіне жұмысқа жолданған. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына оралады. 1984-1985 жылдар аралығында КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарып, кейіннен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігіне жіберілді. Онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында қызмет істейді.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалады. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды. 1994 жылы еліміздің Сыртқы істер министрі болып тағайындалады. 1999 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болды. 1999 жылғы қазанда Парламенттің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Премьер-Министр болып тағайындалды. 2002 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі болды. 2003-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. Бұл қызметте жаһандық ядролық қару-жарақты таратпау үдерісіне белсенді атсалысты.

2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып сайланды. 2008 жылы Қазақстан Парламентінің жоғары палатасының спикері ретінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланды.

2011 жылғы наурызда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференцияда БҰҰ Бас хатшысының жеке өкілі болып тағайындалды. Сонымен қатар Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын атқарды. ТМД-ның және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2013 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып қайта сайланды.

2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады.

2007 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының және осы партияның саяси кеңесі бюросының мүшесі. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі. Төтенше және Өкілетті Елші. Саяси ғылымдарының докторы. Дүниежүзілік гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі. Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы «Ғұламалар кеңесінің» мүшесі. Шэньчжэнь университетінің (ҚХР) және Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры. Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің құрметті президенті. Женева Дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің құрметті деканы. Ресей биографиялық қоғамының тұжырымы бойынша 2018 жылдың «Жыл адамы» лауреаттарының тізіміне енген. 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды.

Халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған 10 кітаптың авторы.
Просмотров материала: 1 740

Поделиться материалом


16:40 С 21 мая в аэропорт Алматы будут пускать по Ashyq... 61 Просмотров

16:30 Грузиядағы қазақ қызының өлімі: БАҚ-та күдіктіден алынған... 115 Просмотров

16:22 Хищения в Bank RBK: Жомарту Ертаеву смягчили приговор... 45 Просмотров

16:20 Тоқаев Финляндия президентін Қазақстанға ресми сапармен... 36 Просмотров

16:11 Двух подростков ограбили в роще Баума в Алматы... 45 Просмотров

16:02 Вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге бола ма –... 72 Просмотров

16:00 3 года будут ремонтировать "Казахфильм" после пожара... 64 Просмотров

15:47 ГАЗельден табыт ұшып, ішіндегі мәйіт домалап түсті... 181 Просмотров

15:40 Могут ли вакцинированные казахстанцы ходить без маски... 47 Просмотров

15:35 Министр күзде кімнің жалақысы өсуі мүмкін екенін айтты... 137 Просмотров

15:18 Тоқаев сынаған Бармақов мемлекеттік қызметке қайта келіп... 67 Просмотров

15:15 Сроки завершения учебного года и проведения экзаменов в... 63 Просмотров

15:02 Биыл күзде Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық... 79 Просмотров

15:01 Скандальную свиноферму в Актюбинской области оштрафовали на... 83 Просмотров

14:47 Бір жылда әр отбасы дәрі-дәрмекке қанша қаражат жұмсайды... 98 Просмотров

14:45 Назван средний размер пенсии в Казахстане... 88 Просмотров

14:33 Туысының көлігін ұрлап мінген: Шымкентте жасөспірім сұмдық... 111 Просмотров

14:32 Осужден экс-глава футбольного клуба "Иртыш"... 93 Просмотров

14:22 Т.Калиев: Такими темпами мы вряд ли сможем добиться... 75 Просмотров

14:19 Алматыда әуе апатынан зардап шеккендер жансақтау бөлімінен... 124 Просмотров

14:08 Туркестан: При содействии ведущей партии страны решаются... 80 Просмотров

14:05 Ақтоты Райымқұлова қызметтен кетуге дайын екендігін... 78 Просмотров

12:58 Заморозки до 1 градуса ожидаются в Казахстане... 87 Просмотров

12:55 Семейде жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі көпір астынан... 120 Просмотров

12:52 Маусым айынан бастап Алакөлге қосымша пойыздар жүре бастайды... 106 Просмотров

12:43 Всего треть казахстанцев увлечены спортом и ЗОЖ... 96 Просмотров

12:39 Желіде тас жолдан табылған бала туралы тарап жатқан ақпарат... 114 Просмотров

12:32 В Шымкенте несовершеннолетний угнал машину и сбил девушку... 86 Просмотров

12:23 Массовые беспорядки в Сатпаеве: суд вынес приговор... 92 Просмотров

12:20 Ақтоты Райымқұлова: Токио Олимпиадасына 53 лицензия жеңіп... 105 Просмотров

12:12 Как живут многодетные семьи в Акмолинской области... 88 Просмотров

12:03 4 человека пострадали в ДТП с автобусом в Павлодаре... 97 Просмотров

12:00 Ақтөбеде суға кеткен бүлдіршіндер туралы толық... 166 Просмотров

11:49 Есік пен Берелде визит орталықтары салынады... 92 Просмотров

11:44 Курс доллара резко вырос на торгах... 97 Просмотров

11:40 Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кинотуынды әзірленеді... 113 Просмотров

11:35 Составлен рейтинг министерств по реакции на поступающие... 118 Просмотров

11:24 Шымкентте ит иесінің мәйітін жеп қойды... 150 Просмотров

11:24 29 ДТП с участием самокатов и мопедов произошло в Алматы... 72 Просмотров

11:19 Алматы мен Нұр-Сұлтан ХҚО-лары құжаттарды үйге жеткізу... 92 Просмотров





Опрос


«    Май 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31