4 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елімізде соңғы жылдары бірнеше әуе апаты орын алды!

Бұл әуе апатынан бірден оншақты әскери қызметкер қаза тапқан еліміздегі екінші қайғылы оқиға. 2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент маңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Ан-72" әскери ұшағы апатқа ұшырап, бортындағы 27 адамның бәрі қаза тапқан еді. Олардың 20-сы әскери қызметкер, 7-еуі экипаж мүшелері болатын. Ал, осы жылдың басынан бері республикамызда осымен екінші мәрте тікұшақ апаты тіркеліп отыр. Жалпы кейінгі жылдарды саралайтын болсақ, Қазақстанда вертолеттердің түрлі себептерге байланысты апатқа ұшырау оқиғалары ара-тұра болып тұрады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.


Көпшіліктің қабырғасын қайыстырған бір оқиға 2016 жылдың 27 қаңтарында тіркелген еді. Ол кезде Алакөл ауданынан ауырған баланы Талдықорғандағы ауруханаға жеткізу үшін әуеге көтерліген тікұшақ діттеген жеріне жете алмай, орта жолда құлаған болатын. Борттағы пилот, дәрігер, фельдшер, науқас баланың өзі және анасы, барлығын қосқанда 5 адам қаза тапты.

Тағы бір тікұшақ апаты 2017 жылдың 27 ақпанында Шығыс Қазақстан облысында болды. Апаттан кейін бір тәулік өткен соң Аягөз қаласынан 60 шақырым қашықтықта әуе кемесінің қираған бөліктері табылды. Әуе көлігінің апатынан ұшқыш оқиға орнында жан тапсырған. Ал, бортта отырған Аягөз аудандық мәслихатының депутаты жеңіл жарақаттанған болатын. Марқұмның Алматы қаласының тұрғыны Петр Устинов екені анықталған еді. Ауған соғысының ардагері еліміздің шекара қызметінде жұмыс істеген. Марқұмның артында екі қызы қалды.

МИ-8 тікұшағы осыдан 2 жыл бұрын Ақтөбе облысында да апатқа ұшырады. Оның ішінде 4 адам отырған еді. Абырой болғанда ол кезде барлық борттағы адамдар аман қалған.

2017 жылдың қыркүйек айында Ақмола облысыда Ми-2 тікұшағы жерге қона бергенде істен шығып, салдарынан техника түгел жанып кеткен болатын. Борттағы пилоттар аздаған жарақат алып, техниктің денесі күйіп қалған болатын. Бұл жолы да сәтін салғанда тікұшақта болған барлық азамат тірі қалды.

Елорда маңында болған Ми-17 әскери тікұшағының қирауы әлі күнге көпшіліктің есінде болар. 2012 жылдың 22 тамызында таңғы 8-де оқу-жаттығу жасау үшін көкке көтерілген әуе кемесі сол беті аэродромға қайтып оралмады. Апат салдарынан бортта болған 4 адам көз жұмды. Еске салайық, бұл тікұшақ та Қорғаныс министрлігіне тиесілі еді.

Жуырдағы Алматыдағы қайғылы оқиға да жүрт жадында. Осы жылдың 17 қаңтары. Алатаудың бөктерінде тікұшақ апатқа ұшырап, пилот қаза тапқан болатын. Кейін марқұмның
Валентин Шитов деген азамат екені анықталды. Оның әріптестері тікұшақтың құлағанын ести сала оқиға орнына жеткенше асыққандарын айтса, Алатау шипажайының маңындағы үйлердің тұрғындары бәрін өз көздерімен көрген.

АНТОН ДЕМИДОВ, КУӘГЕР: «Гуілдеген қозғалтқыштың дауысын есітіп сыртқа шықсам, тура төбемнен ұшқан тікұшақты көрдім. Қозғалтқыштың қуаттылығын сөзбен айту қиын. Он минуттай айналып жүрді. Содан кейін құлаған қатты дыбыс естілді. Меніңше, ол төменнен емес, жоғары тау жақтан ұшып келгендей болды».

Қазақстандағы ең жоғарғы дәрежелі ұшқыштардың қатарына кіретін Шитовтың әріптестері оның қателік жасауы мүмкін еместігін айтқан еді. Өйткені, екі күннің бірінде дәл осы тікұшақпен ұшып, алдына кедергі болған талай құсқа да дрондарға да қарсы тұрғанын айтқан болатын. Қалың тұман да апатқа еш қатысы жоқ, дейді. Өйткені, ұшар алдында ауа-райын қадағалапты.

ИГОРЬ МЕДВЕДЕВ, МАРҚҰМНЫҢ ӘРІПТЕСІ: «Менде тек бір ғана нұсқа бар. Ол техниканың ақау болуы мүмкін. Валентиннің денсаулығы дейтіндей ол комиссиядан уқытында өтті. Мүмкін тікұшақтың бір құрылғысы сыр берді. Немесе дрон деген бәле бар».

Бұл көпшіліктің есінде қалған, БАҚ өкілдері тарата жазған оқиғалар. Әрбір тікұшақ апатынан кейін жауапты органдар тексеріс жүргізіп, «мұндай жағдайды болдырмас үшін барымызды саламыз» деген мәлімдеме жасайтын. Ағымдағы жылдың 3 айында тіркелген екінші қайғылы оқиғадан соң қандай шара қолға алынатынын уақыт көрсетеді.


Просмотров материала: 1 909

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 185 246 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 184 771 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 184 345 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 184 395 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 184 710 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 813 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 933 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 183 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 445 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 590 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 120 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 197 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 489 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 315 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 146 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 394 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 082 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 484 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 218 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 197 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 028 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 867 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 080 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 579 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 220 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 900 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 540 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 926 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 875 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 941 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 902 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 121 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 265 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728