29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Гауһар Әлімбековаға қатысты апелляциялық сот басталды

28 март 2019, 10:54
Гауһар Әлімбековаға қатысты апелляциялық сот басталды


Алматыда алаяқтық фактісі бойынша алты жылға сотталып, үш күннен соң қайта кепілдікпен шығарылған әнші Гауһар Әлімбековаға қатысты апелляциялық сот басталды. Жан құрбысын 40 мың долларға тақырға отырғызды деп айыпталған өнер иесі әлі де өз кінәсін мойндар емес. Қазір оны бір емес үш бірдей адвокат қорғауда. Бас адвокаты Сайрагүл Сауытбайды қорғап шыққаннан кейін атағы жер жарып тұрған Абзал Құспанов. Ал, жәбірленуші Бақыт Назарова бүгін адвокатсыз сотта сөз сөйледі. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Соңғы кезде концерт залдарынан гөрі сот залында жиі көрінетін Гауһар Әлімбекова бүгін тым сабырлы, әрі көңілді. Қолдаушылары да ғимарат ішін толтырды. Өнердегі әріптестері түрмеде жатқанында желіні шулатып бірінен соң бірі пікір қалдырып қолдағанымен, санаулысы ғана жүр. Бұған дейін қорғаушыларына көңілі толмаған соң ба, Абзал Құспанов қылмыстық істі қолға алыпты. Ол сот басталмай жатып бірден жәбірленуші тараптың адвокаты Құсайыновқа шүйлікті. Өйткені....

АБЗАЛ ҚҰСПАНОВ, ҚОРҒАУШЫ:

«ҚР 190 бабы 1 тармағы бойынша адвокаттар алқасы мүшесі Құсайыновқа қарсылық білдіремін. Одан барлық дәйектерді алып тастауды сұраймын»

Бір-біріне қарсы тарапқа кезек-кезек адвокат болған Құсайыновты төрт сағаттан соң судьялар да залдан шығарды. Сөйтіп, Абзал Құспановтың өтініші қанағаттандырылды. Жәбірленуші Бақыт Назарова созбаққа салынған соттан шаршаса керек, қорғаушысыз-ақ соттың жүруіне еш қарсылық білдірмеді. Ал, өткен сотта Әлімбекованы 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған прокурорлар бұл жолы үш жыл 4 ай ғана бас бостандығын шектеуді өтінді.

"Әлімбекова Гауһарды ҚР ҚК 190 бабы 3 тармағы бойынша үш жылға бас бостандығына шектеу жазасы тағайындалып, ҚР ҚК 44 бабы бойынша Әлімбековаға провациялық бақылау белгіленсін".

Тағы бір айта кететіні, о баста 36 адамды алдап, ақшаларын алған Феруза Ордабаева есімді азамат қазір түрмеде. Әншінің адвокаттары Аққент тұрғын үй кешенінен баспаналы болып, үш жылдан соң қуылған тұрғындарға «Арт Аутхаузинг» компаниясының өкілдері еш тергеуге қатыспағанына аң-таң. Бар ақша солардың қалтасында кетті деген пікірде. Өйткені, сол аралықта ешқайсынан несиені төлеулерін талап етпей, басшылары да ауысыпты.

АБЗАЛ ҚҰСПАНОВ, ҚОРҒАУШЫ:

«Тек қана Ерхан Оспан мырза Түркияға кетіп қалған соң басқа басшы келген. Осыны талап етіп сотқа берген. Бөліп төлеуге міндеттеп, 120 отбасы азаматтық сот бойынша шығарылған».

Ал, Гауһар Әлімбекова о бастағы сөзінен таяр емес. Егер бұрынғы құрбымнан ақшаны алсам, үш концерт беріп әлдеқашан өтеп тастар едім дейді. Алайда, олар өз қолдарымен Ордабаеваға санап берген. Мен бар болғаны таныстырушы дәнекермін, деді.

ГАУҺАР ӘЛІМБЕКОВА АЙЫПТАЛУШЫ:

«Ақша алған жоқпын, оны үш жылдан бері айтып келе жатырмын. Тағы да қайталап айтамын. Ақшаны алған жоқпын. Ұлы екеуі келісіп алып, солай жала жауып отыр маған. Ешқандай да ақша алған жоқпын. Әкелген жоқ».

Бірақ, бүгін адвокатсыз қалған Бақыт Назарова әуелі ұлым әншінің үйіне барып 14 мың доллар берді, кейін өзім қолына 26 мың доллар ұстаттым дейді. Жан досы болған соң иманындай сеніп ешбір қол хат алмағанын айтады. Несиеге кіріп, тығырықтан қалай шығарын білмей, қаржысын сұрағанымен Әлімбекова қайтармаған. Әлі тек сот арқылы жеткен соң арыз жаздым деп отыр.

БАҚЫТ НАЗАРОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

«Менің шығынымды толық өтеп берген жағдайда ғана мен медиацияға дайынмын. Менің шығыным толығымен орнына түскен жағдайда келісім беремін, медиацияға дайынмын».

Одан бөлек, Бақыт Назарова қазір көшеде жүріп тұрудан қалғанын айтты. Әншінің жанкүйерлері саусақпен шұқып, балағаттайтын болған. Тіпті, қара базарға келіп, қоқан лоқы көрсеткендері де бар дейді. Егер әнші үш концертінен түскен қаржыны берсе, сотқа жүгінбес едім деп жыларман күйде. Тек медиациалық келісімге де көнбей отыр, дейді. Мақсатым соттату емес, шығынымды қайтару деді. Сөйтіп, таңертең бір сағатқа түстен кейін үш сағатқа созылған сотта екі тарап ешбір келісімге келмей тарасты. Келесі сот отырысы енді 2 сәуірге белгіленді.


Просмотров материала: 1 709

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 605 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 444 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 431 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 367 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 323 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 635 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 397 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 313 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 225 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 292 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 380 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 446 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031